Файл: Презентацияа ойылатын жалпы талаптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Практикалық жұмыс 3Мультимедиялық презентациялар және оған қойылатын талаптарПрезентацияға қойылатын жалпы талаптар. Презентацияның құрылымы Презентацияның құрылымы Презентация слайдтардан тұрады. Бір ережені дұрыс ұстанған жөн: бір слайд – бір ой. Егер презентацияда тезис пен бірнеше дәлел келтірілсе ол сенімдірек шығады. Слайдта отыз сөз бен бес тараудан артық қолданбау керек. Тақырыбын мазмұнды, шрифт көлемі – 18 пт.аспауы тиіс. Әдетте презентация мазмұнының жоспары төмендегідей болады: 1. Алғашқы беті (титул). Бірінші слайдта презентациянның атауы, автор туралы ақпарат беріледі. 2. Мазмұны. Бұл жерде презентацияның жоспары, негізгі тараулары, қарастырылатын сұрақтар жазылады. 3. Тараудың тақырыбы. 4. Қысқаша ақпарат. Үшінші және төртінші тараулар қажетінше қайталанады. Бұл жерде: тезис – дәлел – қорытынды сақталуы керек.5. Шешімдер. Шешім бөлек слайдта анық көрсетілуі қажет.6. Назарларыңызға рахмет. Бұл жерде де автордың нақты ақпараты жазылуы керек. Сіз айтқыңыз келгеннің барлығын слайдқа салу міндетті емес. Бұл жерге тек аудитория жақсы қабылдайтын тезистер, термин сөздер, суреттер, сұлбалар, диаграммалар болғаны жөн. Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар Презентацияны рәсімдеу кезінде екі блок ереже көрсетіледі: 1. Ақпартты таныстыру. 2. Слайдтардың безендірілуі. Презентацияны сапалы құру үшін оны безендіруге қойылатын бірнеше талаптарды ұстану қажет.