ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты | "Тәуелсіздік - Ұлы дала ұрпағына аманат" | |
Күні | 15.12.2022 | |
Сынып жетекші: | Сайлыбаева С.М | |
Сыныбы: 7 в | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: | Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу | |
Құндылықтарды дарыту | | |
Ресімдеу | Слайд,презентация, бейнеролик | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | нақыл сөзбен жазылған плакаттар, жалауша, шарлар, жеке суреттер, | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Республика! Ерікті ел – Қазақстан! Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге. Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме. «Ой ашар» кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз не? | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. – Тәуелсіздік! | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Т – Тәуелсіз елде тұрағым, Тәуелсіздік жыр әнім Ә – Әспеттеп салт пен әдетті, боламыз бала әдепті У – Уәдеге берік боламыз, досқа серік боламыз Е – Елім деп мен жар салам, еліммен мақтанам Л – Лайым болсын ел аман, несібесі мол заман. С – Сенімін елдің ақтаймыз, жақсы істер жасаймыз. І – Ізгілік нұрын шашатын, жасасын Қазақстаным! З – Зейінге бәрін тоқимыз, сабақты «5»-ке оқимыз Д - Даламыздай кең пейілді, мақтан тұтам елімді І - Ізетті бала боламыз, үлкеннің тілін аламыз. К - Келешекке нық басқан, біз бақытты балдырған! Қандай сөз шықты балалар? | Оқушыларға «Тәуелсіздік»жетістіктері туралы бейнематериал көрсетіледі -Тәуелсіздік | бейнежазба |
Ортасы (20 мин) | «Поэзия минуты» 1. Егемендік – иесімін деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз. Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып осы келген кез. 2. «Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші, «Тәуелсіздік» деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі. 3.Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! | -Оқушылар тақпақтарын айтады | жалаушалар |
Соңы | Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған, ақ найзаның ұшымен елді жаудан қорғаған батыр аталарымыз бен желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған қыршын кеткен жастарды құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұру сұралады. | Ән: «Желтоқсан желі» | Музыка қосылады |