ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурыз арналған «Ауылымның ақ қанат арулары» атты кештің сценариі
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау және оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
1. Би флешмоб «Арыс жағасында»
2.(фанфармен жүргізушілер ортаға шығады)
Рамазан:Армысыздар қадірменді ханымдар,аяулы арулар!Көктемді қанатына қондырып,әлемге шуақ сыйлаған 8-наурыз халықаралық аналар, арулар күні
құтты болсын!
Дина: Эпостағы Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным аналардың сіңілелері, ардақты арулар! Өздеріңізге арналған «Ауылымның ақ қанат арулары» атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Рамазан: Аналар мерекесі кезінде табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға не жетсін!Ұстаздар қауымын, аяулы аруларымызды, колледж – ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі Алматы Мемлекеттік Көлік және Коммуникациялар колледжінің директоры,техника ғылымдарының кандидаты Нүсіпбеков Ержан Серікұлына беріледі.
Рамазан: Қымбатты арулар! Өздеріңізге арналған мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен дөп келуі қандай тамаша!
Дина: Қазақ қыздарының ежелден жер қорғап, билік тізгінін ұстағаны белгілі. Осы қасиет әлі де жалғасын табуда. Әрі отбасында бала өсіріп, әрі мемлекеттік істерге араласып жүрген ұстаздық етуден жалықпай еңбек етіп жүрген арулар қандай құрметке болса да лайық!
Рамазан: Олай болса Дина жан сахна төрін небір қилы замандарда қажымай,талмай еңбек етіп,өз ұлтын,отбасын жерін сақтап қалған және өздерінің нәзіктіктерін жоғалтпаған қазақ аруларының өмірін сипаттайтын "Қазақтың қызы" монологы.
Рамазан: Бізге қажымас қайрат беретін, таусылмас нәр, күш – қуат беретін аналар! Аристотель, Фирдауси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Қайрат, Нұрсұлтан да сол ананың ұрпағы. Бәрі ананың ақ сүтін емген.
Дина:
Шабытым шалқып келгенде, шарықтап самғап қалайын,
Жырымнан тізіп ақ моншақ, мойныңа алқа тағайын.
Өлеңнен соғып ән мүсін, тойыңа шашу шашайын,
Асылым, анам, сен үшін сырымды бүгін ашайын!- сахна төрінде АЭСЖД бөлімі аяулы ұстаздары. Қарсы алыңыздар!
(Тақиялы періште)
Дина: Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде егер ана болмаса осылайша,
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық!
Рамазан: Сіздердің назарларыңызға колледжіміздің студенттері дайындаған «Соқыр ана» көрінісін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
Рамазан: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Дина: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып, майда басып.
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады мектебімнің арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Музыкалық номер: Аяулым мен Аңсар «Ана туралы жыр (ән)»
Рамазан: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді!» Құрметті арулар, асыл жандар! Өздеріңізге арнап жыр жазбаған ақын, ән арнамаған сазгер бар ма?
Дина: Қылқалам шеберлері нәзік жандардың хас сұлулығын шығармашылығына арқау етіп, бүкіл әлемге сұлулықты паш етеді!
Бүгінгі мерекелік кешке колледжіміздің «Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, асқақ шыңдарды бағындырған, қонар тұғырлары биік жігерлі азаматтарына сахна төрін ұсынамыз!
(Музыкалық номер)
Соңы
Дина:
Арулар – Асыл жандар!
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз, -
Рамазан:Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!