ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? - деп.
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз -
Жандарынан жалын атты.
Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Жас ұрпақ, асыр сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!
Ұлы Жеңіс!
Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата - анамыз!
Шаттан ата - бабамыз!
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.
Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса,
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса.
Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Жеңем деген ел сөзі!
Түрды ажалдан жоғары.
Өмір,адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ
Тұрды ажалдан жоғары,
Өмір нұры жарқырап.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар,
Жиырма сегіз мың болып.
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ
Ол-біздің Қазақстан!
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды
Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім?
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржан біздің атамыз.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де -
Жеңіс күні, шырағым!
Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.
Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.
Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Ұлы Отан соғысы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу ауылы
«Шилісу негізгі мектебі» КММ–сінің
4-сынып оқушысы: Ердәулетқызы Шаймира
Жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевна
Жеңіс туы желбіреген кездерде,
Қуаныштың жасы үйірілген көздерге.
Отан үшін отқа түскен аянбай,
Батырлықтың рухы мұра біздерге.
Ұлы Жеңіс тарихтада жырланған,
Тебіренер еске алса әр халық.
** жылдық мерей тойы жеңістің
Ардагерлер рухына бағыштайық!
Жеңіс күні ұлы күн,
Бейбіт күнді жалғаған.
Жеңіс күні ұлы күн,
Бар тыныштық орнаған
Енді соғыс болмасын,
Жаратқаным жар болып.
Бейбіт күн мәңгі орнасын,
Шырайлы атар таң болып.
Қанмен келген — бұл жеңіс,
Жанмен келген — бұл жеңіс.
Тоғызыншы мамырда,
Еске алар күн — бұл тегіс...
Тоғызыншы мамырда,
Жеңіс күнін тойлаймыз.
Жанын берген соғыста,
Майдангерді ойлаймыз.
Бүгінгі жеңіс күнінде,
Еске аламыз сол күнді.
Сезінеміз, естиміз,
Қанды шайқас сол үнді.
Тоғызыншы мамыр бұл,
Қуаныш пен мұңы бар.
Жеңіс күні еске алар,
Ардагердің сыры бар.
Тоғызыншы мамыр бұл,
Жеңіс күні ағайын.
Бітіп қанды соғыс бұл,
Нұрландырған маңайын.