Файл: 1нса. І. Мтінді мият оы жне сратара жауап берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 77

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-нұсқа.І. Мәтінді мұқият оқы және сұрақтарға жауап беріңіз.Қазақ халқы өзіңің сан ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Кезінде жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ жерін бағындыру және отарлауы барысында халқымыз орны толмас шығынға ұшырады. Кеңес заманындағы ұжымдастыру, индустрияландыру саясаты қазақ халқының екіден бірін жойды. Елдің аштықтан, репрессиялардан саны азайып кетті. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың басынан Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстар қоныс аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және тың игеру жылдары Қазақстандағы халықтың құрамы күрт өзгерді, Қазақстан көп этносты мемлекетке айналды. Қазіргі күні жер бетінде 3000-дай этнос өкілдері өмір сүрсе, солардың 130-ға жуық өкілдері Қазақстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сияқты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата заңында дініне, тіліне, шыққан ьегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Біздің отанымызда басқа ұлт өкілдеріне кемдік немесе артықшылық көрсетілмейді. Қазақ жерін мекендеген аз этнос өкілдеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырады, жастарына жоғары оқу орындарына түсуге, ересектеріне жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер берілген. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос біреу, ол – қазақ этносы. Жер бетінде этнос көп, ал олардың ішінде мемлекет құрғаны тек 200-дей ғана. Әлем халықтарының арасында саны жағынан қазақтар 70-орынды иеленсе, ал өсу қарқыны жағынан жоғары орында.

  1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
А/ мемлекеттік тіл туралыВ/ мемлекеттік мерекелер туралыС/ демография және қоршаған орта туралыД/ этникалық жағдаяттар туралыЕ/ бақытты өмір сүру туралы

  1. Қазақ халқы тарихында нелерді басынан кешкенін анықтаңыз. А/ қиын-қыстау кезеңдерді
В/ мұң-қайғы зардаптарынС/ мәз-мейрам уақыттарынД/ ақылды шешімдердіЕ/ өзгермеі әлемді

  1. Жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүретінін көрсетіңіз.
А/ 130-ға жуықВ/ 3000-дайС/ 300-дейД/ 70- тейЕ/ 100-дей

  1. Ұлттардың тең екені қайда жазылғанын белгілеңіз.
А/ Мемлекеттік тіл туралы заңындаВ/ Мемлекеттік мерекелер туралы заңында
С/ ҚР –сының Ата заңындаД/ Білім беру және денсаулық сақтау туралы заңындаЕ/ Еңбек кодексінде

  1. Ресейдің ішкі өлкелерінен орыстар қашан қоңыс аударғанын анықтаңыз.
А/ ХХ ғасырдың ортасындаВ/ ХХ ғасырдың соңындаС/ ХІХ ғасырдың ортасындаД/ ХІХ ғасырдың басындаЕ/ ХХІ ғасырдың басында

  1. Елдің саны қай жағдайлардан азайып кеткенін табыңыз.
А/ дерттерденВ/ аштықтанС/ өрттерденД/ урбанизацияданЕ/ қоршаған ортадан

  1. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этностың түрін белгілеңіз.
А/ қазақ этносыВ/ халық этносыС/ көшпелі этосыД/ отарлау этносыЕ/ қоршаған этнос

  1. Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне кімдер күш салуда екенін көрсетіңіз.
А/ қоршаған ортаВ/ қазақ балаларыС/ мектеп оқушыларыД/ үлкен адамдарЕ/ этнос өкілдері

  1. Әлем халықтарының арасында қазақтар нешінші орында екенін көрсетіңіз.
А/ 130-шыВ/ 3000-шыС/ 300-шыД/ 70- шіЕ/ 100-ші

  1. Қазақ жерін мекендеген этнос жастарынын мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
А/ барлық ем түрлерін қабылдауғаВ/ жоғары оқу орнына түсугеС/ жұмыс таңдауғаД/ демографияны өзгертугеЕ/ құжаттарды рәсімдеуге