Файл: Крнекілігі лы Отан соысыны батырлары, интерактифті тата. йымдастыру блімі Малімні кіріспе сзі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 80
Скачиваний: 1
Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.Біріктіріп үміті мен тілегін,Біріктіріп барлық күші, жігерін.Ана үшін, бала үшін, жер үшін,Жасқанбастан тосты отқа жүрегін.Иә, балалар, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Апаларымыз, аталарымыз ерлікпен Отанымызды қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімдері аңызға айналып, тарих бетінде «Батыр» деп жазылды. Олардың ішінде жазушы, батыр ағаларымызда болды. Олар: Қ.Қайсенов, Қ.Аманжолов, Б.Момышұлы, Б.Бұлқышов, Ә.Нұршайықов, Ә.Шарыпов т.б. Екі мәрте совет одағының Батыры атағын алған ержүрек ерлерімізде бар. Ол Талғат Бигелдинов.3 – слайд. «Ер есімі – ел есінде» ТЖ(Батыр аға, апаларымызға хат жазу жұмысы). 4 – видеоролик. Б.Момышұлының өз дауысы.Білгірлер сөйлейді (таратпа қағаздарын оқып бірін бірі тыңдатады)Мұғалім: 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті. Бүкіл халықтық «Жеңіс қоры» құрылып, оған өз үлестерін қосып жатты. Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Жеңіс! Жеңіс! Бұл сөзді есту үшін жұрт төрт жыл күтті. Жеңіс келді, бірақ көптеген адамның Жеңістен күткен үміті, күткен адамдары келген жоқ. Көптеген ананаң баласы, жары, қаншама баланың әкесі соғыстан оралмады.Қорытынды: Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.Биік ұш бейбітшілік көгершіні,Асып өт, нелер мұхит, не бір шыңды.Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,Әлем жас ұрпағының өршіл үні.Хор: «Жойылсын соғыс!»500 –ге жуық Қазақстандық «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз қазақ Талғат Бегельдинов. Аты аңызға айналған ұшқыш - шабуылшы «Қазақ сұңқары» . Әуе барлаушысы. Жауынгерлік ұшу сапары 305 рет.Қазақстандық батыр ұшқыштар : Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский
.
Кеңес одағының батырын алған Қазақстандықтар:
Сұлтан Баймағамбетов-. 1943 жылы 25 шілдеде Ленинград қоршауын бұзып өту кезеңіндегі Синявин шоқысында пулемет амбразурасын кеудесімен жапты.
Мәлік Ғабдуллин – батыр панфиловшы, жазушы . Жасағымен қоршауға түсіп, жауға тылдан шабуыл жасады. Жауынгерлерін аман алып шықты. Бір шайқаста оның ротасы неміс гарнизонына шабуыл жасады. Жаудың саны төрт есе көп болды.
Төлеген Тоқтаров – батыр панфиловшы. Ішінен ауыр жараланған ол жау шабуылын жалғыз өзі тойтарды.Оғы таусылған соң қолма қол ұрысқа көшті. Бородино селосы маңында ерлікпен қаза тапты.
Қасым Қайсенов – батыр, партизан. Әйгілі диверсант барлаушы. Жау тылына түсірілді. Украина, Молдавия, Чехословакия, Румынияда партизан қозғалысын ұйымдастыруға қатысты.
Мәншүк Маметова – пулеметші , Кеңес Одағының Батыры атағын алған тұңғыш қазақ қызы. Ауыр жараланса да өлімге бас тігіп жалғыз өзі фашистердің шабуылын тойтарды. 5 сағат бойы оқ жаудырып, қаруластарын қорғады. 21 жасында қаза тапты.
Әлия Молдағұлова - мерген, Кеңес Одағының батыры. Жаудың 78 әскерінің көзін жойды. Жарааланса да қоян қолтық ұрысқа түсті. Жауынгерлерді 6 рет ұрысқа бастады. 19 жасында қаза тапты.
Хиуаз Доспанова – қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш қыз еді. 300 рет жауынгерлік ұшу сапарына шықты. «Түнгі мыстандар» эскадрильясының атқыш – штурманы. «Кукурузник аталған ағаш ұшақпен түнде ғана ұшты.
Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге жауынгерлік Қызыл туды Рейхстагқа бірінші болып тікті. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.