Файл: Негізгіимылозалысжаттыуларыныбайланысынанытайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 395

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу

Оқушылардың көбі:Белсенді орындайды.

Оқушылардың кейбірі:Қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды көрсетеді

Бағалау критерииі

Негізгіқимыл-қозғалысжаттығуларыныңбайланысынанықтайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру ,

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде

5 .Жылдамдыққа жүгіру

6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында





Қол шапалақ


Ұялы телефон


Ортасы

«Құрбақаны ұста». Барлық

ойыншылар (шектелген алаңда) алға

қойылған қолдарды тіреп, тізерлеп тұру

күйіне келеді. Осы күйде алаң шегінен

тысқары екі жүргізуші тұрады. Олар

сигнал бойынша алаңда «құрбақаша»

(кезекпен қолды және аяқты тіреу

арқылы) секіреді және осылайша жылжу

арқылы ойыншыға жақындауға және

олардың ішінен біреуін ұстап алуға

тырысады. Олар «құрбақа» болып қаша

алады. Ешкімге ойын барысында

қолдарын еденнен алып, жүресінен

отыруға рұқсат етілмейді. Алға немесе

артқа екі аяқ немесе қол арқылы секіріп,

жылжуға болады. Жүргізуші ұстап алған

кез келген оқушы жаңа «құрбақа»

болады және басқа ойыншыларды

ұстауға кіріседі. Соңғы ұсталған

ойыншы жеңімпаз болады.

Қызықты эстафета

Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

 v Доппен жарыс

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

 v Сыңар аяқ ойыны

Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

 v Таяқща және секіртпемен секіру ойыны

Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді.

 v Бір-бірінің үстінен секіру ойыны

Сапта тұрған  балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала  олардың  үстінен  аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да  осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

 

v Негізгі эстафеталық ойын

Бұл ойынға  әр коандададн үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында  тұрып, бір-бірден  залды айналып  жүгіріп, келесі ойыншыға  таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңске жетеді

«Капитанға бағытталған доп»
Дайындық кезеңі. Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді; әрбір команда капитанды және аулаушыны таңдайды. Орталық шеңберге капитандар орналасады.
Ойынның мазмұны. Топ басшылары ысқырық белгісі берілген кезде допты жерге тастайды. Допты игерген команданың әрбір ойыншысы оны ұшқан күйінде қағып алатындай етіп өз аулаушысына лақтырып беруге ұмтылады. Осы кезде ұшып бара жатқан допты басқа команданың аулаушысы қағып алса, сол үшін ұпай иеленеді. Жеңімпаз ең көп ұпай алған команда болып табылады.
Ойын ережесі. 1. Доппен жүгіруге рұқсат етілмейді, ойыншы екі қадам жасауға болады, үшіншісінде допты басқа ойыншыға беру керек. 2. Егер аулаушы допты ауада немесе қарсыластың серпілісі кезінде қағып алса, доп ұсталынған болып есептеледі. 3. Бір уақытта екі ойыншы допты қағып алса, онда дауды шешуші доп беріледі.


Оқушылар түсінігін талқылау, көрсету топтық ойын жақсарту туралы белсенділігі туралы әлеуметтік дағдыларды түсіну және көрсету

қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру

Оқушылары қысқа қашықтыққа жүгіруді көрсетеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік, батылдық қасиеттерін көрсетеді


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ

Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

Сабақтың соңы


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жүгіру неше кезеңнен тұрады және әр кезеңнің ережесі?

  2. Жүгіру кезінде қандай қасиеттер дамиды?

  3. Жүгіру кезінде тепе-теңдікті сақтау маңызды ма?

Неліктен екенін айта аласыңдар ма?

Жүгірген кезде ішкі құрлыстарымыз ауыру себебін айта аласыздар ма?

Оқушылар бір-бірінің орындаған жаттығуларын «басбармақ» әдісі арқылы бағалай алады. Оқушылар сабақта түсінбеген жаттығуларын, мұғалімге қоятын сұрақтары және сабақтан әсерлерін стикерге жазып кері байланыс тақтасына жапсырып кетеді.Сабақ топ бойынша бағаланады.
Кері байланыс

Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).

Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:

1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады және түснеді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынын орындай алады.Оқушылар өз жолақтарымен жүруді меңгерді.


Бағалау критерииі

Қысқа қашықтыққа жүгіру барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болады және басқа топқа түсіндіре алды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 10-15 мин.

Ұйымдасқан түрде мектеп спорт залына кіріп бір қатарға сапқа тұру. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. «Түзеліңдер!»«Тік тұрыңдар!»

«Сәлеметсіздер ме?Еркін тұрыңдар.»

Сыныпты тексеру.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Оңға, солға, кері айнал!

Жалпы денені қыздыру жаттығулары.

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қол желкеде өкшемен жүру

3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру

4. Қол алда жартылай отырып жүру

5. Қол белде толық отырып жүру

6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру

2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру

3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру

4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру

5. Қол белде жанымызбен жүгіру

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар:

1)Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

2) Дене (кеуде,арқа,қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

3) Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер


Ортасы

-Жеңіл атлетика сабақтарында қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

-Жеңіл атлетикасының техникалық қауіпсіздігін қайталау.

-Жеңіл атлетика спортының олимпиада чемпиондарына кысқаша мәлімет.
Үй жануарлар жанұясымен топтастыру (тауық,ит, жылқы). Топ жетекшісі анықталып,оған бағалау парақтары тапсырылып түсіндіріледі. Төменгі сөреден қысқа қашықтық 30 м-ге жүгіру техникасын көрсеткішін мультимедиялық тақтадан суреттер көрсету арқылы түсіндірем.Әр топқа сөреде тұру техникасын, сөреден тез жылдамдық алу техникасын, мәреге жеткенде қолданылатын техникасын көрсетуді тапсыру.Оқушылар техниканы көрсетеді

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

  • - «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп, бір-бір жарым қадам санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне және итеретін аяқты алдыңғы ұшына қойып, итермейтін аяқтың тізесі, итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде болады, салмақ қолға түседі.

  • «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам басып, қолды алға-артқа сермеп жүгіреді.

  • Оқушыларды уақытты есепке алып қысқа қашықтыққа жүгірту.


«Қатені тап» білімді пысықтау ойыны. (10мин) Белгіленген уақытта әр топқа өтілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады, бірақ суретте қате болу керек,келесі топ сол қатені табу керек. Оқушылар сурет салады, сурет бойынша өз ойларын ортаға салып талқылайды
Оқушылар сыныптастарының жұмысын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды


Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді,

жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады және түснеді

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау

Спорт алаңы,

секундомер

Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер


Сабақтыңсоңы


Қалыптастырушы бағалау. «Социаграмма» әдісі:

Тапсырма: оқушылар сабақтан қаншалықты дәрежеде тың мәліметтерді алғанын шәкіл тұсына белгілейді.

Кері байланыс

Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қауіпсіздік ережесі.

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, қысқа қашықтыққа жүгіру дағдыларын біледі және орындайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың көпшілігі қысқа қашықтыққа жүгіру жатығуын орындай алады және қауіпсіздік техникасын түсінеді

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру техникаларын толық орындайды және басқаларына көрсетіп үйретеді және қауіпсіздік техникасын сақтай біледі.




Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай отырып және өзара қарым-қатынас арқылы жаттығуларды орындайды




Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Жүгіру секіру реттілігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.1 - түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың мақсаты


оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйренеді, көрсеткіштерімен таныстыру;

Оқушыларға сабақта жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді меңгерту

Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру.

Жүгіру техникасы.

Бір орыннан секіру техникасы.

Ұшу және орнығу

Бағалау критерииі

Сөреге дұрыс туруын үйрету

Сөреден дұрыс старт алу

Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасауы

Мәреге жету техникасы

Барлық оқушылар; жаттығуларды біледі

Оқушылардың көбісі; Жабдықтарды жаттығулармен бірге қолдана алады

Оқушылардың кейбірі: Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес береді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу, сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттармен және жетістік критерилермен танысу. Спорттық киімін тексеру.

.Жүру,орташа қалыпта жүгіру,алаңның оң жағынан сол жағына қарай.

1.Аяқ қолды босата аяқ ұшымен жеңіл жүру.

2.Аяқты алға түзу лақтыра жүгіре жүру.

3.Аяқты артқа,қолға жеткізе жүру.

4.Бір аяқтан екінші аяққа секіре,ауысып жүру.

5.Тізені биікке көтере секіре жүру.

6.Жылдамдыққа жарыса жүгіру.

7.Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп,түсіру.

Ж.К.Д.Ж. орында

1.Б.Қ.

1-қолды екі жаққа созу

2.-қолды жоғары

3.- қолды екі жаққа

4.-Б.Қ.

2.Б.Қ.Қолды желкеге,аяқ иық көлемінде.

1-2 тұлғаны бұру ,солға

3-4 оңға

3.Б.Қ. Аяқ иық көлемінде

1-алға ұмтылу

2-артқа

3-солға

4-оңға

4. Б.Қ.Н.Т.

1-алға еңкею

2-қолды жоғары соза

3-жүрелей отыру,қолды алға соза

4-Б.Қ.

5.Б.Қ.Аяқты иықтан кейін қою. «Диірмен» жаттығуын орындау

6.Б. Қ

1-2 тізені бүге алға ұмтылу

3-4-180 қа бұрылу

7.Б.Қ.Н.Т.

1-тіреле отыру

2-аяқты соза жүрелеу

3-отыру

4-Б.Қ.

8.Секіру 1.2.3 ,-жоғары 4 - бұрылу 360

Қатарға тұру 1.2 - ге санап,топқа бөліну

1.Сап қатар құру екіден,төрттен қозғалыстағы бұрылу жаттығулары

Оқушы өз жұбын табады

Сұрақ жауап орындады

Қол шапалақ



Ысқырық, секундамер


Ортасы


Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.

1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшына қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.

«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет.

Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасауыды көрсету

Мәреге жету техникасын дұрыс сақтауды

Барлық оқушылар; жаттығуларды дұрыс орындайдыді

Оқушылардың көбісі; Жабдықтарды жаттығулармен бірге қолдана алады


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау


ҚБ От шашу

ҚБ Бағдаршам



Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

Сабақтыңсоңы





  • Сабаққа белсенді қатыстым, аз да болса топқа пайдам тиді.

  • Сабақта берілген материалдарды түсіндім, өзіме қажеттісін алдым.

  • Сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы