Файл: Сынып 8 б мектеп Сайрам атындаы жалпы орта мектебі жшс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 8 Б Мектеп: «Сайрам» атындағы жалпы орта мектебі ЖШС Мұғалім: Джавланова Г. ІІІ тоқсан | Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыру | |
Бүгін сабақта:
| |
Бесеудің хаты – қазақ зиялыларының БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жолдаған хатты (1932 ж 4 шілде). Жазалау шаралары – кек алудың, жазалаудың түрлері ГУЛАГ – лагерьлердің Бас басқармасы ОГПУ – Біріккен Мемлекеттік Саяси ұйым | |
Оқушылар! Күштеп ұжымдастыру саясатының ауылшаруашылығына тигізген зардаптары туралы мәліметтерді өткен сабағымызда қарастырдық. Бүгінгі сабағымызда осы тақырып бойынша ары қарай ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарытуралы мәліметтерді білеміз. Қазақ зиялыларының «Кіші қазан» бағытына қарсылығын қарастырамыз. | |
Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары. Ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптары Аштықтан 2 млн 100 мың қазақ қырылды. Ауылшаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою. Шаруалар көтерілістері. Халықтың жаппай қоныс аударуы. | |
Шаруалар көтірілісі 1929 жылы Сырдария, Қостанай округтерінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Созақ ауданында ірі бой көрсетуі болып өтті. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатысты | |
ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды 1930- 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға жетті 1932- 1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен | |
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ЖОЛЫНДА БІРІККЕН АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫ | |
Қазақ зиялыларының қарсылығы. 1926-1928 жылдары үкімет мекемелерінде қызмет ететін ауылшаруашылық мамандары, ұлт зиялылары (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б) қазақтардың дәстүрлі малшаруашылығының дала жағдайларына нұғырлым қолайлы екендігін ашық айтты. | |
Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы О.Исаев қазақ халқының мүшкіл жағдай жөнінде Сталинге жазған хатында хабарлады. Онда қазақтардың басқа аймақтар мен республикаларға жаппай қоныс аударуының күшейіп, қазақ халқы жағдайының өте ауырлай түскені айтылады. | |
Тұрар Рұсқылов та 1933 жылы Сталинге жазған хатында қазақ халқының мүшкіл жағдайын көрсетіп, жаздың соңына дейін қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауіпті дәрежеге дейін көтерілетінін ескертті. | |
«Бесеудің хаты» Бесеудің хаты – қазақ зиялыларының БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жолдаған хатты (1932 ж 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. | |
Хаттың авторлары: Жазушы Ғабит Мүсірепов (1902-1985) Қазақ мемлекеттік баспасының менгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1937) Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков(1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев(1904 — 1982) Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығыҚадыр Қуанышев (1906 — 1938) қуғынға ұшыратылды. | |
1 тапсырма Қазақ зиялыларының Сталин мен Үкімет органдарына жазған хаттарында не айтылды, хатқа қол қойғандардың тағдыры қалай аяқталды. | |
Жауабы: Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. Алайда бұл көзқарастың айқын жақтастары қуғындаудың құрбандарына айналды. | |
2 тапсырма Дерекпен жұмыс .....Нағыз көзбояушылар, көпірме жоспарлар жасаушылар, оның үстіне өздеріне жүктелген нақты іс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрі де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсіп саласындағы жетістіктерге арқа сүйеген, жер органдары мен ауылшаруашылығы кооперативтері одағының мүшелері неге бүкіл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды? Бұл қай деректен алынды? Авторлардың хатты жазудағы мақсаты неде? | |
Жауабы «Бесеудің хаты» ЖазушҒабит Мүсірепов (1902-1985) Қазақ мемлекеттік баспасының менгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1937) Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков(1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев(1904 — 1982) Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығыҚадыр Қуанышев (1906 — 1938) қуғынға ұшыратылды. Мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдың бірі болды. | |
Қорытынды:
Қазақ зиялыларының «Кіші қазан» бағытына қарсылығын қарастырдық. | 17 слайд |