Файл: Сабаты масаты оушылара трді тзілуін тсіндіру,дадысын эволюциялы баыттара алыптастыру. Сабаты трі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: §45 Түр түзілу.Сабақтың мақсаты: оқушыларға түрдің түзілуін түсіндіру,дағдысын эволюциялық бағыттарға қалыптастыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, нұсқаушы -ойға түсіруші.Сабақтың көрнекілік құралдары: интерактивті тақта,суреттер, слайд.Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.ІV. Бекіту.V.Үйге тапсырма беру.VI.БағалауСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, құрал – жабдықтарын тексеру, көңіл –күйлерін сұрау.2.Үй тапсырмасын тексеру. « Бейімділік. Бейімділіктің салыстырмалы сипаты ».Үй тапсырмасын жарыс түрінде сұрау.Кім тапқыр??? Ойыны шарттары: Қорғаныш реңнің түрлерін суреттегі мысалдар бойынша ажырату.

  1. Тентекқұс

  2. Ызылдауық шыбын

  3. Бұзаубас
Кім жылдам??? Оқушылар белсене қатысуы керек.Берілген пайымдаулардан дұрыс,бұрысын анықта.(дұрыс “+”, бұрыс “-”)

  • 1. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. +

  • 2. Мимикрия – бөлшектену реңі. -

  • 3.Бейімділік - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың және тіршілік үшін күрестің нәтижесінде қалыптасады.+

  • 4. Қауіп төндіруші рең – жануарлардың немесе жәндіктердің тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез – келген реңі.-

  • 5. Бейімділік – салыстырмалы сипатта болатын эволюциялық әрекеттің
уақытша көрінісі. +Биологиялық диктант.1 .Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты жағдайларында тірі қалуды жоғарлататын ерекшеліктерін, икемдену қасиетін ...(бейімділік)деп атайды.2. Қорғансыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі ...(еліктеуші)

реңі.

3. Қорғаныш реңді ... (5)түрге ажыратады.

4.Жануарлардың дене пішіні мен реңі айналасындағы ортаның түсіне сәйкес келуі ...(жасырушы) рең.

5.Жағымсыз иіс бөлетін және шағатын жәндіктерге тән рең ....(Сақтандырушы)

Жаңа сабақ: Слайд бойынша барлық мысалдар.

«Түр» деген түсінікті естідік өткен тақырыптарда, анықтамасын кім айтады?

Яғни,түр дегеніміз – ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін, морфологиялық – физиологиялық белгілері ұқсас, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.

Табиғатта жаңа түрлердің түзілуі күрделі эволюциялық процесс болып табылады. Пайда болған жаңа түр бастапқы түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз алдына дербес даралар жиынтығын құрайды.Түр түзілудің негізгі екі жолы бар: географиялық және экологиялық түр түзілу.

Географиялық түр түзілудің негізгі себебі – географиялық оқшаулану.

Балалар географиялық оқшауланудың анықтамасын кім айтады?

Оқшаулану мынадай екі жағдайға байланысты болуы мүмкін: біріншіден, бастапқы түр аумағы қандай да бір табиғи кедергілерге байланысты оқшауланған бірнеше бөліктерге бөлініп кетеді. Екіншіден , оқшаулану бастапқы түр аумағының кеңеюіне байланысты жүреді. Бұл кезде популяциялары бір – бірінен алшақтап, жаңа орта жағдайларының әсерінен өзгеріп, жаңа түр бастамаларына айналады. Тынық мұхиттың Галапагос аралдарындағы Дарвин зерттеген қунақтар осындай географиялық оқшауланудың нәтижесінде түзілген түрлерге жатады. Байкал көлінде тіршілік ететін былқылдақденелілердің, шаянтәрізділердің, балықтар мен құрттардың түрлері де басқа ешбір сулы аймақта кездеспейді. Өйткені бұл көл бұдан 20 млн жыл бұрын тау түзілу кезінде бөлініп кеткен деген жорамал бар.

Экологиялық түр түзілу – түр аумағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты. Кез – келген популяцияда алуан түрлі кездейсоқ мутациялық өзгерістер үздіксіз жүріп жатады. Популяциялар ішінде шамалы байқалатын ауытқулары бар топтар алғаш бірлесіп тіршілік еткенімен, кейін бәсекелестік күшейіп, олар бір – бірінен алшақтап, жаңа мекен ортасына қарай ығыса бастайды. Мутацияларға байланысты популяция ішіндегі мұндай топтардың гендік құрамы өзгереді.Мысалы, шөбі шабылмайтын шалғындықта үлкен сылдыршөп өсімдігі жаз бойы гүлдейді.Кейін шалғындықтың шөбін жаз ортасында шауып алатын болды.Сондықтан осы кезде гүлдейтін үлкен сылдыршөп тұқым бермейтін жағдайға жетті. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғи сұрыпталудың нәтижесінде шөпті шабуға дейін және шабылғанан кейін гүлдейтін сылдыршөп өсімдіктері ғана сақталып қалып тұқым беретін болды. Бұлар бір шалғындықта өскенімен, өзара будандаса алмайды. Өйткені гүлдеу мерзімдері сәйкес келмейді. Міне, осылай үлкен сылдыршөптің ерте көктемде және жаздың екінші жартысында гүлдейтін екі түр тармағы пайда болды.


Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрдің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады. Түзілген түрлердің ішінен тек жаңа мекен ортасында экологиялық жағдайларды тиімді игеріп, ең жақсы бейімделгендері ғана сақталып, одан әрі эволюциялық даму жолына түседі.Эволюция барысында көптеген түрлер күрделеніп, жоғары сатыға көтеріледі.Сондықтан табиғатта дене құрылымының күрделілігі әртүрлі дәрежедегі жануарлар мен өсімдіктер барлық жерде бір мезгілде тіршілік етеді. «Неліктен табиғи сұрыпталу барлық төменгі құрылымды топтарды жоғары сатыға көтере алмады?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі, кейбір организмдерде болар –болмас ,әсер байқалатын өзгерістер қалдырады.Ондай өзгерістер тек сол орта жағдайларына ғана сәйкес келуі мүмкін. Дарвиннің айтуынша, тіршілігі қарапайым ортадакүрделі құрылыстың қажеті жоқ. Мысалы, сан миллион жылдар бойы аса өзгермеген басаяқты былқылдақденелілер Үнді мұхитында қазір де тіршілік етуде. Сол сияқты Аустралияда бүгінге дейін сақталып келген қалталы сүтқоректілер осы жағдайды түсіндіреді.Қорытынды: Популяциялардан жаңа түрдің түзілуі микроэволюцияның нәтижесі болып табылады. Географиялық түр түзілуде алғашқы аймақ табиғи кедергілерге байланысты бірнеше бөліктерге бөліктерге бөлініп, ондағы оқшауланған популяциялар түрлі эволюциялық факторлардың әсерінен өзгерістерге ие болып, келешекте жаңа түрлерге бастама беруі мүмкін. Экологиялық түр түзілу биологиялық оқшаулануға, негізінде, көбею мерзімінің сәйкес келмеуіне, т.б. жағдайларға байланысты жүреді. Бұл түр түзілудің ерекшелігі – түзілген жаңа түрлер бастапқы түрге көбірек ұқсайтын болады.Сабақты бекіту. Сәйкестігін тап:

Географиялық түр түзілу

Экологиялық түр түзілу


а) бастапқы түр аймағының көлемінде жүреді.

ә) табиғи кедергілерге байланысты аймақ бөліктерге бөлініп,түр даралары оқшауланады.

б) даралар түр аймағынан шығып,жаңа аймақтарға ауысады.

в) жыл маусымдарына сай оқшаулану себепті.

г) бастапқы түр аймағының кеңеюіне

байланысты.

ғ) биологиялық оқшаулануға байланысты.

д) популяция ішіндегі мутациялық өзгерістерге байланысты.

е) көбею мерзімінің өзгеруіне байланысты.

ж) мыңдаған ұрпақты қамтып,өте баяу жүретін әрекет

з) жаңа түрлер түзіледі

Үйге тапсырма: Түр түзілуін оқу.Бағалау:Рефлексия: Сабақтың мақсатына жетуге байланысты сатылы рефлексия. Стикерлер таратамын, олар стикерлерге өз ойларын жасады.