Файл: Диатомды балдырлар (Bacillariophyta). Диатомды балдырлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Диатомды балдырлар (Bacillariophyta).

Диатомды балдырлар (Dіatomeae) – Юра кезеңінен белгілі бір клеткалы организмдердің айрықша тобы. Шөгінді тау жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Бұлар жалтырауық балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. Д.балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды.

  • Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі.

  • 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар.

  • Клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды.

Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді де қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады.

Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді.

Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары және бос қуыстары болады.

Хроматофорасының түсі қоңыр. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады.

Ассимиляцияның түліктері: липидтер, волютин,ризоламинарин.

Ядросы біреу. Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады.

Жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді.

  • Диатомды балдырлар сыртқы кремнеземді қабықтарының құрылысына және көбею ерекшелігіне қарай екі класқа бөлінеді.

  • Центрикалық диатомдылар (Centricae) класы – жақтаулары радиалды құрылысты және дөңгелек пішінді келеді.

  • Пеннатталылар(Pennatae) класы – екі жақты симметриялы жақтаулы болып келуімен сипатталады.

Қоректену тәсілі:


Фототрофтар:

хлорофиллдер а және с

Каротиноиды β және ε

Қор заттары

1. Хризоламинарин

2. Липидтер

Ксантофиллдер:

1. Фукоксантин

2. Диатоксантин

3. Неофукоксантин А және В4. Диадиноксанти

Классификация принципі – Сауытының симметрия типі

1 кл. Centrophyceae – центрикалықтар, негізінде – орталық симметрия.

2 кл. Pennatophyceae – пеннатылар, негізінде – осьті – екі жақты симметрия.

5 автордың жүйелеуіне сүйенеміз:

З.И.Глезер, А.И. Моисеева, И.В. Макарова, В.А. Николаев және Н. И.Караева.

1-ші класста 7 қатар.

2-ші класста 2 қатар – Raphales және Araphales.

Центрикалық диатомдылар (Centricae) класы Бұл класқа бір клеткалы және колониялы организмдер жатады.
Бір клеткалы өкіліне тұщы және теңіз суларын тіршілік ететін планктонды балдыр – циклотелланы (Cyclotella) алуға болады.
Жақтау жағынан қарағанда диск, ал белдеу жағынан қарағанда машина баллонының пішініне ұқсас, сәулелі құрылысты келеді.
Протоплазмасы клетканың қабығына қарай орналасқан, онда көптеген сары түсті дән немесе дөңгелек пішінді хроматофоралары болады.

Клетканың ортаңғы бөлімін клетка шырынына толы вакуоля алып жатады.
Вакуоляның бойынан протоплазма жіпшелері өтіп, екі жақтаулы орта бөлімімен бір-біріне байланыстырып тұрады. Оның ортасында клетка ядросы орналасады.
Клетканың жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді.
Осылай көбейе берудің нәтижесінде клетканың көлемі кішірейе береді де одан әрі бөлініп көбеюге қабілетті келмей қалады, сол кезде бөліне келе кішірейген әр клетканың ядросы редукциялы жолмен бөлініп, пайда болған 4 гаплоидты ядроның екеуі өліп, екеуі қалады.
Қалған екі ядро өз ара бірігіп, диплоидты ауксоспрора құрайды.
Бұл класта ауксоспора өзін-өзі ұрықтандырунемесе автогамияжолымен пайда болады.

Колониялы түрлеріне мелозира (Melosira) жатады.
Бұның колониясы жіп тәрізді болып, көптеген цилиндр пішінді клеткалардан құралған. Кейінгі кезде оогамиялық жыныс процесі болатындығы анықталады.


Пеннатталылар (Pennatae) класы Тұщы суда тіршілік ететін пиннулярияны (Pinnularia). Пиннулярия эллипс пішіндес созылған, үлкен бір клеткалы балдыр; екі жақты, шеті дөңгелектеніп келеді.

Жақтау жағынан қарағанда орталық сызықтың бойынан үш төмпешікті көреміз, оның біреуі ортасында, қалған екеуі жақтаудың ұштарына тақау орналасады.


Бұл қабықтың ішкі жағының қалыңдауынан пайда болған төмпешіктер оны түйіндеп атайды.

Түйіннің бір ұшынан екінші ұшына қарай, жақтауды ортасынан жара S әрпі тәрізді тігіс өтеді. Тігістің оң және сол жағында симметриялы көптеген көлденең жолақтар орналасқан. Бұлар қабықтың іш жағынан қалыңдап және жұқарған жерлерінің кезектесіп келуі. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса , онда оның екі жақтауы айқын көрінеді.

Ішкі кіші жақтауды – гипотека, оны жауып тұратын сыртқы үлкен жақтауды – эпитека деп атайды.