Файл: А. Б айтрсынов атындаы останай ірлік университеті . Слтаназин атындаы педагогикалы институты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты | | Бекітемін Директор ________Т.Ахметов _____._________ 2022 ж. Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы |
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Пән: Органикалық химия
Білім беру бағдарламасы: 6В01511 Химия-Биология
Кредит саны: 5
Қостанай, 2022
Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырушы:
Дарибаева Севара Анваркызы, жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдары магистрі.
20.06. 2022 ж.
жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының отырысында қаралды және ұсынылды 20.06. 2022 ж. №10 хаттама
Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедра меңгерушісі ____________Г.Баубекова
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының әдістемелік қенесімен келісілген
22.06. 2022 ж. № 5 хаттама
Әдістемелік комиссия төрағасы_____________________ С .Байжанова
1 Пән сипаттамасы
Пререквизиттер: Мектеп бағдарламасындағы органикалық химия және биология, жалпы және аналитикалық химия, биология пәндері.
Постреквизиттер: Биохимия, қоршаған орта химиясы, физиология және басқа биологиялық пәндер.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты: Органикалық қосылыстардың негізгі класстары мен типтерін ғана емес органикалық химия теориясының негізгі қағидаларын және органикалық синтез өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жетістіктерін ғылымның логикасына негізделген тенденцияларға байланысты студенттерге оқып үйрету.
Пәннің міндеттері:
- студенттердің органикалық химия негіздерін меңгеру;
- органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен түрлері туралы, сонымен қатар органикалық химия теориясы мен өнеркәсіптік органикалық синтездің негізгі ережелері мен заманауи жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру;
- органикалық молекулалардың құрылымы (химиялық, электронды, кеңістіктік), әртүрлі реакциялар түрлерінің негізгі заңдылықтары мен жүру механизмдері, қосылыстардың негізгі кластарын алу тәсілдері, сондай-ақ осы пәнді өту кезінде экология, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері туралы білім қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:
1) химиялық құрылым теориясын; химиялық байланыстың электронды теориясын, көміртек атомының орбитальдарын будандастыру теориясын; циклдік, хош иісті және гетероциклді қатарлардың органикалық қосылыстарының электронды әсерлері туралы теориялық білім қалыптастырады;
2) химиялық ыдыс-аяқпен және жабдықпен жұмыс істеу; химиялық реактивтермен жұмыс жасау, зертханалық операцияларды (айдау, хроматография; сапалық элементтік талдау жүргізу және оны спецификалық реакциялар негізінде қосылыс құрамындағы функционалдық топ анықтау; тәжірибе нәтижелерін түсіндіру: формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу; практикалық жұмыс нәтижелерін дұрыс рәсімдеу сияқты іс-әрекеттерді меңгереді.
Оқыту әдістері мен технологиялары:
Пәнді оқу кезінде келесі оқыту әдістері, технологиялар қолданылады:
- жобалау технологиясы (шығармашылық, зерттеу, тәжірибеге бағытталған);
- проблемалық оқыту технологиясы (зерттеу зертханалық жұмыстары, проблемалық тапсырмалар, проблемалық тапсырмалар);
- блокты-модульді жүйе.
2 Пәннің мазмұны
Модуль 1 Органикалық химияның теориялық негіздері.
Тақырып 1. Кіріспе. Органикалық заттарды зерттеу әдiстерi.
Жеке заттарды бөлу тәсiлдерi. Органикалық қосылыстардың сапалық анализi. Органикалық қосылыстардың сандық анализi.
Тақырып 2. Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Электрондардың ығысу теориясы.
Құрамында әртүрлі валенттік күйдегі көміртегі және гетероатомы бар органикалық қосылыстардыг электрондық құрылысы. о- жэне п-байланыстарының схемасы, валенттік бұрыштары. Октет ережесі.
Тақырып 3. Органикалық реакциялардың және қосылыстардың классификациясы.
Ациклдi (алифатты), карбоциклi және ароматты) және гетероциклдi қосылыстар. Функционалды топтар туралы түсiнiк. Бағыты бойынша: қосылу (А), орынбасу (S), қайта топтасу, бөліп алу (Е). Әрекеттесушi бөлшектердiң сипаты бойыша: гомолиттiк (SR
, АR) және гетеролиттiк (нуклеофильдi SN , АN және электрофильдi SЕ, АЕ). Субстрат, реагент, радикалды, электрофильдi және нуклеофильдi бөлшектер туралы түсiнiк. Моно-, би- және полимолекулалы реакциялар туралы түсiнiк
Тақырып 4. Органикалық қосылыстардың физикалық қасиеттері.
Органикалық қосылыстардың физикалық қасиеттері. Алкандардың құрылысы, номенклатурасы, изомериясы. Фотолиз және термолиз жағдайындағы радикалды реакциялар.
Тақырып 5. Алкендер: құрылысы, номенклатурасы, тұрақтылығы және реакциялары.
Алкендердің құрылысы, номенклатурасы. Алкендердегі цис- транс-изомерия. Е, Z бойынша алкендердің номенклатурасы. Алкентердің салыстырмалы тұрақтылығы. Алкендердің реакциялары. Электрофильді қосылу реакциялары.
Тақырып 6. Алкиндер: құрылысы, номенклатурасы, тұрақтылығы және реакциялары. Алкадиендер.
Алкиндердің номенклатурасы, құрылысы, физикалық қасиеттері. Алкиндерге судың, галогенсутектердің, сутегінің қосылуы.
Тақырып 7. Арендер, оларды жүйелеу. Ароматтылық.
Бензолдың құрылысы. Бензолдың делокализацияланған электрондары. Ароматтылыққа қолданылатын критерийлер. Ароматты қосылыстардағы электрофильді орынбасу реакцияларының жалпы механизмі. Фридель-Крафтс реакциясы.
Тақырып 8. Фенолдар және ароматтық спирттер
Екі және үш атомды фенолдар. Анықтамасы және номенклатурасы. Физикалық қасиеттері. Фенолдарды алу. Фенолдар мен крезолдарды тас көмір шайырынан бөліп алу. Фенолят- анион, оның құрылысы. Резорцин және флорглюцин таутомериясы. Сілтілік ортада тотығу. Пирогаллол. Өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар.
Модуль 2
Тақырып 1. Алкандардың галогентуындылары.
Номенклатурасы. Алкандардың галогентуындыларын синтездеу мен бөлiп алудың лабораториялық және өнеркәсiптiк әдістері. Алкандардың галогентуындыларының физикалық қасиеттерінің гомологтық қатар бойынша, изомерлік түрлері бойынша өзгеруі. Галогеналкандардың орынбасу және элимирлеу реакциялары.
Тақырып 2. Спирттер, аминдер және эфирлер номенклатурасы.
Спирттердің изомері мен номенклатурасы. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттер. Спирттерді синтездеу әдістері. Спирттердің физикалық қасиеттерінің гомологтық қатары, изомерлік қатары бойынша өзгеруі. Жай эфирлердің изомерлері, номенклатурасы. Жай эфирлердің алыну жолдары.
Тақырып 3. Карбонильді қосылыстар: құрылысы, номенклатурасы.
Карбониль функционалды тобы. Альдегидтер мен кетондардың гомологиялық қатарлары. Изомерия, номенклатурасы. Физикалық және химиялық қасиеттері. Қосылу реакциясы. Гидратация. Карбонил тобының полярлығы мен полярлығы.
Тақырып 4. Монокарбон қышқылдары.
Гомологтік қатары, изомериясы және номенклатурасы (тривиальды, рационалды, жүйелік). Карбон қышқылдарын синтездеу әдістері. Карбоксил тобының электрондық құрылысы: -І-эффект (р-π-қосарлану), шектелген структуралар, мезоформула. Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері. Структура және қайнау температурасы, молекула аралық сутектік байланыс (димерлер). Карбон қышқылдарының спектрлік сипаттамасы. Химиялық қасиеттері. Қышқылдық қасиеттері. Минералды қышқылдардың, органикалық қышқылдардың, судың спирттердің, аминдердің қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Тұздары. Карбон қышқылдарының негіздік қасиеттері.Тақырып 5. Карбон қышқылдарының туындылары. Элементорганикалық қосылыстар
Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. Ацил тобының нуклеофильді орынбасу. Карбон қышқылдардың хлорангидриді, ангидриді, олардың құрылысы, қасиеттері, қолданылуы.Карбон қышқылдарының күрделі эфирлері, оларды синтездеу механизмін таңбалы атомдар әдісімен дәлелдеу. Табиғаттағы күрделі эфирлер, олардың өнеркәсіпттегі маңызы. Майлар. Триглидцеридтердің құрылысы. Майлардың гидролизі, гидрогендеуі. Сабындар, олардың майлардын алу. 1-4 топтар элементтерінің металлорганикалық қосылыстарының қасиеттері. химиялық қасиеттерінің көміртек –металл байланысының иондану дәрежесіне тәуелділігі. металлорганикалық қосылыстарды органикалық синтезде пайдалану.
Тақырып 6. Көмірсулардың органикалық химиясы.
Көмірсулардың классификациясы. Альдозалар және кетозалар конфигурациясы. Моносахаридтердің тотығу-тотықсыздану реакциялары. Глюкоза стереохимиясы: Фишер дәлелдемесі. Моносахаридтердің сақиналы жартылай ацетальдар түзуі. Дисахаридтер. Полисахаридтер.
Тақырып 7. Амин қышқылдары, пептидтер және ақуыздардың органикалық химиясы.
Амин қышқылдарының классификациясы, номенклатурасы, конфигурациясы, қышқылдық-негіздік қасиеттері. Амин қышқылдарын бөлу. Пептидтік байланыстың рөлі. Ақуыздың біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртінші құрылымдары. Ақуыздардың денатурациясы.
3 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Бруис П.Ю., Органикалық химия негіздері. 1-бөлім: Оқулық /Бруис П.Ю., Ауд. К.Б.Бажықова. – Алматы, 2013, 424 бет. -
Құрманәлиев М.Қ., Кауменова Г.Н., Органикалық химияның тізбектелген реакциялары: оқу құралы. – Алматы, Альманах, 2017 – 170 б. -
Мажибаев А.К., Органикалық химиядан есептер жинағы. 1 бөлім. Көмірсутектер. Оқу құралды. – Тараз.: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2013. – 204 бет. -
Сейтжанов А.Ф. Органикалық химия: Оқулық. – Алматы.: Prints S, 2005. – 446 б.
Қосымша:
-
Бруис П.Ю., Органикалық химия негіздері. 2-бөлім: Оқулық /Бруис П.Ю., Ауд. К.Б.Бажықова. – Алматы, 2014, 500 бет. -
Ибрашева Р.К., Органикалық химия / Р.К.Ибрашева,Оқу құралы – Алматы, АТУ, 2014 –251 бет. -
Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной органической химии. Высшая школа, 2001
Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия, М.: 1974г.
Жұмыс оқу бағдарламасына қосымша (Syllabus)
Білім алушыларға арналған пән бағдарламасы
2022-2023 оқу жылына
Органикалық химия
1. Негізгі ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Институт | Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты | ||||||||||||||||||||||
Білім беру бағдарламасы | 6В01511 Химия-Биология | ||||||||||||||||||||||
Курс | 1 | Семестр | 1 | Оқыту түрі | Күндізгі-дист. | Оқыту бағдарламасы | негізгі | ||||||||||||||||
Пән циклы | БейП | Компонент | ТК | ||||||||||||||||||||
Кредиттер саны | 5 | Сағаттар саны | 150 | ||||||||||||||||||||
Бағдарлама жетекшісі | Дарибаева Севара Анваркызы, жаратылыстану ғылымдары магистрі | ||||||||||||||||||||||
Оқытушы | |||||||||||||||||||||||
Консультация уақыты (БОӨЖ жеке) | 1-ші апта | 2-ші апта | 3-ші апта | ||||||||||||||||||||
Кесте бойынша онлайн/оффлайн форматта e-mail: daribayeva_s@mail.ru +77029877598 | |||||||||||||||||||||||
2. Пререквизиттер мен постреквизиттер | |||||||||||||||||||||||
Пререквизиттер | Мектеп бағдарламасындағы органикалық химия және биология, жалпы және аналитикалық химия, биология пәндері. | ||||||||||||||||||||||
Постреквизиттар | Биохимия, қоршаған орта химиясы, физиология және басқа биологиялық пәндер. | ||||||||||||||||||||||
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері | |||||||||||||||||||||||
Мақсаты | Органикалық қосылыстардың негізгі класстары мен типтерін ғана емес органикалық химия теориясының негізгі қағидаларын және органикалық синтез өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жетістіктерін ғылымның логикасына негізделген тенденцияларға байланысты студенттерге оқып үйрету. | ||||||||||||||||||||||
Міндеттері | - студенттердің органикалық химия негіздерін меңгеру; - органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен түрлері туралы, сонымен қатар органикалық химия теориясы мен өнеркәсіптік органикалық синтездің негізгі ережелері мен заманауи жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру; - органикалық молекулалардың құрылымы (химиялық, электронды, кеңістіктік), әртүрлі реакциялар түрлерінің негізгі заңдылықтары мен жүру механизмдері, қосылыстардың негізгі кластарын алу тәсілдері, сондай-ақ осы пәнді өту кезінде экология, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері туралы білім қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||
4. Оқыту әдістемесі және технологиялар | |||||||||||||||||||||||
Пәнді оқу кезінде келесі оқыту әдістері, технологиялар қолданылады: - жобалау технологиясы (шығармашылық, зерттеу, тәжірибеге бағытталған); - проблемалық оқыту технологиясы (зерттеу зертханалық жұмыстары, проблемалық тапсырмалар, проблемалық тапсырмалар); - блокты-модульді жүйе. | |||||||||||||||||||||||
5 Академиялық сағаттарды бөлу | |||||||||||||||||||||||
Барлығы: 150 | Дәріс | Практ. | Зерт. | БОӨЖ | БӨЖ | Емтиханға дайындық | Бақылау нысаны | ||||||||||||||||
5 кредит, 150 сағат | 15 | 15 | 15 | 5 | 85 | 15 | Ауызша емтихан | ||||||||||||||||
6. Пән мазмұны | |||||||||||||||||||||||
Органикалық химия химияны қазіргі заманғы оқытуда үлкен маңызға ие, бұл, ең алдымен, органикалық синтез өнімдерін кеңінен қолданумен және техникалық, тұрмыстық және медициналық мақсаттағы жаңа органикалық материалдарға қажеттіліктің артуымен, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының өміріндегі органикалық реакциялардың шешуші рөлімен байланысты. Ұсынылған органикалық химия бағдарламасы органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен түрлерімен ғана емес, сонымен қатар органикалық химия теориясы мен өнеркәсіптік органикалық синтездің негізгі ұстанымдары мен заманауи жетістіктерімен танысуды қамтиды. Пән мақсаты мен міндеттерін жүзеге теориялық тұрғыда дәріс сабақтарында және СӨЖ барысында, ал тәжірибелік бағытта практикалық және зертханалық бағытта жүзеге асарылады. | |||||||||||||||||||||||
7. Ұсынылған әдебиеттер тізімі | |||||||||||||||||||||||
Негізгі |
| ||||||||||||||||||||||
Қосымша |
|