Файл: Дипломды жоба мамандыы 5В071800 Электр энергетикасы Астана 2015 Кіріспе.docx
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖТҚ-ның кабелльдік арналары мен ашық таратуқұрылғыларының (АТҚ) жер астындағы кабельдік арналары барлық уақытта жанбайтын плиталармен жабылып тұруы керек. ЖТҚ-ның ұяшықтары мен басқа ғимараттарға кіретін кабель орындарының өртке деген тұрақтылығы 0,75 сағаттан кем емес жанбайтын тығыздағыштары болуы керек. Жанбайтын тығыздағыштар кабельдік арналарында олардың бір ғимараттан екінші ғимаратқа өтетін орындарында, арналарындың тармақталған жерлерінде және әрбір 50 м сайын орнатылуы қажет. Тығыздағыштар орыны плиталардағы қызыл жолақтар арқылы белгіленуі керек, ал керек жағдайда түсіндірме жазбалар жазылады.
АТҚ - дағы шөптерді орып немесе жұлып отыру керек, оның территориясында құрғақ шөптерді жағуға болмайды. АТҚ территориясының бөлек бөлімдерінде сәнді бұта шоғырларын немесе аласа өтетін жапырақты ағаштарын ағаштарын отырғызуға рұқсат етіледі. Бірақ олар территорияның жалпы бағдарына кедергі жасамау керек және ағаштардың ара-қашықтығы электр жабылғғысын тудырмау керек.
ЖТҚ ғиммараттарындағы өртті сөндіру құралдары ғимаратқа кіретін жерлерде орналасуы керек, АТҚ территорияларындағы өртті сөндіру құралдары персоналға ыңғайлы арнайы посттарда орналасуы керек. Өртті сөндіру құралдарының орналасу жерін көрсететін түсіндірме белгілер мен жазулар АТҚ территориясында ілінеді.
Ғимараттың ішінде майлайтын майлардың тәуліктік қорын сынбайтын ыдыстарда сақтауға болады.
Трансформаторларды сенімді пайдалану үшін және олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі шаралар орындалуы керек:
-электр қондырғыларын пайдалану (ЭҚП) ережелеріне сәйкес жұмыстың қалыпты және рұқсат етілетін режимдерін сақтау;
-май сапасын нормасында, әсіресе оның оқшауламалық қасиеттерін және температуралық режимдерін сақтау;
-электр қондырғыларын салқындату, реттеу және қорғау құралдарын жұмыс қалпында ұстау;
-негізгі және қосымша қондырғылардың, автоматика және қорғаныс құрылғыларының жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу;
-трансформаторлардың астындағы май қабылдағыш құрылғыларды апат кезінде майдың ағуын болдырмау немесе оның кабель арналарына, басқа ғимараттарға тигізбеу үшін барлық уақытта жұмыс қалпында ұстау;
АТҚ-да трансформаторларда май қабылдайтын апатты құрылғыларды жылына кем дегенде екі рет, сондай-ақ қатты жауын мен қардың еруінен немесе өрт сөндіруінен кейін тексеру керек. Май қабылдағышта майдың жаңа тамшыларын байқаған жағдайда тез арада оның ағуын тоқтату керек.
Трансформатордың түтін шығаратын құбырының қылтасы 30 м жақындықта орналасқан қондырғыларға, ғимараттарға, сондай-ақ персоналдың өту жолдарына бағытталмауы керек. Қажет жағдайда қорғаныс щиттары орнатылу керек. Түтін шығаратын құбырдың мембранасының материалы мен құрылғысы техникалық талаптарға сай болу керек. Трансформаторды қарау кезінде мембраның бүтіндігін тексеру керек.
Трансформаторда релелік қорғаныс әсерінен өшпейтін өрт пайда болған кезде оны барлық кернеу тораптарынан ажыратып, жерге қосу керек. Персонал (бар болған жағдайда) өртті сөндіру стационарлы қондырғысының қосылуын бақылау керек, өрт сөндіру бригадасын шақырып, оперативті жоспарға сәйкес шаралар қолдану қажет.
10.3 Өндірістік санитария
Өндірістің санитарлы қорғаныстық нормаларына сәйкес өндірістің жеке ғимараттарын, технологиялық процестерін тұрғын үйлерден санитарлы қорғаныс зоналарымен болуы қажет. Себебі, технологиялық процестер қоршаған ортаға зиянды заттарды шығарады, сондай-ақ дірілдеу, ультракүлгін дыбысты шуларды, электромагнитті толқындарды тудырады.
Санитарлы-қорғаныс аймағы деген - ол тұрғын ғимараттары мен өндірістік аудан шектерінің, материалдарды ашық және жабық сақтау қоймалар арасындағы территория. Оны орындау себептері:
-талап етілетін гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету (электр беріліс желілерінің тұрғындарға тигізетін жаман әсерлерін төмендету);
-физикалық әсер факторларын (шу, дірілдеудің, электромагнитті толқындардың , ультракүлгін дыбыстың деңгейін) төмендету;
-өнеркәсіп пен тұрғын аудандарының арасына құрылысты-эстетикалық тосқауыл жасау;
-атмосфералық ауаның ластаушыларын фильтрлеу және ассимиляциялау жолдарын күшейту мақсатында ауданды көкалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін.
10.4 Жерлендіру
Электр қондырғыларының барлық металл бөліктері жермен қосылуы керек. Мұндай жерге қосудың мақсаты - қызмет көрсетуші персоналды кернеу астына түсуден сақтау болғандықтан, оны сақтандырғыш деп атайды.
Аппараттың немесе электр қондырғының қалыпты жұмыс жағдайына арналған жерге қосу - ол жұмыстық жерге қосу. Жұмыстық жерге қосусыз аппарат немесе электр қондырғысы өз қызметтерін орындай алмайды немесе олардың жұмыс режимдері бұзылады. Жұмыстық жерге қосуға трансформаторлардың, генераторлардың, доға сөндіргіш катушкалардың нейтралінің жерге қосылуын жатады.
Қондырғыларды найзағайдың тікелей соғуынан сақтау үшін жерлендіргіштерге қосылатын разрядтауыштар, ұшқындық аралықтар, стерженьді және тросты найзағай тосқауылдатқыштар пайдаланылады. Осындай жерге қосу найзағайдан қорғағыш жерге қосу деп аталады.
Жерге қосуды орындау үшін табиғи және жасанды жерге қосқыштарды қолданады.
Табиғи жерге қосқыштар ретінде су өткіш құбырларын,скважина құбырларын, ғимаратттардың металл және темірбетонды құралдарын, гидротехникалық ғимараттардың металл шпунттарын, кабельдің қорғасын қабыршағын, ӘЖ бағаналарының жерлендіргіштерін, темір жол тораптарын пайдалануға болады.
Жасанды жерлендіргіштер ретінде диаметрі 10 мм-ден кем емес талшықты мырыш жалатылмаған болат және 6 мм-ден кем емес мырыш жалатылған болат, сондай-ақ қалыңдығы 4 мм-ден кем емес, қимасы 48 мм2 - тан кем емес жолақты болат қолданылады. Кернеуі 1 кВ - тан жоғары электр қондырғылары үшін горизонталь жерлендіргіштің қимасы термиялық тұрақтылық бойынша таңдалады.
Керекті жерлендіргіштер саны есептеулер арқылы анықталады. Осы мақсатпен АТҚ территориясында электр қондырғыларын бойлай және оларға көлденең бағытта 0,5 - 0,7 м тереңдікте арасы 30 м-ден артық емес жерлендіргіш жолақтары оратылады. Нәтижесінде жерлендіргіш сетка пайда болып оған жерлендірілетін қондырғылар қосылады [3].
11. Қоршаған ортаны қорғау
11.2 Тұрғындарды электромагнитті өрістерден қорғау
Ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуының нәтижесінде электромагнитті өрістердің рұқсат етілген орта мәнінен көп жоғары болуы мүмкін. Түр-түрлі радиоқабылдағыш құрылғылардың, электрлендірілген тасымалдау желілердің, электр станциялары мен қосалқы станциялардың және электр беріліс желілердің салдарынан пайда болатын электромагнитті өрістер адам ағзасына елеулі қауіп тудырады.
Сондықтан өндірістік жиіліктегі электромагнитті өрісі биологиялық әсер етуші фактор ретінде жан-жақты гигиеналық меңгеруден өтіп, нормаларға сәйкес өңделген шаралар бойынша тұрғындарды қорғау жұмыстары жүргізілуі керек.
14 Электрқондырғыларын эксплуатациялау бойынша жүргізілетін шаралар
Өндіріс жұмысының маңызды экономикалық көрсеткіші электрқондырғыларын сенімді және үнемді эксплуатациялауына тәуелді болады.
Электрқондырғыларды сенімді және үнемді эксплуатациялауын жоғарылату комплексті шешілетін көпқырлы мәселелердің бірі. Осы мәселенің маңызды бөлігіне тұтынушылардың электрқондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары жатады.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету жүйесінің ережелері техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру түріне қарамастан осы жұмыстармен айналысатын барлық кәсіпорындарға міндетті.
15 Экономикалық бөлім
15.1 Капитал салымдары
Капитал салымдары - ол негізгі өндірістік қорларының өндіру аймағын кеңейтуге кететін шығындар және ол негізгі экономикалық көрсеткіш. Себебі, ол - электрмен жабдықтаудың жаңа құрылымдауына қаншама қаржы керек екенін тікелей сипаттайды.
Капитал салымдары негізгі көрсеткіш болып табылатындықтан, ол құрылыс - жөндеу жұмыстарына; қондырғылар мен тасымалдау құралдарын сатып алуға және құрылыспен байланысты басқа да дайындық жұмыстарына кететін құрылыс объектісінің сметасына сәйкес капитал шығындары.
Ең қолайлы және пайдалы жағын анықтау үшін бірнеше нұсқаларды салыстыру керек.
Нұсқаларды таңдау және электрлік режимдерді талдау кезінде торап сенімділігінің критерийі мен тұтынушыларға берілетін электрэнергияның сапасын ескереді.
Оптималды нұсқаларды анықтайтын экономикалық критерийі - келтірілген технико-экономикалық шығындардың минимумы.
Экономикалық есептеулердің мақсаты - сұлбаның оптималды нұсқасын, электр тораптарының параметрлерін және оның элементтерін анықтау.
Осы дипломдық жобада қарастырылып отырған кернеуі 110/35/6 кВ "Жетібай" қосалқы станциясының ұзақтығы -қайта құрылымдауға және кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтауға қажет уақытты анықтау үшін жүргізілген "есептік көрсеткіштер" бойынша қабылданады. Нормативтік құжаттарға сәйкес қайта құралымдау ұзақтығын 8 күн деп аламыз.
Негізгі құрылыс - жөндеу жұмыстарының басталуына дейін ұйымдастыру шараларын және дайындық жұмыстарын қамтитын құрылыс өндірісін дайындау керек.
Технико-экономикалық есептеулер - негізгі көрсеткіштер бойынша энергетикалық эффектісі бірдей екі немесе одан да көп нұсқаларды салыстыру нәтижесінде электрмен жабдықтаудың оптималды нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
Нұсқаларды келтірілген жылдық шығындар бойынша салыстырамыз [18]:
мұндағы = 0,12 - нормативт3 коэффициент,
К - вариант бойынша капитал шығындары,
И - жылдық қызмет көрсетуге кететін шығындар.
15.2 Жылдық эксплуатациялық шығындар
Жылдық эксплуатациялық шығындар моральдік ескіру салдарынан амортизация деп аталатын қорлық бағасы (құны) төмендей бастайды.
Амортизациялық шығындар негізгі қорларды толық қалпына келтіруге және капиталдық жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Эксплуатациялық шығындары келесі құраушылардан тұрады:
-амортизациялық алынымдар;
-еңбек ақы қоры;
-материалдарға, құрал-саймандар мен бөлшектерге кететін шығындар;
-әлеуметтік салық;
-қызмет көрсету мен ағымды ремонт шығындары;
-жалпы станция шығындары;
-басқа да өндірістік заттарына кететін шығындар.
Электр қондырғыны қамтамасыз ететін-ші топ электромонтердің еңбек ақысына байланысты сый-ақы мөлшерін анықтаймыз:
15.3 Экономикалық эффектілік
Технико-экономикалық есептеулер екі немесе одан да көп бірнеше нұсқаларды салыстыру нәтижесінде электрмен жабдықтау нұсқасының ең үнемдісін олардың негізгі көрсеткіштері бойынша таңдайды. Негізгі көрсеткіштерге капитал салымдары мен жылдық эксплуатациялық шығындары жатады. "Энергетикадағы технико-экономикалық есептеулердің негізгі ережелеріне" сәйкес нұсқалардың капитал салымдарын және жылдық эксплуатациялық шығындарын салыстырулы есептік шығындарды есептеу әдісі бойынша жүргізеді:
мұндағы - нормативті эффектілік коэффициенті, ол 0,12-ге тең деп қабылданады.
Қорытынды
Талдау жүргізу және есептеудің нәтижесінде кернеуі 110/35/6 кВ "Жетібай" қосалқы станциясының 110 кВ АТҚ-да май толтырылған ажыратқыштарды элегазды бакты ажыратқыштарына, вентильді разрядтауыштарды сызықты емес асқын кернеуді шектеуіштерге ауыстырып қайта құрылымдау қарастырылған. Кернеулері 110 кВ әуе желілерін тексеру есептеулері жүргізілді.
Дипломдық жобада электр жүктемелерін есептеу нәтижесінде қосалқы станцияда орнатылуға үш орамды қуаты трансформаторлар қабылданды.
Дипломдық жобада электр жүктемелері мен қысқа тұйықталу токтарының есептері жасалған, қосалқы станциясының қорғаныстарын тағдап алу, жерлестіруі мен найзағайдан қорғауы қарастырылған.
Дипломдық жобада ұсынылған техникалық шешімдер мен тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесінің сапалық деңгейін және сенімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жобада еңбекті қорғау және қосалқы станцияны пайдалану мәселелері қарастырылған,технико-экономикалық есептеулер жасалған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Правила устройства электроустановок РК. Министерство энергетика и минеральных ресурсов РК,2005
2. Каганов И. Л. Курсовое и дипломное проектирование. 3-е издание.Москва: ВО " Агропромиздат",1990
3. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций.-М: Энергоатомиздат,1987