Файл: Дипломды жоба мамандыы 5В071800 Электр энергетикасы Астана 2015 Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 124

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сымның рұқсат етілген қимасы


4 мм2 қимасымен бақыламалық кабельді қабылдаймыз. Осыдан кері операцияны орындаймыз және сымның кедергісін табамыз:

Екінші реттік есептік жүктеме:
r2= rпр+ rприб+ rк=0,0735+0,26+0,1=0,4335 Ом

Екінші реттік жүктеме бойынша шарт орындалады

Z2=0,4335≤Z2ном=0,8 Ом
Бұл есептеу тұтынушы ұяшығына ток трансформаторын таңдау үшін арналған. Өйткені, тұтынушылар желісінде ағатын токтар 101-124 А аз интервалда таралады, онда тап осы ток трансформаторының түрі барлық бес кәсіпорын үшін арналған және есептеу тек түрлі түсті металлургия кәсіпорыны үшін жасалды.

Ток трансформаторына қосылатын, аспаптар.
7.4.5 кестесі-Ток трансформаторына қосылатын, аспаптар.


Аспап

Түрі

Фаза жүктемесі, В·А

А

С

Амперметр

Э-335

0,5

0,5

Активті энергияның санаушысы

И-680

2,5

2,5

Барлығы




3

3



ТЛМ 10-У3, S2ном 10 В·А, tТ = 3 с.
7.4.6 кестесі


Есептік мәліметтер

Каталогтык мәліметтер

Uуст =10 кВ

Uном =10 кВ

Imax=115,5 А

Iном=200 А

iy=10040,036 кА

iy=35,2 кА

Bк=67,3 кА2·с

Bк=306,03 кА2·с


Аспаптардың кедергісі келесі қатынаспен анықталады:
Ом
Таңдалған дәлдік классындағы ток трансформаторының рұқсат етілген номиналды жүктемесі



rк=0,05 Ом, өйткені қабылданған аспаптардың саны -2.

Сымдардың рұқсат етілген кедергісі

r п р = Z2ном - r приб - r к = 0,4– 0,12 – 0,05 = 0,23 Ом
Ток трансформаторынан аспаптарға дейін жалғайтын сымдардың ұзындығын 10 кВ желінің әр түрлі жалғанымдары үшін қабылдауға болады, тұтынушыларға-6 м.
, ток трансформаторларының жалғанымдар сұлбасымен байланысты, есептік ұзындық, тап осы жағдайда-толық емес жұлдызға қосу.
Сымның рұқсат етілген қимасы


Төзімділік шарты бойынша алюминьді талсымдар үшін қима 4 мм2 аз болмау керек. Сондықтан 4 мм2 қимасымен бақыламалық кабельді қабылдаймыз.

Осыдан кері операцияны орындаймыз және сымның кедергісін табамыз:

Екінші реттік есептік жүктеме:

r2= rпр+ rприб+ rк=0,0735+0,12+0,05=0,2435 Ом

Екінші реттік жүктеме бойынша шарт орындалады

Z2=0,2435≤Z2ном=0,4 Ом

4 мм2 қимасымен алюминьді талсымдарымен бақыламалық кабельді қабылдаймыз.


8.5 Кернеу трансформаторларын таңдау
Тап осы жағдайда екінші реттік жүктеме шарты бойынша кернеу трансформаторларын таңдаймыз. [11]
S2Σ ≤ S2ном,
мұндағы S2Σ-таңдалған дәлдік классындағы номиналды қуат; S2ном-кернеу трансформаторына жалғанған, реле мен барлық өлшеуіш аспаптарының жүктемесі, В·А.

Аспаптар жүктемесінің есептеулерін оңайлату үшін фаза бойынша бөлмесек те болады

Есептеулерді жеңілдету үшін алюминді талсымдар үшін механикалық төзімділік шарты бойынша сымдардың қимасын 2,5 мм2 деп қабылдаймыз.

ЖК жағына кернеу трансформаторы

Кернеу трансформаторларының екінші реттік жүктемесі.
8.5.1 кестесі- Кернеу трансформаторларының екінші реттік жүктемесі


Аспап

Түрі

Ораманың

S, В·А

Орама саны

cosφ

sinφ

Аспаптар саны

Жалпы тұтынылатын қуат

Р, Вт

Q, вар

Вольтметр

Э-335

2

1

1

0

1

2

-

Ваттметр

Д-335

1,5

2

1

0

1

3

-

Варметр

Д-335

1,5

2

1

0

1

3

-

Активті энергияның санаушысы

И-680

2

2

0,38

0,925

1

4

9,7

Индуктивті энергияның санаушысы

И-673

3

2

0,38

0,925

1

6

14,5

Жиілік санаушысы

Э-352

3

1

1

0

1

3

-

Барлығы



















21

24,2



Кернеу трансформаторының екінші реттік жүктемесі:

Санауыштарды жалғау үшін қажет болатын, таңдалған ЗНОЛ-35 трансформаторының 0,5 дәлдік классында 150 В·А номиналды қуаты бар. Осылайша, S2Σ=32,041 В·А≤S2ном=150 В·А, трансформатор таңдалған дәлдік классында жұмыс істейтін болады.
ТК жағына кернеу трансформаторы
ТК жағында бақылау және есепке алу аспаптарының түрі мен саны осыған ұқсас жоғары болады. Сондықтан кернеу трансформаторының екінші реттік жүктемесі тап осылай 32,041 В·А құрайды. 0,5 дәлдік классында, 120 В·А номиналды қуатымен, НТМИ-10-66 трансформаторын таңдаймыз. Сәйкесінше, S2Σ=32,041 В·А≤S2ном=120 В·А, трансформатор таңдалған дәлдік классында жұмыс істейтін болады.

Кернеу трансформаторларын аспаптармен жалғау үшін механикалық төзімділік шарты бойынша 2,5 мм2 талсым қимасымен бақыламалық кабельді қабылдаймыз.
7.6 Өз қажеттіліктері трансформаторын таңдау
Өз қажеттіліктері трансформаторы максималды қуаттың 5% таңдалады. Тап осы жағдайда 63,53 МВ·А.
МВ·А

4000 кВ·А қуатымен, ТМ трансформаторын қабылдаймыз.

9 Релелік қорғаныс және автоматика
9.1 Трансформаторлардың релелік қорғанысы
Электр машиналары мен трансформаторларда фазааралық, жерге қысқа тұйықталулар және орамдық қысқа тұйықталулар болуы мүмкін. Қысқа тұйықталудың әсерінен электрмен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылады, өндірісте үлкен шығындар болады.

Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар: зақымдалулардың барлық түрлерін сенімді өшіру; қорғаныстың жоғары сезімталдығы; тек зақымдалған бөліктерді ажырату; жылдам әсер ету қабілеті; зақымдалулар туралы белгі беретін сигнализациясы болуы.

Күштік трансформаторлардың релелік қорғаныс құрылғылары нейтралі жерге тікелей қосылған тораптарда орамалар мен кірмелерде болатын көпфазалы тұйықталулардан, ормалардағы орамдық тұйықталулардан, аса жүктелген кезде пайда болатын орамалардағы токтардан және май деңгейінің төмендеуінен қорғайды.

Қосалқы станцияларында дифференциалдық қорғаныс, максималды токты қорғаныс (МТҚ), газдық қорғаныс және асқын жүктемеден қорғау пайдаланады.

Дифференциалдық қорғаныс РНТ-565 типті релесі көмегімен орындалады және трансформаторды оның орамаларында пайда болатын бір фазалы қысқа тұйықталудан қорғайды.

Максималды токты қорғаныс (МТҚ) сыртқы қысқа тұйықталулардан қорғау үшін қолданылады және дифференциалдық қорғанысқа қосымша резерв болады. Максималды токты қорғаныс екі фазалы айнымалы оперативті токта РТ-40 релесі көмегімен орындаады.


Газдық қорғаныс трансформатор ішіндегі зақымдалудан, әсіресе орамдық тұйықталудан қорғайды. Газдық қорғаныс трансформатор бекітілген болаттардың оқшауламаларының зақымдалуын және өзекшенің қыза бастағанын сезеді. Майдың бактан кеңейткішке қарай қозғалу жылдамдығы

0,6-,8 л/с шамасына жеткенде газдық қорғаныс іске қосылады. Қорғаныс РТЗ-261 типті реле көмегімен орындалады. Олар трансформаттор қаптамасында газдың түзілуін және май деңгейінің төмендеуін сезеді. Майдың және сым оқшауламасының ыдырауы нәтижесінде зақымдалудың барлық түрлерінде түзілетін газдар трансформатор багы мен кеңейткішті қосатын құбырда орнатылған реле арқылы бағытталады және реле камерасындағы майды кеңкһейткішке ығыстырады. Осының нәтижесінде газ релесінде майдың деңгейі төмендейді, реледе орнатылған қалтқылар босайды, ал оларға бекітілген сынап контактілі колпачоктар бұрылады да алдын-ала ескерту сигнализациясы іске қосылады.

9.3 Автоматика және сигнализация
"Жетібай" қосалқы станциясында келесі автоматика түрлері орнатылған:

Автотрансформаторладың біреуі істен шыққан жағдайда резервті автоматты қосу көмегімен автоматты түрдк секциялы ажыратқыш қосылады. Осының нәтижесінде тұтынушылар электрмен тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.

Трансформаторлардың автоматты қайта қосылуы (АҚҚ) - трансформаторладың ішкі зақымдануларына байланысты емес, апаттан кейін қалыпты жұмысын автоматты орнықтыру үшін орнатылған. АҚҚ бір жақты қорек көзі бар екі трансформаторлы қосалқы станцияларында қолданады. Егер бір трансформатордың сөнуі екіншісінің асқын жүктелуін тудырса және осыған байланысты тұтынушылардың белгілі бір бөлігі қорек көзінен ажыратылуы қажет болса, АҚҚ қызмет көрсетуші персоналдың көмегінсіз жылдам қысқа тұйықталудан кейін желінің қоректенуін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

10. Еңбекті қорғау
10.1 Электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізу шаралары
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына байланысты электр қондырғыларындағы жұмыстар 4 категорияға бөлінеді:

-кернеусіз;

-кернеу астында электрқорғаныс құралдарын пайдалануымен;

-кернеу астында ток өткізгіш потенциалдарының астында;

-кернеу астындағы ток өткізгіш бөліктерінен қашық жерде,

Жұмысты қоуіпсіз орындау үшін келесі ұйымдастыру шаралары орындалады: жұмыс жасуға рұқсат беру; жұмысқа жіберу; жұмыс орындау барысында бақылауды жүргізу; басқа жұмыс орнына ауыстыру; жұмыста үзілісті рәсімдеу; жұмыстың аяқталуы.


Қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін тағайындалатын жауапты адамдар:

наряд және тапсырма беруші; жұмыс жетекшісі; рұқсат беруші адам; жіберуші; жұмысты орындауға жауапты адам; бақылаушы; бригада мүшелері.

Қондырғыны эксплуатациялау кезінде оперативтік қызмет көрсету және басқа да жұмыстар (профилактикалық тәжірибе, ремонт) оперативтік қызмет көрсету келесі түрде беріледі: желіні сөндіру және қосу операциясын орындауда, трансформаторларда; жұмыс режимін және электр жабдығының жағдайын тұрақты бақылау; кезекші электротехникалық персоналдың тұрақты жұмыс орнына жақын орналаспаса (оперативтік персонал) сол жабдықты периодты тексеру; жұмыс бригадасы үшін жұмыс орынын дайындау, оларды жұмысқа жіберу, қауіпсіздік ережесін сақтауын бақылау және жөндеу біткеннен кейін электр қондырғысының жұмыс сұлбасын қалпына келтіру; электр қондырғыда белгілі мөлшерден орындалуы керек жоспардан тыс кішігірім жұмыс жасау.

Және басқа жұмыстар,оперативтіктен басқа, ұйымдасқан қатынас үш жолмен орындалады: наряд-жіберу бойыншв; жоғары дәрежелі электр техникалық персоналдың ауызша қаулысы; қаулысыз-ағымдағы эксплуатация қатары.

Ток өткізу бөліміне қатысты жердегі кернеуді ток көзінен ажыратып, кедергі қателік немесе ажыратқыштардың өзіндік қосылуымен басқа коммутациялық аппараттарға кернеудің өтпеуіне шара қолданады.

Қолдың басқаратын жетекте және коммутациялық аппараттың дистанциялық басқаратын кілтінде қауіпсіздік, тыйм салу плакаттарын ілінеді.

Жұмыс кезінде жерленген ток өтетін бөлікте кернеудің жоқтығын тексеру.

Жерлестіргіш пышақ айырғышын қосады немес ол жоқ болса, ток өтетін бөлікке жылжымалы жерлендіргіш сым орнатады. Оны кернеу жоқтығын тексергенге дейін жерлестіргішке қосады.

Жұмыс орнындағы кернеу бар жерді қоршалып, ескерту плакаттарын ("Стой напряжение") және көрсеткіш ( "Работать здесь") плакттарын іледі.

11.2 Өрт қауіпсіздігі
Жабық тарату құрылғыларының (ЖТҚ) ғимаратында тазалық сақталу керек. Кем дегенде бір рет жыл сайын шаңнан тазарту жұмыстарды өткізу керек. ЖТҚ ғимараттары мен коридорларын қойма ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Электртехникалық қондырғысын тазарту үшін, өрт қауіптілігі жоқ жуғыш құрамдармен препараттарды пайдалану керек.Техникалық себептер кесірінен арнайы жуғыш заттарды қолдануға болмайтын жағдайда жанатын сұйықтарды (ерітінділер, жанар май және т.б.) қолдануға болады. Оның өлшемі 1 л-ден аспауы керек. Жанатын сұйықтарды қолдану кезінде тек қана сынбайтын материалдан жасалған жабылатын ыдыстарды қолдану керек.