Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 906
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3/ Үйлену салтына байланысты өлең жырлар /тойбастар,жар-жар,беташар,сыңсу/;
4/ Көңіл-күйді білдіретін өлең- жырлар / қоштасу,естірту,көңіл айту,жоқтау/
5/ Бата-тілектер.
Қойдың пірі- Шопан ата, төлі -қозы, шақыруы -пұшайт-пұшайт
Ешкінің пірі – шекшек ата,төлі – лақ, шақыруы – шөре –шөре.
Жылқының пірі – Қамбар ата, төлі –құлын, шақыруы – құрау –құрау.
Сиырдың пірі - Зеңгібаба , төлі – ұзау, шақыруы – ауқау –ауқау.
Түйенің пірі – ойсылқара , төлі – бота, шақыруы – көс- көс.
*Тұрмыс- салт жырларының басы түрлері / Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған және әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар /
*Әдет –ғұрыпқа байланысты туған өлең : / Лирикалық жанр/
* «Бақыт іздеп,ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы – қазақ халқы,»- деген пікірдің иесі : / М.Әуезов/
* Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға жататындар: / наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және аңшылық туралы өлең жырлар/
*Қазақтың ертедегі күнкөріс кәсібі: / Төрт түлік мал/
* Халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі жайлы шығарылған өлең түрі: /төрт түлік малға, еңбекке байланысты туған жырлар /
* «Бақташының сөзі» деген халық өлеңінің негізгі тақырыбы: / әр түлікті бағып –қағудың қиындығы,өзіндік ерекшелігі/.
* «Малдың баласын сүюі» не үшін айтылған? / Адамның малды бағалауы үшін/
* «Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай.
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер! / Шопан ата/ - деген шумақтағы,буын, бунақ сандары: / 7-8 буынды,
2 бунақты/
* «Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмеген момыны деп,»-деген жыр: /Малдың баласын сүюі/
*Керекті сөзді қойып ,толықтырыңыз: «Ешкі сүйеді баласын ......» /лағым деп,тастан-тасқа секірген шұнағым» деп /
*Ауыз әдебиетінде аз тоқталады: /Сиырға /
* Сиыр туралы жыр: / Зеңгі бабаға/
* Тұрмыс-салт жырлары бойынша төлін «қараңғыға баспаған қорқағым»деп сүйетін түлік /Сиыр/
* «Шөк!» деп айтылатын мал: / Түйе/
* Түйені шақыру: /«Көс- көс» /
* «Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешті қом басқан, - деген жолдар арналған мал түрі: / Түйе/
*Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.:
Түйе сүйеді баласын .......
Жаудыраған көзіңнен поташым деп: / Боташым деп/
-
Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте? / Жетінші / -
Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың,әдеміліктің символы: / Аққу мен ақбөкен / -
Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең –жырлар: /Аңшылық туралы өлең – жырлар/ -
Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: / Мергеншілік/ -
Қазақ халқының ерте заманнан бері тойлап келе жатқан мейрамы: / Наурыз мерекесі/ -
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін!-деген өлең жолдары айтылатын уақыт: / Наурыз мерекесінде/
-
«Ала биең құлындап, -
Алатауға сыймасын, -
Қара биең құлындап, -
Қаратауға сыймасын» Салт өлеңінің қай түрі? / Наурыз батасы/ -
«Наурыз жырының» ауыз әдебиетінде жататын жанры: / Тұрмыс –салт жырлары/ -
«Наурыз жыры» тұрмыс-сат жырларының қай түрі? /Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар/ -
«Құшақтасып көріскен,жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен» деп басталатын жыр түрі: /Наурыз жыры/ -
Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырлар лирикалық жанрға жақын. -
Тұрмыс –салт жырларының қатары: /Бата –тілек,жоқтау/ -
Бала дүниеге келгенде айтылатын салт өлең: / Шілдехана/ -
...Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,- деген жолдар айтылатын өлең үлгісі : /бесік жыры/
-
Қаз-қаз балам,қаз балам: -
Тақымыңды жаз балам. / Тұсаукесер жыры/ -
Этнограф- фольклорист ғалым А.В.Васильев тұрмыс –салт жырларының қай түріне қатысты пікір айтқан? / Бата/ -
Бата –қазақ поэзиясының ерекше түрі,онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас,пейілі,ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады,- деген пікір иесі: / А.Васильев/ -
Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнантайды көлденең ұстап тұрып,қонақтардан не күтті? ( Бата «Абай жолы») -
Ас бергенге бас берсін, -
Өмірі ұзақ жас берсін -деген : / Ас қайыру батасы/ -
Жамбылдың бата түріндегі туындысы: «Аттандыру» -
«Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар,бізде ұл бар,
-
Қызыңа келген жаушымын...» деген жолдар айтылатын жағдай: /Қыз айттыру/ -
«Құтты болсын айтамыз тойыңызға, -
Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!-деген: /Тойбастар жыры/ -
Тойбастар аяқталады: /Бата беріп,жақсы тілекпен/ -
Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: /Жар-жар/ -
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі /Жар-жар/ -
Жар- жар: /Қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады/ -
Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: /Психологиялық параллелизмге/ -
Ұзатылатын қыздың ел-жұртымен қоштасарда элегиялық сарындағы өлең жыры: /Сыңсу/ -
«Алтын да менің босағам, -
Аттап бір шығам ба деп едім?!-тармақтары қай жырдан /Сыңсу/ -
Сыңсу -/ Элегиялық өлеңге жатады/ -
«Жат жұрттық болып кеткен соң -
Кетер –ау бастан сәулетім –деген үзінді алынған салт өлеңі: /Сыңсу/ -
Жаңа түскен келінді елмен таныстырып,тәрбие беретін жыр: /Беташар/ -
Әдет-ғұрып жанрының түрі:
Келін,келін келіп тұр,иіліп сәлем беріп тұр -/Беташар/
-
Айт, келін-ау,айт,келін! -
Сауысқандай сақ келін! –деген үзінді: /Беташар жырынан алынған/ -
Беташардың «Айт,келін» бөлімінің мазмұны мен мәні: /жас келіннің отбасы мүшелері мен үлкендерді,жора – жолдастар мен қонақтарды сыйлау ғұрпы/ -
«Балталы,Бағаналы ел аман бол, -
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»-деген Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады. -
Жамбылдың «Аттандыру» өлеңі /Қоштасу/ -
Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңі : «Қоштасу» -
Жоқтау,сыңсу- лирикалық жырлар. -
Қаралы жыр - /Жоқтау/ -
Салт жырларының ішіндегі ең молырақ сақталғандарынығ бірі: /Жоқтау/ -
Жоқтау қандай өлең? / Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадыр-құрметін білдіретін өлеңдер/ -
«Бөрідей жұрт ұласып, -
Айқаймен жаға жыртысып, -
Өкірген үнін өшіртіп, -
Жылаған көзден жас өрер»-деген үзінді: - «Алып –Ер Тұңғаны жоқтау» жыры/ -
Абайдың баласы Әбдірахманға арналған өлеңдері: /Жоқтау өлеңдер/ -
«Абай жолы» романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адамның есімі: /Әйгерім/ -
Бөжейді жоқтайтын: /Сары апа / «Абай жолы» / -
Уа,алатаудай Ақшадан -
Асып тудың Бөгенбай – деп жоқтау айтқан жырау: /Үмбетей/ -
Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақын: /Жамбыл/ -
«Алла ісіне шара шара жоқ-ау! -
Жетпесті қуып алқынба! -
Қайырлы ғұмыр бере көр –ау, -
Қозыжанға артында» Тұрмыс –салт жырларының ішіндегі жататыны /Жұбату/ -
Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салт жырында естіртуге жатқызамыз. -
«Аққу ұшып көлге кетті, -
Ақсұңқар ұшып шөлге кетті-деп Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін жұмбақтап естірткен: /Тазша/ / «Қозы Көрпеш- Баян сұлу/ -
«Сол ерлікпен хан болдың, -
Әлем асқан жан болдың... –деген өлең жолдары:/ Үмбетейдің Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі/ -
Көңіл айту- жақын жаны қайтыс болған адамның қайғысына ортақ болу. -
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ.
-
Өлген қайтып келмек жоқ... / Бұл –көңіл айту жыры/ -
Түңлігімнің төрт бауы мақта,ата, -
Мен кеткен соң балаңды жоқта ,ата. -
Жыл айналып сағынып мен келермін, -
Боз інгеннің ботасын сақта,ата.» /Қайым айту/-өлең тармақтарының буын саны : / 11 буынды/ -
Ауыз әдебиетінің түрлері:/эпикалық жырлар,жұмбақ,шешендік сөздер,ертегі,тұрмыс-салт жырлары,мақал-мәтелдер/ -
Тұрмыс-салт жырларының түрлері: /бата-тілек,тойбастар,беташар/ -
Үйлену салтына байланысты туған өлең -жырлар: /Беташар,тойбастар,жар-жар/ -
Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар: /Естірту,жоқтау,қоштасу/ -
Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалар: / Бата –тілектер,көңіл-күйді білдіретін өлең жырлар,наурыз жырлары/ -
Ананың жас сәбиіне деген арман –тілегі айтылған бесік жырлары:/Құрығыңды майырып,түнде жылқы қайырып,жаудан жылқы айырып,жігіт болар ма екенсің?!/ - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 35
Берілген жыр қай қатарға тән?
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұртық болып кеткен соң,
Кетер –ау бастан сәулетім / Сыңсу/
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Мақал-өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтыай түйіні.
Мәтел-белгілі бір ойға, ұғымғы ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы:
1)Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады.
2)Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары айтылады да, себебі айтылмайды.
3)Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде айтылады.
4)Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады.
Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем өрнек-снтаксистік параллелизм, әсірелеу, теңеу, т.б.
Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті тілінде. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын тапса қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан алады. Кемедегінің жаны бір.
-
Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі) -
Өмір құбылыстарын аз сөзбен шебер кестелеуі жағынан шешендік сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел) -
Мақал-мәтелдің авторы: (Халық) -
Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы: «Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады.» (Синтаксистік параллелизм) -
Мақал-мәтелдегі көркемдік өрнек:
«Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.» (Синтаксистік параллелизм)
-
Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.» (Шендестіру) -
Мақалдағы көркем сөз айшығы: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.» (Теңеу) -
Астарлы, ауыспалалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі) -
Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ) -
Кең болсаң, кем болмайсың. Ақыл-жастан, асыл-тастан. Тәуекел кемесі суға батпайды. Жігітті жолдасынан таны. Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Өнер алды-қызыл тіл. (Мақалдар) -
Мақалды белгілеңіз: (Бірлік болмай, тірлік болмас) -
«Өжет адам...» нені жеңеді? (Өлімді жеңеді) -
«Жіігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы) -
«Ақ жүрген азбас» мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы) -
Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы шәйі орамал кекенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше) -
«Асырауын тапса, адам болар» мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы) -
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалының тақырыбы: (Ынтымақ, бірлік тақрыбы)
-
«Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар» мақалының тақырыбы: (Еңбек туралы) -
Мақалдың тақырыбы: «Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе» (Үнемшілік туралы) -
«Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» мақалының тақырыбы: (Батырлық, ерлік тақырыбы) -
Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: («Отан оттан да ыстық») -
Еңбек тақырыбындағы мақал: («Жан қиналмай жұмыс бітпес»);
(«Бейнетің қатты болса, Тапқаның тәтті болар»)
-
«Бейнет, бейнет түбі зейнет» мақакалының тақырыбы: (Еңбек) -
«Ерлік тәрбиеден туады» мақалының тақырыбы: (Отанды сүю тақырыбы) -
«Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішесің.» мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)
-
Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақал: («Кеңесіп пішкен тон келте болмас») -
Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз ер өледі. Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)
-
Әке көрген-оқ жонар,
Ана көрген-тон пішер. Мақалының тақырыбы: (Тәрбие-тәлім туралы)
-
«Болған адам болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес,»-өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық)
-
Мақалдың алғашқы жолы: «..., тірлік болмас.» (Бірлік болмай) -
Мақалдың екінші жартысы: «Батыр туса-ел ырысы, ...» (Жаңбыр жауса-жер ырысы) -
Мақалдың екінші жартысы: «Қатардан ассаң да ...» (Халықтан аспақ жоқ) -
Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса, ..Мақалдың дұрыс аяқталуы: (Бықсып жанған оттай)
-
Мақалдың жалғасы: «Ер бір рет өледі, ...» (Қорқақ мың рет өледі) -
«Өнер алды-қызыл тіл» мақал қандай мағынада қолданған? (Тура мағынада) -
Абай өзінің 29-қара сөзінде «Ата-анадан мал тәтті», «Періштьте алтын көрсе жолдан таяды», «Атың шықпаса жер өрте» деген мақалдың дұрыс еместігін дәлелдеген. -
***Отбасы, туыстық қатынас туралы мақал-мәтел(дер): (*Туысы бірге кепейді, түбі бірге түтпейді; *Ағайынды жігіттің отарында малы бар; *Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады ) -
***Мақал-мәтелдің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі; *Мазмұндылық; *Ықшамдылық) -
***Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен; *Қорыққанға қос көрінеді) -
«Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?» Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңылтпаш)