Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 931

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қарағанды»романының қамтитын жылдары:(1930-1940)

Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романынында әңгімеленетін мәселе (Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы)

Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романынындағы бас кейіпкер:(Мейрам)

Мейрам,Жанәбіл-Ғ.Мұстафиннің қандай шығармадан алынған?(«Қарағанды)

Ғ.Мұстафиннің шығармаларындағы бір-бірін ұнатқан жастардың жұбы:(Ардақ-Мейрам)

Мейрам,Ардақ,Жанәбіл-Ғ.Мұстафиннің қай романының кейіпкері-(«Қарағанды»)

Қ.Мұстафиннің «Қарағанды»романындағы орыс адамдарының аты:(Щербаков,Козлов)

Ғ.Мұстафиннің көркемдік жағынан ерекше қуатқа ие болған шығармасы:(«Шығанақ»,1945)

Ғ.Мұстафиннің ауыл шаруашылығына арналған шығармасы:(«Шығанақ»)

Ғ.Мұстафиннің «Миллионер»повесінің заңды жалғасы іспеттес туындысы:(«Шығанақ»,(Дұрысы керісінше болады10.179-бет)

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»шығармасында сөз болатыны:(Әйгілі тары өсірушінің ерлігі)

Тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан Ш.Берсиев өміріне арналған Ғ.Мұстафиннің шығармасы:(«Шығанақ»)

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романының бас кейіпкері-Шығанақтың прототипі: (Ш.Берсиев (1881-1944)-тары өсірудің шебері)

Атақты неміс ақыны Бертольд Брехт арнаулы поэма жазған Ғ.Мұстафин кейіпкерінің аты:(Шығанақ)

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романының бас кейіпкері: (Ш.Берсиев)

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романындағы кейіпкер:(Олжабек)

Шығанақтан Олжабек бейнесінің айырмашылығы:(Өзімдікі дегенде өзегі талады,жиған-тергенін қызғыштай қориды)

«Шығанақ»бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана,барынша адал пейілді адам бейнесі сипатталған,»-деген пікір иесі: (М.Әуезов)

Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысы:(«Миллионер»1948ж)

Ғ.Мұстафиннің колхоз өмірінің бетбұрыс кезеңін көрсеткен романы («Миллионер»)

Ғ.Мұстафиннің «Миллионер»шығармасындағы кейіпкерлер:(Жанат,Жомарт,Жақып)

Ғ.Мұстафиннің қай шығармасында Жанат,Жомарт,Жақып деген кейіпкерлер қайда кездеседі?(«Миллионер»)

Ғ.Мұстафиннің ауылдағы өзгеріске арнаған шығармасы:(«Миллионер»)

Ғ.Мұстафин кейіпкерлері:(Жомарт,Мейрам)

Ғ.Мұстафиннің қаламынан туған шығарма:(«Дауылдан кейін»,1960ж)

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін»романы қандай тақырыпқа жазылған?(Тарихи төңкерістік тақырып)

Ғ.Мұстафиннің азамат соғысынан кейінгі ауылды гүлдендірудегі шындықты суреттейтін шығармалары:(«Дауылдан кейін
»)

Ғ.Мұстафиннің Аман,Шәкен,Жақып,Таймас,Мақаш деген кейіпкерлер кездесетін шығармасы:(«Дауылдан кейін»)

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін»романының кейіпкер(лер(і):(Шалабай,Аман,Шәкен)

Тәуке,Тайман,Әбен,Танакөз кездесетін шығарма:(«Дауылдан кейін»)

Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлер:(Әлібек,Шәкен)

Ғ.Мұстафиннің шығармалары:(«Дауылдан кейін», «Қарағанды», «Миллионер»)

Ғ.Мұстафиннің ғұмырнамалық романы:(«Көз көрген»,1963ж)

Ғ.Мұстафиннің өз өмірі жайлы жазған шығармасы(«Көз көрген»)

Ғ.Мұстафин стиліне тән қасиет:(Қаһарманның көңіл-күйін қимыл-әрекет,мінез құлқы арқылы көрсетеді)

«Менің творчествомның өзегі,арқауы,негізі-жаңа заман,жаңа адам» Бұл сөздің авторы( Ғ.Мұстафин)

«Мен әрдайым бүгінгіні,шамам келгенше ертеңгіні жаздым...» Бұл кімнің сөзі? (Ғ.Мұстафин)

Ғ.Мұстафиннің тың тақырыптарға баратын батылдығын,жаңашылдығын баса айтқан сыншы-ғалым(Зоя Кедрина)

«Сәкен туралы бірер сөз»деген мақала авторы:(Ғ.Мұстафин)

Ғ.Мұстафиннің Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған кітабы(«Ой әуендері)

Өзінің «Ойтолғауында»дәуір шындығына бұрылуын «..Өміріміздің бір қызықты шағы жөнді көрсетілмей қалыпты.Оны жазатын жасамыс адамдар азайып барады.Жастар білмейді.Борыш арқалап кету лайық па?Сондықтан азырақ шегінуге тура келді» деп түсіндірген автор( Ғ.Мұстафин )

Қасым Аманжолов

1Қ.Аманжолов(1911-1955)

Туған жері: Қарағанды обл,Қарқаралы ауданы

Тұңғыш кітабы: «Өмір сыры»(1938ж)

Шығармалары:Көптеген өлеңдері және поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз»,(1943ж), «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Бикеш», «Естай-Қорлығайын»,т.б.

«Ақын өлімі туралы поэмасын Ғ.Мүсірепов «қазақ поэмасындағы жаңа бетбұрыс»деп бағалады.»...қазақ поэзиясының інжу-маржаны»(Тихонов.Н.)

Қ.Аманжоловтың туған жылы мен туған жері:(1911ж Қарағанды обл.Қарқаралы ауданы)

Қ.Аманжолов 1935-1936жылдарықайда қызмет атқарған? (Оралда ашылған қазақ театрында)

Қ.Аманжолов 1930 жылдың басында қандай қызмет атқарды?(«Лениншіл жас»газетінде)

Қ.Аманжолов қызмет атқарған газет: ( «Лениншіл жас»,қазіргі «Жас алаш»газеті)

Қ.Аманжоловқа қамқорлық көрсетіп,Семейге оқуға алып келген: (Ағасы Ахметжан)

Сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай»жырлармен мәңгі орын тепкен,1911ж Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келген ақын: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы: («Өмір сыры»)

«Нұрлы дүние» жинағының авторы:

(Қ.Аманжолов)

«Хантәңірі», «Күлемін де жылаймын» өлеңдерінің авторы: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың М.Мақатаев шығармасымен аттас өлеңі: («Хантәңірі»)

Қ.Аманжоловтың Қазақстандағы ең биік шыңның өр тұлғасын...келбетін суреттеген өлеңі: («Хантәңірі»)

Қ.Аманжоловтың «Мұхтар аға»өлеңі кімге арналған? (М.Әуезовке)

Қ.Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (С.Мұқанов)

Қ.Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (Ш.Руставелиге)

Қ.Аманжоловтың 1937 ж 16 буынмен жазған өлеңі: («Руставели Шотаға»); «Ақынның ескерткішіне», « Отан үшін жан пида»өлеңдері 15буынмен жазылған)

Қ.Аманжоловтың Пушкиннің қайтыс болуына 100ж толуына арналған өлеңі: ( «Ақынның ескерткішіне»1937ж)

Қ.Аманжоловтың Отанды,туған жерді сүюге қастерлеуге үндейтін өлеңдерінің бірі- («Мен-табиғат бөбегі»)

«Бұл күнген лайық алыпсың!

Ол күнге қайтіп сыйғансың?

Бір өзің бүкіл халықсың

Қалдырмай бәрін жиғансың,»-деп Қасым айтып отырған алып (АБАЙ)

Қ.Аманжоловтың Абайдың сегіз аяқ өлеңіне еліктеп жазған шығармасы: («Шықтым өмір шыңына»)

«Уа,дариға,алтын бесік туған жер»деп жырлаған ақын: (Қ.Аманжолов)

«Шықтым тауға қарашы кең далаға,

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға,

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?Өлеңінің авторы: (Қ.Аманжолов)

Әнімен айтылатын Қ.Аманжоловтың өлеңі: («Туған жер»)

«Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай тасың болсам мен егер,»-деген жолдардың авторы: (Қ.Аманжолов)

Ақын Қ.Аманжолов «Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім»деген сөздерді кімге арнаған? (Туған жеріне)

Қ.Аманжоловтың «Болдым ғашық,туған дала,мен саған»деген өлең жолдары бар шығармасы: («Туған жер»)

«Япырай!Тудым неге ойшыл болып?

Кеудем толып барады,кеудем толып.

Түгім қалмай жарылып аспанға ұшып,

Неге ғана атпаймын фонтан болып?!-деген үзінді авторы: (Қ.Аманжолов)

«Суреттеп жеткізе алман қанша мақтап,

Келеді Көкше сұлу көп сыр сақтап.

«Өзгемнен осым қымбат,»-дегендей-ақ,

Көкшетау Бурабайын тұр құшақтап,»-деген үзінді авторы: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың туған елдің өсу жолын,жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңі: («Жиырма бес»)

«Мектеп-кеме,білім-теңіз»-кімнің өлеңі? (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың соғыстың алдында жазған өлеңдері: («Нартауекел», «Өз елім», «Дауыл» және «Талғар»)

Қ.Аманжоловтың майданға аттанып бара жатқан жолда жазған өлеңдері: ( «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал»)


Қ.Аманжоловтың соғыстың ауыр шындығын,солдаттың көңіл-күйін суреттеген өлеңдері : («Қапанға»)

Қасымның соғыс жағдайындағы қиыншылық пен жауынгер ерліігін суреттейтін өлеңі: («Елге хат»)

Қ.Аманжоловтың өзі өмір сүрген кездің талабы мен талғамына лайықтап 1944 жылы жазған өлеңі: («Ғалиға жауап)

Қазақтың әні мен өлеңін,

Найзадай көтеріп келемін.

Шығыстың аласа аспанын,

Түндіктей бір түріп тастадым,»деген кім? (Қ.Аманжолов)

«Үстімде сұр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін.

Қағып-соғып шығар ма,

Оңайлықпен мені өлім?»-шумағы алынған? (Қ.Аманжоловтан)

«Міне,менің алдымда жатыр Еділ,

Ер орыстың ежелден бесігі бұл.

Рухындай аруақты ата-бабалардың,

Ойшыл бұлттар аспанда шомылып жүр..»-Қ.Аманжоловтың осы шумақтан басталатын өлеңі: («Ұлы Отан соғысы туралы жыр)

Өзін 26 шумақ өлеңмен таныстырған ақын: (Қ.Аманжолов)

Өзінің «Жас дәурен», «Өзім туралы» өлеңдеріне ән жазған сан қырлы дарын иесі: (Қ.Аманжолов)


Қ.Аманжоловтың әндері: («Туған жер»,»Жас дәурен», «Өзім туралы)

Қасымның өзі туралы жазған өлеңі: («Өзім туралы)

Өзге емес өзі туралы жырлаған ақын: (Қ.Аманжолов)

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,күніне мың ойланып,жүз толғанған ақын: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың өзі «Сыр»деп атап,жас ұрпақпен ашық сөйлесіп,мақсат-мүддесін қуаныш-сүйінішін,сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңі: («Өзім туралы»)

Қ.Аманжоловтың іштей ойлану,толғану сыры сияқты,кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасы: («Өзім туралы»)

Қ.Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп,өткенін таразылап,болашаққа үміт артқан шығармасы: («Өзім туралы»)

Өзге емес ,өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп тулатып бір қалайын да...-Өзі жайлы тебірене жыр жазған ақын: (Қ.Аманжолов)

«Күніне жүз ойланып,мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,»-деген жолдар алынған Қ.Аманжоловтың шығармасы: («Өзім туралы»)

«Сөзім-жыр,лебізім-күй,ерке едім,

Өз жерім,өз елімде еркеледім,»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың өлеңі: («Өзім туралы»)

«Дариға,сол қыз»өлеңінің авторы: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың 12 буыннан жасалған «Өңімде ме еді,түсімде ме еді...»деп басталатын өлеңі : («Дариға,сол қыз»)

Өңімде ме еді,түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды.

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды...Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді? (Қ.Аманжолов «Дариға, сол қыз»)

«Шықты бір қыз театардан,

Мойнында орман түлкі.

Шашын күзеп,қасын қырған,

Аузы-басы толған күлкі.»Қай өлеңнен алынған үзінді? («Бикеш»)

«Күлемін де жылаймын,

Жылаймын да күлемін.

Неге ғана бұлаймын,

Өзім ғана білемін» Қай ақынның өлеңінен үзінді?(Қ.Аманжолов)

«Келдім сені сағынып,

Алтын ұя-...

Кең көшеңде басар нық,

Мен бір ақын солдатың..» Қ.Аманжолов айтып отырған қай қала? (Алматым)

«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?»-деп тамсана жырлаған ақынның шығармасы: (Қ.Аманжолов «Домбыра»)

Қ.Аманжоловтың «Қоңыр саз домбырадан ескен баяу»деген өлең жолындағы көркемдегіш құрал: (Метонимия)

Қ.Аманжоловтың драмалық дастаны: («Естай-Қорлығайын»)

Жалынды ақын,жауынгер Қасымның поэмасы: («Қытай қызы»)

Қ.Аманжоловтың поэмалары: («Құпия қыз», «Қытай қызы»)

Қ.Аманжоловтың Низамиден аударған шығармасы: («Ләйлі-Мәжнүн»)