Файл: ош келді з наурыз! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!»





Мақсаты: Наурыз туралы  түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей  білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз  мерекесімен  шын  жүректен құттықтаймыз. «Гүлдер»  аулының,  «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн  мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк  шығып, төрт  түлік  мал түлеп,  көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз   мерекесі.

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»         
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен  «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын  ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.
Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,
Саяна:
Ақ мол болсын.
Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын,
Мұхаммед: Төрт түлік ақты болсын.
Жүргізуші: Ұлыс береке берсін,
Әлихан:       Бәле-жала жерге енсін.
Жүргізуші: Бір тал ексең,
Аблайхан:    Он тал ек.
Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша,
Самира:      Тал қалсын.
Жүргізуші: Бұлақ көрсең,
Фариза:      Көзін аш.                                                                                                                                                                                                                                           Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың  мерекеге арналған жыр-шумақтарын  қабыл  алыңыздар.

Әлінұр: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .

Нұртөре: Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Жалғас: Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Нұрасыл: Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
М.Мирас: Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас маман.
Мансұр: Бата беріп апамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татыңыз.
Ердан: Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.
Әлихан: Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжітер сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе  балаларымыздың өнерін  бірге тамашала.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық.                                                                                                                                               (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе:
 Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың «Жігіттер» биін  тамашалаңыздар.
Би: «Жігіттер» ұлдар биі
Жүргізуші:
 Қазақ халқы өнерге бай  халық, «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» — деп халық бекер айтпаса керек. Алдарыңызға біздің кішкентай айтыскер ақындармыз «Жұмбақ айтысын» ортаға ала келді, қарсы алыңыздар.

    Айтыс: Алмас пен Тұмар (Еркем-ай әуенімен)
Алмас:
 Айналайын халқым-ай,
Тұмар: Айналайын, халқым-ай,                                                                                             Құтты болсын салтың-ай.
Болсын жүзің жарқын-ай.
Шықтық біздер жырлауға,
Ата салтын сақта деп,                                                                                                     Қазағымның салтын-ай.
Ұран етем жалықпай.                                                                                                                                            Алмас: Айтсам егер жаңылтпаш,
Тұмар:

  Қына тасқа бітеді:
Жаңыласың қалқам-ай,
Білім басқа бітеді.
Жұмбағыңды шеше алмай,
Жұмбағыңды шешеуге                                                                                                                                                                                                 Қиналасың қалқам-ай.
Білім бізде жетеді.
Алмас: Төбедегі көзінен
Тұмар:  Үйлеріндей қаланың
Күн сәулесі түседі
Бөлек-бөлек бөлме жоқ
Бұрышы жоқ төрінде
Макетіндей даланың
Самал еркін еседі
Болады ол дөңгелек
Біліміңді көрейін
Қазағымның үйі ғой.
Жауабын кім шешеді.
Тазша бала: Уа, Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен балалармен жүр екенсің.
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу» ойыны 
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, келіңдер қыздар «Наурыз –Думан» биін  билеп  берейік.
Би: «Наурыз-Думан!» қыздар биі
Жүргізуші:
 Енді осы кышкентай өнерлі балаларымызды өмірге акеліп, өнерін тамашалауға келген және де бізге көмектерін аямаған ата-аналармен «Сыр-сандық» атты  сұрақ-жауап өткізсек.
Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық» Ата-аналарға араналған сұрақтар:
— Өмірде не тәтті?   (Ананың сүті)
— Өмірде не қымбат?   (Бала, Отан)
— Жыл басы?    (Наурыз)
— Қасиетті сан?   (Жеті саны)
— Өмірде не жұмсақ?  (Ананың алақаны)
Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз Қыдыр ата келді.  Қыдыр ата жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін!                                                                                              Жүргізуші: Енді біздің кішкентай қыздардың  мерекеге арналған жыр-шумақтарын  қабыл  алыңыздар.
М.Жанель: Әнім де саған биімде саған,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш силап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!
Медина: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық .
Ән мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық .
Ұлжан: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық.
Аружан:  Наурыз тойы береке
,
Наурыз тойы жыр-аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Жанбота: Наурыз келді балалар,
Көктемде күн жағалар.
Наурыз тойын тойлайық ,
Қызығына тоймайық.
Ж.Жанель: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Наурыз әнін саламыз.
Жүргізуші:
 Олай болса  «Құтты болсын – Әз Наурыз!» атты  әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Құтты болсын – Әз Наурыз!»
Жүргізуші:
 Балалар, «Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам  бассаң мәз болам»  деп қазақтың кандай салт-дәстірінде айтылады ?
Балалар: Тұсау кесерде.
Жүргізуші : Дұрыс айтасыңдар балалар,  ал олай болса кім айтады «Тұсау кесу» дегеніміз не және немен кеседі?
Балалар: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт-дәстүр.   Ала жіппен кеседі, шөппен кеседі, тоқ ішекпен кеседі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, жақсы біледі екенсіңдер. Ал олай болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз  немересіне , «Тұсау кесу»  рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық.

                    

 Салт-дәстүр: «Тұсау Кесер»                                                                                      Аяна: «Қаз-қаз балам, қаз балам,                                                                                             Қадам бассаң мәз болам.     
Тағы, тағы баса ғой.                                                                                                     Тақымыңды жаз, балам.                                                                                                                  Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың! («Тұсау кесер»  жырынан)
Жүргізуші: Құрметті  қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне  арналған  «Тұсаукесер» тойының  батасын  Қыдыр атамызға жолдаймыз.
Қыдыр ата:
 Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)   


Конец формы