Файл: Білім беру йымы (балабаша шаын орталы, мектепалды сыныбы).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Мектепалды топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

5 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

27.02 - 03.03.2023

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналарға "Бала жиі ашуланатын болса ..." тақырыбында кеңестер беру; ата-аналарға баланың үйдегі тәртібіне көмек көрсету.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау".

Мақсат-міндеттер. Өсімдіктерді таза ұстау әдістері туралы бұрын алған білімдерін нақтылау, балаларға сыртқы түріне, құрылымына назар аудара отырып, өсімдіктен шаңды кетіру әдісін таңдауға үйрету.

(еңбек іс-әрекеті)

"Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолеттен сумен бүрку".

Мақсат-міндеттер. Жаңа еңбек дағдыларын үйрету; жапырақтарға ылғалдың қажеттілігі туралы түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Оларды суару қажеттілігін өз бетінше анықтауға үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру.

(еңбек іс-әрекеті)

"Асхана бойынша кезекшілік".

Мақсат-міндеттер. Балаларды кезекші міндеттерін адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуу, кезекшінің киімін кию, үстелді дұрыс қою. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазау. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтауда тәртіпсіздікті көре білу. Ортақ игілік үшін, ниеттеніп еңбектенуге тәрбиелеу.

(еңбек іс-әрекеті)

"Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп"

(тәрбиешінің көмекшісімен бірге)

Мақсат-міндеттер. Балаларды жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлықты, тәртіпті көре білуді. Ұжымда тату-тәтті еңбек етуді үйрету.

(еңбек іс-әрекеті)

"Кір сүлгілерді ауыстыру".

Мақсат-міндеттер. Еңбекке тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрету. Ниеттеніп еңбектенуге тәрбиелеу, ересектерге көмектесу.

(еңбек іс-әрекеті)

«Түрлі - түсті гүлдер»

Ойынның мақсат-міндеттер: дұрыс таңдау жасай білуді, құрдастарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: күлтелері алынатын жасанды гүл, қызыл және сары текшелер.

Тәрбиеші ойынның әртүрлі нұсқаларын қолданады.

Ойынның бірінші нұсқасы:

Балалардың әрқайсысы гүлдің күлтесін жұлып алып, іштерінен тілек тілейді. Егер баланың тілегі өзінің жеке басына байланысты болса, балаға сары текше беріледі, егер тілегі әлеуметтік маңызға ие болса – онда қызыл текше беріледі. Ойынның соңында барлық текшелерді жинап алып, топтағы адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейін анықтауға болады (бірақ оны балалармен талқылауға болмайды) және балаларға қандай тілектің ұнағанын, оның не себепті ұнағанын талқылауға болады.

Ойынның екінші нұсқасы:

Гүлдің бір күлтесін екі баланың алуына болады, олар ойланып және бірге келісе отырып, екеуіне ортақ тілек тілейді.

Ойынды жүргізе отырып, педагог балалардың жолдастарына, қарт адамдарға, әлсіздерге қамқорлық жасағысы келетін тілектерін қолдайды. Педагог егер балалар шынымен қаласа, олардың барлық тілектері орындалатынын айтады.

(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Ұлттық ойын. Теңге ілу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әр қайсысы жеке- жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20- 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он- оннан теңге салынады. Содан соң екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпайәр сайыскердің іліп алған теңгелерінің санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

(дене шынықтыру)

Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

(сурет салу)

Жапсырудан ойын-жаттығу

"Қарлығаш - біздің досымыз"

Мақсат-міндеттер: балаларды қарлығаш құсының дайындамаларын қағаз бетіне құрастырып, көктем мезгілінде құстардың жылы жақтан ұшып келетінін айтып, жапсыруға үйрету.

(шығармашылық іс-әрекет)

«Жіпті орау» музыкалық-дидактикалық ойын

Ойынның мақсат-міндеттер: балаларды шапшаңдыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету.

Ойынның көрнекілігі: түрлі-түсті жіптер.

Ойынның шарты: 2 топтан 2 бала шығады. Тарқатылған түрлі-түсті жіпті көңілді әуенді тыңдап тұрып орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланың жібі көп оралса, сол бала жеңімпаз атанады.

Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:

- Балалар, екі топқа бөлінеміз. Әр топтан екі баладан шығып, көңілді музыканың әуенімен қолдарыңдағы жіпті орай бастайсыңдар. Қай топтың баласы тез, әрі көп жіп ораса, сол топ жеңіске жетеді.

(музыка)

Таңертенгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (құрсаумен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, құрсау төменде (құрсаудың шетінен екі қолымен ұстау).

1-құрсауды екі қолдарымен алдына қояды; 2- құрсауды жоғары көтереді; 3-құрсауды алдына қояды ; 4- бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, құрсау төменде.

1-құрсауды жоғары көтереді; 2-қолды түзу ұстап, оңға иілу; 3-құрсауды жоғары көтереді; 4-4-бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, құрсауды бүгілген қолымен көкірегіне қою.

1-2-отырып, құрсауды алдына шығару; 3-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6 рет қайталанады.

4. Бастапқы қалып: еденге отыру, құрсауды бүгілген қолымен көкірегіне қою.

1-құрсау ұстаған қолымен оң аяғына иілу; 2-бастапқы қалып. Жаттығу сол жағына қайталанады. Жаттығу 6 рет қайталанады.

5. Бастапқы қалып: жерге арқасымен жатып, құрсауды түзу ұстап, басынан асыра қою.

1-2-тізені бүгіп, құрсаудың шетіне тигізу; 3-4-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

6. Бастапқы қалып: құрсаудың ішінде тұру.

Педагогтің 1-8 дейін санауы бойынша құрсаудан шығып секіру, қайтадан құрсауға секіру. Жаттығуды 3-4 рет қайталау.

7. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, құрсау төменде (құрсаудың шетінен екі қолымен ұстау).

1-құрсауды алға қою, оң аяғын ұшына артқа қою; 2-бастапқы қалып. Жаттығу сол жағына қайталанады. Жаттығу 6 рет қайталанады.

(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Көркем сөз

Нан – ардақты адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ө.Тұрманжанов

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Көктем жаршысы - құстар тақырыбында әңгімелесу. Аналар мейрамдары туралы әңгімелесу.

(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Көктемнің ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Көктемнің суретіне қарап әңгімелесу.

(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Көктем туралы тақпақтар жаттау.

(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Көктем туралы ән айту.

(қарым-қатынас іс-әрекеті)

Білім беру ұйымының кестесі

бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Сауат ашу негіздері

"[б] дыбысы және Бб әрпіе қайталау".

Мақсат-міндеттер: [Б] дыбысын және Б әріпін таныстыру. Артикуляция бойынша Б дыбысын дұрыс айтуға үйретуді пысықтау.
Қазақ тілі

"Құстар - көктемнің жаршысы".

Мақсат-міндеттер: балаларды 8-наурыз мерекесімен ауызша құттықтау ерекшеліктерімен таныстыру; сөйлемдер үлгілері негізінде қазақ тілінде көктем туралы әңгіме құрауға үйрету. Құттықтауды модельдеуге арналған ауызша жаттығу: "Анамды құттықтаймын".
Дене шынықтыру

"Шелек ұстап жүгіру"

Мақсат-міндеттер: балаларды су құйылған шелекті екі қолына ұстап жүгіруге үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру

"Көктем мерекесі"

Мақсат-міндеттер: балалардың "Халықаралық әйелдер күні" туралы ұғымдарын толықтыру; мерекемен құттықтау түрлерімен таныстырып, құттықтауды өздігінен немесе балалармен бірлесіп құрастыру амалдарын игерту; өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Сауат ашу негіздері

"[х] дыбысы және Хх әрпі".

Мақсат-міндеттер: Балаларға [х] дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Математика негіздері

"Көктем мезгілінің есептері"

Мақсат-міндеттер: балаларды шартты өлшем көмегімен ұзындығы түрлі жолақтарды салыстыруға, сандар құрамы тізбегін құрастыруда жаттықтыру; тең туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Музыка

"Көктем әні керемет"

Мақсат-міндеттер: балалардың көктем туралы әннің сипатын ажыратау білу, дыбысты есту және әннің сөздік мағынасын түсініп айта білу, музыка әуенімен ырғақтық қимылдарды үйлесімді жасай білу, әуеннің ырғағына ілесе отырып, музыкалық аспапта шығарманы ойнай білу қабілеттерін жетілдіру.
Сөйлеуді дамыту

"Менің анам"

Мақсат-міндеттер: тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды үйрету.

Математика негіздері

"Көңілді көктем дыбыстары"

Мақсат-міндеттері: балаларды жолақтардың көмегімен ұзындықты өлшеп, салыстыруға үйрету.
Қазақ тілі

"[Р] дыбысы (артикуляциясы, тіл ұстарту, сөздердегі дыбыстардың орнын табу) мен әрпі (атау негіздері)".

Мақсат-міндеттер: [Р] дыбысының артикуляциясын нақтылау, буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету.
Дене шынықтыру

"Кегльдер арасымен төрт тағандап еңбектеу"

Мақсат-міндеттер: балаларды бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіруге үйрету.
Көркем әдебиет

"Ы. Алтынсарин «Аурудан аяған күштірек» (әңгімесін оқу, мазмұны бойынша әңгімелеу)"

Мақсат-міндеттер: анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, орын алған жағдайларды бағалай білуге дағдыландыру. Өмірдің әртүрлі жағдайларында саналы әрекет жасауға үйрету.

Математика негіздері

"Көңілді көктем дыбыстары" (пысықтау)

Мақсат-міндеттері: балаларды жолақтардың көмегімен ұзындықты өлшеп, салыстыруға үйретуді пысықтау.
Сөйлеуді дамыту

"Менің анам" (пысықтау)

Мақсат-міндеттер: тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды үйрету.
Музыка

"Ауылымды сағындым"

Мақсат-міндеттер: балаларды қазақи әуенмен таныстыра отырып, музыкаға деген қызығушылығын арттыру; музыкалық шығармалардағы төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру.
Қоршаған ортамен таныстыру

"Құстардың жылы жақтан қайтып келуі"

Мақсат-міндеттер: балалардың көктем мезгілінде қоныс аударатын құстар туралы түсініктерді нақтылау және кеңейту.

Сауат ашу негіздері

"[х] дыбысы және Хх әрпін қайталау".

Мақсат-міндеттер: Балаларға [х] дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Мүсіндеу

"Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"

Мақсат-міндеттер: балаларды "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегі желісін еске түсіре отырып, мүсінделінген пішін бөліктерін біріктіру арқылы оларды бір-біріне жапсыру және біріктірілген жерін саусақпен тегістеу арқылы қарлығашты мүсіндеуге үйрету.
Дене шынықтыру

"Кегльдер арасымен төрт тағандап еңбектеу" (пысықтау)

Мақсат-міндеттер: балаларды бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіруге үйрету.
Көркем әдебиет

"Ы. Алтынсарин «Аурудан аяған күштірек» (әңгімесін оқу, мазмұны бойынша әңгімелеу)" (қайталау)

Мақсат-міндеттер: анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, орын алған жағдайларды бағалай білуге дағдыландыру. Өмірдің әртүрлі жағдайларында саналы әрекет жасауға үйрету.

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Серуенге дайындық

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Мұз сүңгісін бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекет, таным іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет)

Жұмбақ.

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (мұз)

Бақылау. Табиғат өзгерістерін бақылауды жалғастыру, қар ерігенде төбеден су тамшылап, аязбен ол сүңгіге айналды. Сүңгінің түр-түсіне назар аудару. Көшеде жүру ережелерін пысықтау (мұз сүңгілері бар үйлердің жанында жүрме).

Тәжірибе: мұз сүңгісін қолда ұстау, бақылау, түрін, түсін анықтау.

Қорытынды: мұз сүңгі - бұл қатқан су, күн жылы болғанда ериді.

Қимылды ойын. «Қоймадағы тышқандар». (дене шынықтыру)

Өрмелеу тәсілдерін орындау білімін бекіту. Ойынның ережесін сақтау. Белгі бойынша ұйымдасқан түрде ойнау.

Еңбек. Ауладағы еңбек. (еңбек іс-әрекеті)

Қоқысты балаларға жинауды үйрету және оларды белгіленген жерге апарту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар: Сүйікті ойыншықтармен ойын.

Балалардың сүйікті ойыншықтарымен көңілді ойнауын қадағалау. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыпты болып, жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.

Қар суын бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекет, таным іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет)

Жұмбақ.

Жатты да жатты,

Жылғаға жаратты. (Қардың еруі)

Бақылау.

Қар қалындығының өзгеруіне назар аудару. Күннің қыздыруымен қардың жұқа жері еріп, қар суына айналады. Қар суы күннің жарқырап тұрғанында және қыздырған жерінде пайда болады. Қар астынан пайда болған алғашқы көк шөпке назар аудару, көктемнің сұлулығына қызығушылығын арттыру.

Қимылды ойын. "Горелки" (орыс халқының ойыны). (дене шынықтыру)

Жолдастарымен келісіп алаңда жүгіруге (және орындарына тұруды) үйрету. Қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.

Өз бетімен ойындар. Қар бетіне сурет салу. (шығармашылық іс-әрекеті)

Балаларды жерге қардың бетіне сурет салуға тарту, қызығушылықтарын артыру. Өзіндік талабын мадақтау.

Маусымдық өзгерістерді бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекет, таным іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет)

Мақсат-міндеттер. Табиғаттағы көктемгі өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру; көктемнің келуімен торғайлардың мінез-құлқындағы өзгерістерді көруге үйрету;

құстарды бақылауға қызығушылықты ояту, оларды құрметтеу.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: гүлзарды былтырғы шөптен тазарту. (еңбек іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Еңбекке деген позитивті қатынасты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Кім жылдам?", "Әрі қарай және одан жоғары". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Жүгіру кезінде жаттығу, жылдамдықты дамыту; оңай, кедергіден оңай өтуге үйретуді жалғастыру.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: бір орында жоғары секіру. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Секіру қабілетін дамыту, күшін жылдамдықпен үйлестіру.

Итті бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекет, таным іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет)

Мақсат-міндеттер. Көктемгі жануарлардың тіршілігі туралы идеяларды жүйелеу; жануарлар тіршілігінің өзгеру себептерін табуға, себеп-салдар байланыстарын орнатуға үйрету; дәлелді сөйлеуді дамыту; қолға үйретілгендер үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: жерді қазуға қатысу. (еңбек іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер: ұжымдық жұмыс істеу қабілетін бекіту; еңбекқорлықты қалыптастыру, жұмысты соңына дейін жеткізуге деген ұмтылыс.

Қимыл - қозғалыс ойындары: "Кілттер". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: секіру (бір аяғымен), шектеулі жерде кеңістікті бағдарлау қабілеттерін жетілдіру; дәлдікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: қозғалыстарды дамыту. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: секіру техникасын жетілдіру. (ұзын арқанмен жаттығулар)

Тамшыны бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекет, таным іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет)

Мақсат-міндеттер. Судың температураға байланысты өзгеруі туралы білімдерін бекіту; зерттеу қызметін үйрету.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: жерді қазуға қатысу.

Мақсат-міндеттер. Ұйымдасып жұмыс істеу қабілетін бекіту; еңбекқорлықты қалыптастыру, жұмысты соңына дейін жеткізуге деген ұмтылыс.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Кілттер". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Секіру (бір аяғымен), тар жерде кеңістікті бағдарлау қабілеттерін жетілдіру; дәлдікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: қозғалыстарды дамыту. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Секіру техникасын жетілдіру (ұзын арқанмен жаттығулар).

Серуеннен оралу

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.

Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Көркем сөз

Нан – ардақты адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ө.Тұрманжанов

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай жасау.

Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.

Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

Шаңғы жаттығуы (екі аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созу, жинау, табанды төсек үстіне үйкеу). Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру)

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Сақина" аз қимылды ойыны.

Мақсат-міндеттер. Балаларды зеректікке, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Құралдар: баланың алақанына жасырынатын шамадағы сақина.

Шарты.

Ойыншылар жарты шеңбер құрып отырады, жүргізуші сақинаны алып, әрбір балаға кезегімен сақинаны салған сияқты қимылдар жасайды. Алақанына жасырынып салынған сақинасы бар баланы жүргізуші шақырғанда орнынан ытқып шығып, шеңбердің тысына шығып кету керек. Ойыншылар сақинасы бар баланы байқаса, оны орнынан жібермей, ұстап алу керек.

(дене шынықтыру)
Сюжетті-рөлдік ойын.

"Сұлулық салоны".

Мақсат-міндеттер. Балалардың сұлулық салоны қызметкерлері (шаштараз, маникюр, педикюр шебері, бет әрлеуші) мамандықтары жайында ұғымдарын тиянақтау; нәтижелі қарым-қатынастарға, жауапкершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Құралдар.

Шаштараз, маникюр, педикюр шебері, бет әрлеуші сияқты мамандар қолданатын ойыншық құралдар және модельдері (қатпа қағаздан, пластиктен жасалған); перчаткалар, халаттар, бас киімдер мен алжапқыштар; журналдар; төлемді қамтамасыз ететін карточкалар мен қаражаттың орнына қолданатын таңбалауыштар.

Шарты.

Педагог ойын алдында балалармен сұлулық салонынды қызмет ететін шаштараз, маникюр, педикюр шебері, бет әрлеуші жайында әңгімелесіп, суретімен татанысады. Дәріханада қызмет ететін мамандар жөнінде әңгімелеседі. Балалар сұлулық салонында қай маман, қандай құралдарды қолданатынын түсіндіреді.

Балалар сұлулық салонында қызмет ететін мамандарды таңдайды немесе санамақты қолданады; мамандар өздеріне қажет киім және құралдарды алып, орындарына барады; балалардың қалғаны тұтынушылар болады.

Педагог мамандарға өз орындарын дайындап отыру жайында, ал тұтынушылар өз мұқтажын дұрыс сөзбен немесе журнал бетін көрсету жайында айтады.

Алғашында педагог диалогтарды реттеп жатады, сұрақтарды тиянақты қоюға жаттықтырады.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын.

"Маталар жәрмеңкесі".

Мақсат-міндеттер. Балаларды табиғи және жасанды маталар түрлерін ажыратуға жаттықтыру; мата түрлерін ұстап, сипау, көзбен қарау, салыстыру сияқты зерттеу тәсілдеріне үйрету; түйсік, зейін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; талғампаздыққа, зияткерлікке тәрбиелеу.

Құралдар.

Табиғи маталар кескіндері: мақта мата (сиса, батист, атлас, джинсы), зығыр мата; жүн мата (драп, киіз мата); жібек мата (шифон, жаккард, атлас); жасанды маталар (вискоза, плащ матасы).

Педагог қанша маталарды зерттеуге болатынын, қалыптасқан жағдайларға сүйеніп, ойынды ұйымдастырады.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Сюжетті-рөлдік ойын.

"Киім тігу шеберханасы".

Мақсат-міндеттер. Балалардың түсінігінде киім тігу шеберханасы ұғымын бекіту; ойын барысында дизайнер, киім үлгісін пішуші маманы, тігінші, тоқымашы, үтіктеуші сияқты мамандықтардың киім тігу шеберханасында қандай орын алатыны туралы түсініктерін тиянақтау; ойын барысында рөлдерді игерту; эстетикалық талғамды, ойлау қабілетін; төзімділікке, еңбексүйгіштікке, адамның еңбегін қадірлеу қабілетіне тәрбиелеу.

Құралдар.

Ілмектер, ойыншық тігін машинасы, ойыншық қайшы, ойыншық үтік, жіптер, мата үлгілері, бор, сызғыш, қарындаш, сәнді киімдердің суреттері басылған журналдар, киім үлгілерінің сызбалары.

Шарты.

Педагог балалармен бірлесіп, киім тігу шеберханасы туралы суреттерді қарайды, бұнда қызмет ететін мамандардың еңбегі жайында әңгімелеседі; түрлі сән журналдарын, сәнді киімдерді көрсету туралы бейнежазбаларды көреді, бәрін зерттейді.

Балалар дизайнер, киім үлгісін пішуші маман, тігінші, тоқымашы, үтіктеуші сияқты мамандарға бөлінеді, қолдарына қажетті жабдықтар алып, орындарына отырады.

Қалған балалар тұтынушылар болып, сән журналынан өздеріне киім үлгісін, тігіншімен бірге мата үлгісін таңдайды.

Алғашында педагог ойын барысын белгілі фразалармен сүйемелдеп отырады, ойыншыларға қосымша, әрекеттерін анықтайтын сұрақтар қояды, өзі журналист ретінде ойынға қатысып жүреді.

Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасай алады: адамның әдемі киімді киім жүруі үшін көптеген мамандар еңбек етеді, еңбекті қадірлеу керек; ал еңбекте өте төзімді және шебер болу қажет.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Вариативті компонент. Жас зерттеуші

"Құстар ұшып келгенде"

Мақсат-міндеттер: балаларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру; құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.
Дидактикалық ойын.

"Дұрыс па? Бұрыс па?" (қажетті етістіктермен сипаттау)

Мақсат-міндеттер. Балаларға жан-жануардың (адамның, құбылыстың) қимыл-қозғалысын білдіретін сөздерді тыңдатып, сипаттаманың дұрыс немесе бұрыстығын анықтатқызу, дұрыс нұсқаны айтуға ынталандыру; қоршаған әлем заңдылықтары жайындағы білімдерін нығайту; сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту; дүниетанымын кеңейту.

Балалардың жауаптары мынадай болуы мүмкін: "Қасқыр шаңқылдамайды, ұлиды", "жел тамшыламайды, соғады, еседі", "құс жорғаламайды, ұшады", "балық ұшпайды, жүзеді", т.б.

Педагог жануарларға немесе құбылыстарға ғана сипаттама беруі мүмкін. Бұл ойынның нұсқалары көп болады.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Сюжетті-рөлдік ойын.

"Дәріхана".

Мақсат-міндеттер. Балалардың дәріхана қызметкерлері (фармацевт, провизор) мамандықтары жайында ұғымдарын тиянақтау; нәтижелі қарым-қатынастарға, жауапкершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Құралдар.

Дәрі-дәрмектердің модельдері.

"Дәріхана" сөмкелері; ақ халаттар, төлемді қамтамасыз ететін карточкалар мен қаражаттың орнына қолданылатын таңбалауыштар.

Шарты.

Педагог балалармен дәріханада қызмет ететін мамандар жөнінде әңгімелеседі. Балалар фармацевт, провизор сияқты мамандардың міндеттерін, дәріханада сатылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық көмек жасау үшін қандай құралдардың қажет болатынын анықтайды.

Балалар дәріханашы мен провизор рөлдерін кімнің ойнайтынын анықтайды, қалғандары тұтынушылар болады; өздеріне қажет киім және құралдарды алып, орындарына барады.

Педагог тұтынушылар дәріханаға келіп, ойынды бастайтынын айтады.

Алғашында педагог диалогтарды реттеп жатады, сұрақтарды тиянақты қоюға жаттықтырады.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын.

"Бұл қай мезгілде болады?"

Мақсат-міндеттер. Балалардың мезгілге тән құбылыстар туралы білімдерін тиянақтайды; ойлау, есте сақтау, зейін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Шарты.

Педагог балаларға кез келген жыл мезгіліне тән құбылысты сипаттайды, балалар құбылыстың атауын, жыл мезгілін табуға міндетті.

Балаларды жауаптарын тек бір сөзбен ғана айтпай, құбылыстың не себептен болғанын түсіндіруге талпындыру қажет.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Сюжетті-рөлдік ойын.

"Кітапхана".

Мақсат-міндеттер. Балалардың кітапхана жайында ұғымдарын нығайту; кітапханашы атқаратын рөлі неде екендігін анықтау; тәртіптілікке, ұғымталдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Құралдар.

Кітаптарға сөрелер, түрлі кітаптар; оқырманды белгілеу кітапшасы; оқырман билеті бейнеленген карточкалар.

Шарты.

Педагог балалармен бірлесіп, дайындық жұмыстары ретінде кітапхана жұмысы, кітапханашы қызметінің мәнін ашатын суреттер бойынша әңгімелейді, үлкен кітапханалар жайында бейнежазбалар мен фотосуреттерді тамашалайды.

Балалар кітапханашы жұмысын қалай атқарып (оқырманнан берілген кітап үшін карточканы алу, толтыру), қандай құралдарды қолданатыны, оқырманның міндеті мен құқысын қалай іске қосуға болатынын біліп алуы тиіс.

Балалардың арасынан кітапханашылар өз ниеттеріне байланысты таңдалады немесе санамақ қолданылады.

Алғашында педагог өз тарапынан ойын барысын сөзбен сүйемелдеп отырады, ойыншыларға қосымша, әрекеттерін анықтайтын сұрақтар қойып жүреді, ойынға өзі қатысады. Бұндай амал ойын желісінің одан ары жалғасуына үлес қосады.

Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасай алады: кітапханадағы негізгі ережелер: тыныштық сақтау, қатты сөйлемеу; кітаптарды тазалықта ұстау, оқып болғаннан кейін, кітапханаға қайтару.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын.

"Адасқан сандар".

Мақсат-міндеттер. Балалардың сандар тізбегі жайындағы білімдерін нығайту; реттік сандарды пысықтау; сандар тізбегінде аталған санның көршілерін немесе тізбектегі кез келген санның арасында жасырынған санды тауып атауға жаттықтыру; зейінді, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту; шапшаңдыққа, зеректікке тәрбиелеу.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Сюжетті-рөлдік ойын.

"Аспазхана".

Мақсат-міндеттер. Балалардың аспазханада жұмыс істейтін мамандар: аспаз, даяшы, кассир, гардероб қызметкері туралы білімдерін тиянақтау; қоғамдық орындарда әдептілік, тамақтанудағы әдеп ережелерін меңгерту, оларды ұстануға ынталандыру; сыпайы қарым-қатынас құруға, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.

Құралдар.

Аспазхана жиһаздары (үстелдер мен орындықтар), аспазхана қызметкерлеріне (аспаз, даяшы, кассир, гардероб қызметкері) киім үлгілері мен құралдары.

Шарты.

Педагог балалармен бірлесіп, алдымен аспазхананың адамдар (тұтынушылар) үшін тағамдар әзірлеу қызметі және оның маңызы туралы әңгімелеседі. Бұл кезде суреттер көрсетіліп, педагогикалық жағдаяттар шешіліп жатады.

Балалардың рөлдерді ойнауда нені қалайтыны, содан соң санамақ амалы қолданылады.

Сонымен қатар, педагог балалармен бірлесіп ұсынылатын белгілі тағамдардың тізімдерін, мәзірді жасайды. Ол үшін педагог және балалар кешкі уақытта түрлі тағамдардың суреттерін журналдардан қиып алады, ойында қолданады.

Педагог адамдардың келуі алдында (балалар орындарында отырып) қызметкерлердің жұмысын бақылайды.

Барлық тағамдар әзірленген кезде балалар (тұтынушылар) тамақтану залына шақырылады.

Даяшы келген тұтынушыларға мәзірді ұсынады, балалар тапсырыс береді, аспаз әзірлеуді көрсетеді. Даяшы балаларға әкеліп береді, балалар төлемді жасайды.

Балаларға "даяшы", "мәзір", "тағам" сияқты жаңа сөздерді айтқызу керек, балалар сол сөздерді пайдаланады.

Педагог ойын барысын өзі реттеп жатады, балалардың әрекеттерін белсенді ету үшін, қосымша сұрақтар қояды.

Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасайды. Адамдарды дәмді тағамдармен тамақтандыру үшін, аспазхана қызметкерлері көп еңбектенетінін айту. Ойында "рақмет" пен "өтінемін" сөздерін қолдану, үстел басында тыныштық сақтау, асықпай тамақтану, құралдарды дұрыс пайдалану, қоғамдық орындарда тәртіпке бағыну.

(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Балалармен жеке жұмыс

"Көктем" тақпағын жаттау.

Көктем қырға төрледі,

Төрт түлік мал төлдеді.

Бәйшешектер құлпырып,

Деп тұрғандай: «Көр мені!»

Жылы мезгіл жетіпті,

Тастадық біз етікті.

Қар көктемге жеткізбей,

Тауға шығып кетіпті!

К.Ыбырайұлы

(қарым-қатынас іс-әрекет)

"Сыпайы сөздер" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер. Балалардың өзін-өзі ұстау мәдениетін, сыпайылықты, әрқайсысына деген құрмет сезімін, досқа, бір-біріне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.

Барысы. Педагог балаларға әртүрлі сюжеттер бейнеленген суреттерді көрсетеді және сұрақтар қояды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

(сөйлеуді дамыту)

Санамақтар айтқызу.

"Кел, санайық санамақ".

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки, ұш!

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау - ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон!

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

(қарым-қатынас іс-әрекет)

Сурет салудан ойын-жаттығу

"Анамның портреті"

Мақсат-міндеттер: балаларды ананың портреті салуға үйрету; екі көз, мұрын, ауыз сияқты бет мүшелерін мөлшерлеп, адамның бетін салу техникасын игерту.



Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, басқұр, арқан, жіп).

(қазақ тілі)

Серуенге дайындық

Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық даңдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуенді бақылауды жалғастыру. (қарым-қатынас іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)

Серуеннен оралу

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.

Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Көркем сөз

Нан – ардақты адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ө.Тұрманжанов

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, қазақ тілі)

Мақсат-міндеттер. Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтары, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.

Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка)

Мақсат-міндеттер. Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру. Ертеңгілікке дайындық.

Өнер бұрышында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл») туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.

Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсіну. Тірі және өлі табиғаттың, Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныту.

Мерекелік мерекелердің Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу.

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

Балаға ертегі оқудың маңыздылығы жайлы ата-анамен әңгімелесу.

"Ең әдемі гүлдер" жобасын ұйымдастыру.

«Айына бір рет отбасы күнін өткізу».

«Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» жоба.

Балалардың тазалығы туралы ата-аналармен әңгімелесу.