Файл: Реферат Таырыбы Етеккір цикліні бзылысы. Пубертат кезеніде аномальды жатыр канамасы. Мсак дегейінде акушериялыгинекологиялы кмек.docx
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көрсетілген циклдық өзгерістер әйелдің жыныстық жетілу шағында дұрыс уақыт аралығымен қайталанып тұрады. Циклдық процестердің тоқтап қалуы жүктілік және кеудемен тамақтандыру сияқты физиологиялық процестермен байланысты. Етеккір циклдарының бұзылуы патологиялық процестерде де байқалады (ауыр ағымды аурулар, психикалық әсерлер, құнарлы тамақтану және т.б). Етеккір кезеңінің гигиенасы
Қалыпты етеккірдің ұзақтылығы 3-5-7 күннен аспайды. Әр етеккір кезінде 50-150 мл қан жоғалады.
Етеккір қанының құрамы жатыр бездері сұйықтығының едәуір қосындысынан және эндометридің функционалды қабатының бөлінген бөліктерінен тұрады. Құрамында ферменттердің болуына байланысты ұйымайды, тамырлардағы қанға қарағанда түсі қара қоңыр болады.
Етеккір – физиологиялық құбылыс, бірақ осы кезеңде ағзада байқалатын өзгерістер тазалық ережесін мұқият сақтауды талап етеді. Етеккір кезінде әйел әдеттегі жұмыстарын орындай береді, бірақ шаршап-шалдығудан, артық күш-салмақтың түсуінен, дененің салқындауынан және қызуынан аулақ болуы керек.
Етеккір келер алдында және келген уақытта ішкі және жамбас мүшелеріне қанның келуін тудырмау үшін ащы тағамдар және ішімдік қабылдау ұсынылмайды. Етеккір кезінде қанның жыныс мүшелеріне ағылуы қан жоғалтуды арттыруы мүмкін.
Етеккір кезінде функционалды қабаттың бөлінуіне байланысты жатырда "жаралы қабат" түзіледі. Патогенді микроағзалардың енуі және осы жараның жұқпалануы жатырдың, түтіктердің, аналық без бен жамбас қуысының қабынуына әкеп соқтырады. Сол себепті бүкіл дене мен сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығын мұқият тексеріп отыру қажет.
Етеккір қаны еркін ағуы керек және арнайы мақталы-дәкелі төсемдерге сіңірілуі тиіс. Сыртқы жыныс мүшелерін күніне 2-3 рет қайнаған жылы сумен шайып отырған жөн. Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге және сумен шашырату жасауға болмайды, себебі жатырдың жаралы қабаты жұқпалануы мүмкін. Сондай-ақ етеккір кезінде қынапқа лас судың енуіне байланысты ванна емес, себезгі қабылдау ұсынылады.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
- шағымдарды, анамнезді жинау;
- физикалды тексеру: дене массасының индексі/салмағы, қалқанша безді саусақпен басып тексеру, теріні тексеру, ішті саусақпен басып тексеру, гинекологиялық зерттеу;
- ТВДДЗ (жатыр қуысының ахуалы мен эндометрийді бағалау үшін – тексерудің бірінші желісі) (ДД 1,А)[3]
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
ҚЖТ (6 параметр); ИФТ тәсілімен прогестеронның құрамын анықтау (овуляциялық немесе овуляция жоқ циклын анықтау үшін тұрақты циклы бар әйелдерде ЕЦ 21-23 күндері немесе болжамалы етеккірге дейін 7 күн қалғанда – циклдің екінші фазасында);коагулология: тромбоциттер агрегациясын зерттеу, қан сарысуындағы қызыл жегі антикоагулянтын анықтау, қан сарысуындағы Д-димер санын анықтау (менархе басталғаннан кейін ауыр етеккір қан кетуі бар немесе жеке немесе отбасылық НЖҚ анамнезі әйелдерде); кіші жамбасқа МРТ (жатыр дамуының ақаулықтары); жатыр қуысының ахуалын бағалауға арналған гистероскопия, эндометрия, миометрия (ДД I, А)[3];
Жоспарлы ауруханаға жатқызуға бағыттағанда қажетті тексерудің ең аз тізімі: ҚЖТ (6 параметрде); НЖТ; коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, МНО); қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин); ABO цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау; қанның резус-факторын анықтау; қан сарысуындағы Вассерман реакциясы; ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ p24 антигенін анықтау; ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусуын анықтау; ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатитінің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау; гинекологиялық сүртінділердің тазалық деңгейін анықтау; кіші жамбас органдарына ТВУДЗ; ЭКГ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: шағымдарды, анамнезді жинау; физикалды тексеру дене массасының индексі/салмағы, қалқанша безді ұстап көрі, теріні тексеру, ішті басып ұстап көру, гинекологиялық зерттеу; ҚЖТ (6 параметр бойынша); НЖТ;
- коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, МНО); қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин);
- ABO цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау; қанның резус-факторын анықтау; қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ p24 антигенін анықтау;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусуын анықтау; ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатитінің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау;
- гинекологиялық сүртінділердің тазалық деңгейін анықтау; кіші жамбас органдарына УДЗ; ЭКГ.