Файл: 8 1 композицияны ттастан блшекке, блшектен ттаса арай талдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Еңлік-Кебек» поэмасының құрылымы
Бөлім: | 2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Еңлік-Кебек» поэмасының құрылымы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.2.1.1. композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым –қатынасының тілдік көрінісін талдау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. |
Құндылықтарға баулу: | Функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу . | |||
Жаңа сабаққа кіріспе | «Миға шабуыл» Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | «Еңлік – Кебек» кім жазды? Поэмадағы Кеңгірбайдың бейнесі? Еңлік – Кебекке Кеңгірбай қандай шешім қабылдайды? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. сұрақтар қойылады. | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | №1 -тапсырма. Поэма деген не ? Поэманың қандай ерекшелігі бар? Мұғалімнің кеңесіне сүйене отырып, поэма мен дастан ұғымына талдау жасаңдар | Сұраққа жауап береді, поэма мен дастан ұғымына талдау жазады | Дескриптор: Жалпы – 5 балл. Жұмыс дәптеріне кесте сызып, таладау жазады | Оқулық, жұмыс дәптерлері, т.б. |
| №2-тапсырма: Шығармада аталатын тарихи тұлғалардың (хандар,билер, ел басшылар) өмір сүрген кезеңдеріне байланысты деректер іздестіріп, олардың тарихта қалдырған іздеріне шолу жасаңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар. | Шығармада аталатын тарихи тұлғалардың (хандар,билер, ел басшылар) өмір сүрген кезеңдеріне байланысты деректер іздестіріп, олардың тарихта қалдырған іздеріне шолу жасайды. | Дескриптор: Жалпы – 5 балл. Ақпарат құралдарымен деректер іздестіреді, дәптерге жазады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, т.б. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: |
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді.