ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | |
Педагогтің аты-жөні | Шекербекова Әлпеш Ниязқызы |
Күні | |
Сынып | 7 |
Сабақтың тақырыбы | Жақсы дос- жан азығы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру |
Сабақтың мақсаты | Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру, проблемалық сұраққа жауап беру |
Сабақтың кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау |
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады «Достық» деген сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып, досқа тән қасиеттерді сипаттау арқылы тақырыпты ашады | Дескрипторларды ескере отырып, берілген тапсырманы орындайды. «Достық» деген сөздің құрамындағы әріптерден басталатындай сөз тіркестері және сөйлемдер арқылы досқа тән қасиеттерді сипаттап жазады | Дескриптор: 1.Әр әріпті пайдаланып, сөз тіркестері немесе сөйлемдер арқылы сипаттама беру 2.Нағыз досқа тән қасиеттерді ашу |
Сабақтың ортасы | Мәтінді оқушылар назарына ұсынады, мәтін мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстыра отыра екі проблемалық сұрақ құрастыруға тапсырма береді Достық — шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгершілік жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін бәріміз жақсы білеміз. Достық жүрген жерде жалған сезімге орын жоқ. Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы деп Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің достығын айтуға болады. Маркс пен Энгельстің ұзақ жыл бойы бірлесіп еңбек еткені, бір тұрмаған жағдайда күнбе-күн хат арқылы хабар үзбегені, олардың бір-біріне деген достық қамқорлығы тарихта аңыз болып қалды. Маркстің адам баласының бақытына еңбек етуіне, қаламақысы шылым алуына да жетпеген сол бір заманда “Капитал” сияқты ұлы еңбегін жазуына Энгельстің достық көмегі шексіз болғаны белгілі. 1857 жылы Энгельс науқастанып қалғанда Маркс ерінбейжалықпай медицинаны зерттеп, досын дерттен емдеудің жолын іздегені де белгілі. Ал Энгельс болса жоқшылықта өмір сүрген ұлы досына өмір бойы көмек көрсетумен болады. Жаны жек көретін сауда конторында ол Маркс үшін қызмет істеп, тапқан табысын досының отбасына беріп тұрады. Екі алыптың асқан достықпен, ынтымақтастықпен істеген еңбегі арқасында адам баласы ұлы ғылымға ие болды. | Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің мазмұнын бүгінгі таңмен салыстыра отыра, екі проблемалық сұрақ құрастырады | Дескриптор: 1. Сұрақтар танымдық әрекетке тарту мақсатында қойылады 2. Мәтінде сипатталған достық қарым-қатынасты бүгінгі күнмен байланыстыра отыра проблемалық сұрақ әзірленеді |
Сабақтың соңы | «Өмірде адал дос көп пе, амал дос көп пе?» деген проблемалық сұраққа «ПОПС» формуласы арқылы оқушылардан жауап алады | Берілген проблемалық сұраққа «ПОПС» формуласын негізге алып,жауап береді,өз пікіріне аргумент ұсынады | |
Үйге берілетін оқу тапсырмасы | Достық тақырыпқа байланысты екі жағдаяттық тапсырма дайындау | | |