ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 102
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• Қарапайым, күрделі және комплексті галлюцинациялар бар.
-Қарапайым галлюцинацияларда алдамшы бейнелер элементарлы болып келеді.
-Күрделі кезде олар мағыналы болады.
-Комплексті жағдайларда галлюцинаторлық бейнелер күрделі және бір мезгілде әртүрлі сенсорлық модальділіктермен беріледі (мысалы, науқас адамды көреді, оның сөзін естиді, одан шығатын иісті және оның жанасуының жылуын сезінеді).
3. Ойлау
Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.
Ойлау негізі – түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.
Ойлау патологиясы:
Ойлау патологиясын екіге бөліп қарастырамыз:
1) Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы.
Бағаланады:
- Қарқын- ойлау жылдамдығы.
- Тереңдік- құбылыстың мәніне ену дәрежесі, яғни жалпылау процесінің сипаттамасы.
- Жүйелілік – пайымдау барысының өзара байланысы, дәлелділігі, негізділігі.
- Икемділік - бұл қажет болған жағдайда жоспарланған әрекетті өзгерту мүмкіндігі.
- Сынилық - бұл жағдайды түсінуді дұрыс бағалай білу, объективті шындық пен ол туралы өзінің субъективті идеяларын салыстыру.
2) Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады: сандырақ, аса бағалы ойлар, жабыспалы идеялар
1) Ойлау формасы бойынша бұзылулар:
1. Қарқыны өзгеруіне байланысты:
- Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады. Көп сойлейді-логорея, бір әңгімесін бітірмей екіншісін бастап кете береді- идеялар секіруі, ойын тез-тез айтып тастауға тырысады, сөзін бөлу немесе назарын сөйлесушіге(дәрігерге) керек бағытқа бұру қиын.
Кездеседі:
• маниакальды синдромда
• қорқыныш, үрей кезінде
• психостимуляторлар қолданғанда, жеңіл алкогольді мастануда
- Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді.
Кездеседі:
• Депрессиялық психозда
• Шизофренияда
• Есеңгіреген жағдайда(сананың жеңіл түрдегі өшуінде)
• Психоорганикалық синдромда- бұл синдромда ойлау баяулауы қайтымсыз болады, себебі ол кезде психикалық үрдістің құрылымы болып табылады, жағдайы емес.
• Реактивті және басқа да психоздарда
Ұқсас тұжырымдама: брадифрения - бұл психикалық процестердің, соның ішінде қозғалыс сферасының жалпы баяулауы.
Баяу ойлауды апатияға байланысты сөйлеу өндірісінің жалпы кедейленуінен (алогия) ажырату керек (бұл жағдайда бастапқыда баяулау емес, процестердің кедейленуі болады).
2. Тереңдігі өзгеруіне байланысты:
•Төмендеу: нақты ұғымдардың басым болуы, жалпы (абстрактілі) белгілерді оқшаулау қиын.
Патологиялық байымдылық – шамадан тыс егжей-тегжейлі, белгілі бір жағдайларға, бөлшектерге жабысып қалу
Конкреттік ойлау – ойлау нақты пайымдаулармен шектеледі, абстрактілі ойлау мүмкін емес.
Бұрмалануы: тым жалпы немесе құбылыстардың тек кездейсоқ жағын көрсететін абстрактілі ұғымдардың басым болуы.
Резонерлік (пікір айту) – өзінің тікелей тақырыбынан шектен тыс абстракцияланған ұзақ, дерексіз пайымдау.
Символдық ойлау сөздердің немесе оқиғалардың ерекше, абстрактылы, кейде жай ғана кездейсоқ мағынасы болып табылады.Неологизмдер – меншікті жаңа сөздер: криптолалия- толық жаңа тіл пайда болуы, немесе криптография- бір авторға түсінікті шифрлық жазу жүйесі.
3. Жүйелілік өзгеруіне байланысты:
• Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы(«бұзық бақта, ал Киевте – ағай»),. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады.
• Паралогиялық ойлау («қисық логика») – пациенттің ойлауының біржақтылығы мен қиғаштығынан туындайтын, оны шындыққа қайшы келетін тұжырымдарға жетелейтін логикалық байланыстардың бұзылуы, логикалық қателер.
• Ойлау байланыссыздығы (инкогерентті) – сөздер арасындағы логикалық және грамматикалық байланыстың толық болмауы. Науқастардың сөйлеуі біркелкі емес, жеке сөздердің, сонымен қатар буындар мен дыбыстардың ретсіз жинағы.
• Мағыналық сырғымалар – негізгі ойды негізсіз өзгерту, екіншілік
• Шперрунг («ойдың бітелуі») – ойдың кенеттен үзілуі
4. Икемділігінің өзгеруіне байланысты:
• Стереотиптік ойлау – көзқарасты өзгерту, қайталау және ой тәртібін өзгерту қиындығынан көрінетін ойлау икемділігінің жалпы төмендеуі.
• Ойлаудың қатаңдығы – бір ойдан екінші ойға өтуде айтарлықтай қиындықтармен ойлау, әдетте баяулаумен, тиянақтылықпен, табандылықпен үйлеседі.
«Сөйлеу стереотиптері»
• Персеверация – бұрын айтылған ойға қайта оралу
• Вербигерация – жеке сөздердің немесе дыбыстардың стереотиптік, жиі ырғақты қайталануы
• Тұрақты айналымдар – пациенттің сөзін едәуір дәрежеде толтыратын қысқа стереотиптік өрнектер.
5. Сынилықтың өзгеруіне байланысты:
• Сәбилік ойлау(инфантильді ойлау) – ересектердегі жетілмегендік ерекшеліктерімен ойлау; логикалық (рационалды) ойлауды жеткіліксіз қолданумен, интуитивті пайымдауларға сүйенумен және ойлаудың эмоциялардың бұрмалану әсеріне бейімділігімен сипатталады. Сабақтас ұғымдар: эгоисттік ойлау, магиялық ойлау.
• Аутистік ойлау («шындықтан ажыраған ойлау») – өз идеяларының әлеміне ену. Дамыған абстрактілі ойлауда бұл идеялар мен шындық арасындағы сәйкессіздікке назар аударылмайды (әсіресе басқа адамдардың сезімдері мен ойларына қатысты).
2. Ойлау мазмұны бойынша бұзылады
1) Сандырақ
Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады. Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді. Әсер ету сандырағында сол аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді. Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді.
Фабуле бойынша 3 ке бөлеміз:
-
Персекуторлы(соңына түсу):
-
Соңына түсу сандырағы; -
Әсер ету; -
Улану; -
Сиқырлық; -
Материалдық залал; -
Дау-дамай; -
Қарым-қатынас; -
Қызғаныш және т.б.;
-
Депрессивті
-
өзін-өзі қорлау сандырағы; -
өзін-өзі айыптау; -
күнәкарлықтың; -
ипохондриялық.
-
Ұлылық
-
байлық; -
өнертабыстар; -
реформаторлық; -
жоғары шығу тегі; -
махаббат.
СИНДРОМДАРЫ:
• Обсессивті-фобиялық синдром
• Дисморфоманиялық синдром
• Жедел сенсорлық сандырақ синдромы
• Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромы: псевдогаллюцинациялар, әсер ету сандырағы, психикалық автоматизм- идеаторлы(бұл менің ойларым емес, оны маған басқа біреу салды), моторлы( денемді өзім қимылдатып тұрғаным жоқ, оны басқа біреу қимылдатады), сенсорлы(сенестопатиялық)
• Паранояльдық синдром
• Параноидтық синдром
• Парафрениялық синдром
• Капгра синдромы
• Котар синдромы
4. Ес
Ес - информацияны жинақтау, сақтау және қажет жағдайда жиналған дағдылар мен тәжірибелерді іске асыру.
Естің түрлері:
• Қысқа уақытты және ұзақ уақытты
• Механикалық және ассоциативті
Естің негізгі компоненттері:
• Фиксация-ақпаратты бекіту
• Ретенция- ақпаратты сақтау
• Репродукция- сақталған ақпаратты қолдану
• Ұмыту
Естің патологиясы:
1) Сандық (дисмнезия)
2) Сапалық (парамнезия)
-
Дисмнезия (сандық) келесідей болып жіктеледі:
- Гипермнезия - науқас адамның есіне өткен оқиғалар ретсіз, ұсақ-түйектеріне дейін түсіп, ойлау процесіне, жаңа информацияны қабылдауына кедергі келтіреді. Жиі маниакальді синдромда, кейде психотропты заттарды қолданғанда кездеседі.
- Гипомнезия - естің барлық функцияларының,әсіресе бекітудің әлсіреуі. Науқас адам жаңа атаулар мен мерзімдерді, болған оқиғаларды есіне сақтай алмай
қиналады. Жиі себебі болып мидың органикалық аурулары, әсіресе атеросклероз табылады. Бірақ психиканың функционалды бұзылыстары кезінде де (астениялық синдром, шаршау) болуы мүмкін.
-Амнезия - естегі информацияның жоғалуы. Оның түрлері:
• ретроградтық - аурудың басталуына дейін болған оқиғаларды есте сақтаудың жоғалуы;
• конград - сананың өшуі кезеңінің амнезиясы;
• антероград - ауру аяқталғаннан кейін болған оқиғаларды есте сақтаудың жоғалуы
• бекіту(фиксациялық) – жадта жаңадан алынған ақпаратты ұзақ уақыт бойы сақтау қабілетінің күрт төмендеуі немесе жоғалуы;
• үдемелі – үдемелі органикалық аурудың нәтижесінде барған сайын тереңірек қабаттардың есте сақтау қабілетінің дәйекті жоғалуы (Рибо заңы бойынша);
-
Парамнезия (сапалық) келесідей болып жіктеледі:
- Псевдореминесценция- естің иллюзиясы, жоғалған естеліктерді нақты оқиғалармен ауыстыру, бірақ басқа уақытта болған оқиғалармен.
- Конфабуляция- естің галлюцинациясы, естен жоғалған естелік орнын ойдан шығарылған, ешқашан болмаған оқиғалармен ауыстыру.
- Криптомнезия- құпия естелік, пациенттер естелік ретінде басқа адамдардан, кітаптардан, армандардан және т.б. жерден естіген, оқыған нәрселермен толтырады.
- Эхомнезия- дежавю-ге ұқсайды, бірақ дежавюдегідей пароксизмальды қорқыныш сезімі болмайды.
- Фантазмдар -
- Амнестикалық афазия - белгілі бір затты толық сипаттай алады, бірақ атын ұмытатын жағдай.
СИНДРОМЫ:
Корсаков амнезиялық синдромы:
1)Фиксациялық амнезия
2)Антероградты амнезия
3)Парамнезия(псевдореминесценция, конфабуляция,криптомнезия)
4)Амнезиялық дезориентация
5. Назар(зейін)
Назар(зейін) -сананың белгілі бір объектіге шоғырлануы; сыртқы және ішкі ортадан ең маңызды ақпаратты іріктеу процесі.