Файл: ожа Ахмет Ясауи атындаы халыаралы азатрік университеті Филология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті Филология
факультеті Педогогикалық шетел тілдер
кафедрасы 6В01718 –Екі шеттілі
(ағылшын-қытай) ІІ курс студенті:
Нәдір Аружан Ержанқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Нәдір Аружан Ержанқызы–Әл-Фараби атындағы № 10 жалпы орта мектедінде 30.01.2023 – 13.05.2023 жж. аралығында өндірістік практикадан өтті. Психологиялық-педогогикалық практикадан өту кезінде Нәдір Аружан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді.
Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Күнделікті мектепке келіп педогогикадық практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Аружан Ержанқызы тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне педогогикалық практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Педогогикалық практика кезінде өткізген іс – шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Нәдір Аружан Ержанқызы болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз
Мектеп директоры: Бегасилов Т. А _______________
Педагогикалык практика жетекшісі: Таутенбаева А. _______________
Педагогикалык практикадан өткен студент:Нәдір А. _______________