Файл: Программаны тестілеу. Осы сабата ол жеткізілетін оу масаттары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Практикалық программалау | |||||
Күні: Сыныбы | 8 | Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Программаны тестілеу. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау; 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Программаны тестілеу ұғымын анықтау; Көпшілік оқушылар: Программада жіберілетін қателіктерді салыстыру; Кейбір оқушылар: Программаны тестілеудің маңыздылығын тұжырымдау. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері /уақыт | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурста р | |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі: /3мин | Сәлемдесу, түгендеу. | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі | | | |
Сыныпта көңілді ахуал орнату: | «Жағымды сөздер» | Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады. | Қошемет көрсету. | Оқытудың белсенді әдістері NIS. Астана, 2013 | |
Топқа біріктіру: Қызығушылы қты ояту Өткен сабақты пысықтау | «Аквариум» әдісі. «Әңгіме алаңы» әдісі | Оқушылар аквариумдағы үш түрлі балықтарды аулау арқылы топтарға бірігеді. Плакатқа бірнеше бөліктерге бөлінген шеңбер сызады. Әр бөлікке өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазады. Басқа топтан келген оқушылар шеңберді бойымен тұрады. Шеңбердің ортасына қаламның ұшына түйреуішті кірістіріп тұрғызады. Түйреуішті айналдырған кезде қай оқушыға қарап тоқтайды сол сұраққа сол оқушы жауап береді.
Оқушылар практикалық тапсырмалар орындайды 1- тапсырма*. Берілген программа кодын компьютерге енгізбей, үлгі тестер бойынша тестілегенде қандай нәтижелер алынады. . Дескриптор - Программа кодын анықтайды; - Программада алгоритмдерді талдайды; - Тестілеу нәтижесін анықтайды 2- тапсырма**. 0 және 1 лерден тұратын тізбек берілген. Осы тізбектегі ең ұзын 1 лер тізбегін табыңдар. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептің дұрыстығын анықтайын 5 түрлі жағдайды қамтитын тест дайындаңдар. Дескриптор - Есептің шартын анықтайды; - Есептің алгоритмін анықтайды; - Программа кодын жазады; - Программаны тестілейді. 3- тапсырма**. Деталь дайындау Жұмысшылар 5 сағатта N деталь дайындауы керек. Олар жұмыс бастаған алғашқы сағатта Х деталь дайындайды және қалған деталдардың әр бірін дайындауға Т минут уақыт жібереді. X, N и T (X ≤ N ≤ 15, T ≤ 240). Жұмысшылар 5 сағатта қанша деталь дайындап үлгереді? Анықтаңдар. Есепке түрлі жағдайды қамтитын 5 тест дайындаңдар. Прогрммасын жазыңдар. Дескриптор - Есептің шартын анықтайды; | Смайлик арқылы ҚБ | Аквариум , балықтар- дың суреттері Плакат, түйреуіш, маркер | |
Сабақтың соңы Ой толғаныс Сабақты бекіту Кері байланыс: | «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі «БББ кестесі» әдісі | Оқушылар тараудың мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не біледі, сабақта не білгенін, сабақ туралы келешекте не білгісі келетінін жазады. | Өзара бағалау | А4 парағы |