Файл: 1. Педагогикалы кеес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың педагогикалық алқалы органы. Педагогикалық кеңес педагогтардың кәсіби қызметінің барлық мәселелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды. Педагогикалық кеңес мектеп басшылығының басқарушылық қызметінің педагогикалық мақсаттылығын қамтамасыз етуге арналған .

Педагогикалық кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағытталған шығармашылық белсенділігін дамыту.

Міндеттері: мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру; бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру; ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату; алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру.

2. Әдістемелік кеңес - психология-педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерін зерделеу, лицейдің педагогикалық қызметкерлеріне әдіснамалық көмек көрсету және әрбір оқытушы мен магистрдің өздерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін шығармашылық іздестіруге қатысу мақсатында құрылған.

3. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі – тәрбие үдерісін мектепішілік басқаруды әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан үйлестіруді қамтамасыз етуші оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған мектептің даму стратегиясын басшылыққа алады.

4. Пән бірлестігі – Оқу бағдарламасына сай үлгілі технология мен әдістемені талқылайды және сынақтан өткізеді; Жаңа оқу бағдарламаларын  дайындайды; Әр түрлі оқу материалдарын талқылаумен, талдау жасаумен,  рецензиялаумен айналысады; Инновациялық іс-шаралар барысының анализін жасайды; Өз бағдары  бойынша оқу жұмысының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету талаптарының өзгеруін болжайды; Ғылыми әдістемелік жұмыс сапасын арттыру мақсатында әртүрлі жұмыс атқарады және ұсыныс енгізеді; Оқу бағдарламаларын, материалдарды талқылайды, талдайды, тәжірибеге енгізеді, мониторинг өткізеді, т.б.


5. Шығармашылық топ - бұл мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық тұрғыда біріккен ерікті кәсіби педагогтар бірлестігі.  

Шығармашылық топ өз жұмысында білім саласына қатысты ҚР  заңдылықтарын, мектепке дейінгі білім беру ұйымы туралы Типтік         ережені басшылыққа алады.