Файл: Зеленый Бор мектепгимназиясында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кіріспе

Мен Каирбекова Енлик Еркешевна, өндірістік тәжірибиемді “Зеленый Бор мектеп-гимназиясында” өттім.Өндірістік тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен танысып ,жұмыстарға қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелермен таныстым.Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программалармен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологиялармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Кәсіптік тәжірибе өткен жері: Ақмола облысы, Бурабай ауданы,Зеленый Бор селосы«Зеленый Бор мектеп-гиназиясы»

  • Өткізілген уақыты : 06.03.2023-19.05.2023 ж

  • Мақсаты : Өндірістік тәжірибе аталған практика түрі қарастырылған арнайы пәндер циклын оқып – үйрену аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Өндірістік практиканың мақсаты оқытылған мамандық бойынша негізгі құзырлықты бекіту, кәсіби қызметтегі тәжірибелік дағды мен қашықты қалыптастыру.

Кәсіптік тәжірибелерде алған теориялық ақпараттарды, практикада түрінде қолданып, тәжірибе алушының күнделікті үйренген ілім- білімін қайталап, одан әрі жетілдіру мақсатына әр түрлі тапсырмалар жиынтығын ұсынып , әрі дамыту.Іс-тәжірибенің мақсаты білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және   және кәсіби білімдерін беру бағдарламаларын меңгерубарысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен іс- тәжірибе жүзінде шыңдау. Біз таңдаған мамандық бойынша өз бетімізше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен бекіту болып табылады.


Негізгі бөлім I.Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

1)Техникалық қауіпсіздіктің жалпы талаптары:
1. Тәртіпті, аңғарымды болу.
2. Өндірістік оқыту шеберінің ғана тапсырған жұмысын орындау.
3. Орындау тәсілін білген жағдайда ғана жұмысқа кірісу. Күдікті жағдайда жұмыс берушімен кеңесу.
4. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.
5. Жарық жоқ және оның нашар кезінде жұмыс істемеу.
6. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.
7. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.
8. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.


9. Қондырғыларды рұқсатсыз орнынан қозғамау.
10. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.
11. Компьютерді қатты қозғамау.
12. Компьютерлердің үстіне бөгде заттарды қоймау.
13. Жұмыс орнында және бөлмеде тазалық сақтау.

Техникалық қауіпсіздіктің арнаулы талаптары.
Жұмыс алдында:
1. Жұмыс киімдерін тәртіпке келтіру.
2. Жұмыс орнындағы артық заттарды алып тастау.
3. Бөлмедегі жүретін жолдарды алып қою.
Жұмыс кезінде:
1. Компьютерді қосып, ақаулықтың жоқ екеніне көз жеткізу.
2. Ақаулықтар бар болса, компьютерді тоқтан айырып, өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.
3. Техникалық үзілістер кезінде саусақтарға арналған жаттығулар орындап отыру.
4. Жүйелік блок қораптары ашық жағдайда жұмыс істеуге, өз бетімен компьютерді ашып қарауға, ақауларды жөндеуге тыйым салынады.
Жұмыс аяқталғанда:
1. Компьютерді дұрыс сөндіру.
2. Құжаттармен жеке заттарды жинастыру.
3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
Өрт кезінде:
1. Компьютерді тоқтан айыру.
2. Күш қорғауышын айыру.
3. Жағдайды әкімшілікке немесе өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.
4. Көмірқышқылды өрт сөндіргішті жедел пайдалану.
5. 101 - ге хабарлап.
2) Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

1.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

2.Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

3. Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;

4.Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

Дербес  компьютермен  жұмысты  аяқтаған  кездегі  техника  қауіпсіздігі ережесінің  талаптары:

1.Мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  аппаратты  өшіру;

2.Жұмыс  орнын  ретке  келтіру.

3.Жұмыс орнындағы  тіркеу  журналына  белгі  қою.

Жалпы техника қауiпсiздiк ережеге қойылатын талап төменде:

1.Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

2.Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;



3.Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;

4.Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;

5.Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

6.Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары:

1.Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;

2.Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

1.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

2.Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;

3.Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

1.Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;

2.Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;

3.Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;

4.Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

5.Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

  Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:

1.Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

2,Жұмыс орнын ретке келтiру;

Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы   дәрігерлік көмек көрсету:

 1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);

2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан)  босату;

3. Дәрігер  шақыру;

4. Зақымданушыны  қарап  шығып, оған  алған  жарақатына

байланысты  көмек  көрсету.

Күйген жағдайда:

● Ауырғанда   сездірмейтін  дәрілер (аналгин, валерьиян  және  т.б.)


беру;

● Күйген  жерге  арнайы  май  (облепиха) жағу ;

● Зақымданған  жерге  суық  су  құю;

● Алдын-ала  жараланған  жерді , микроптар  түспес  үшін   мөлдір  жұқа

қағазбен (целлофанмен)  орау.

Есінен танып қалған жағдайда:

● Зақымданушы  жауырынымен  тегіс  жерге  жатқызып, басын  бір

Жағына қаратып , қырымен  орналатыру керек;

● Нашатыр   спиртін  иіскету  керек.

Тыныс  алысы  тоқтаған  жағдайда:

● Ауызды  ашып  тілдің  орналасу  жағдайын тексерту  керек,  егер  ол

күрмеліп  қалса  оны  қолмен дырыс  қалпына  керек ;

●  Дем  алыс  жағдайына  келгенге  дейін, қолмен дем  алдыру (ауыз  ауызға) немесе  дәрігер  келгенге  дейін  жаттығулар  жасату;

Шаршағандағы  қолданылатын  жаттығулар

1. Бас  жаттығуларын  жасау:

2. Басты  сағат  тілі және  керісінше  бұрып  айналдыру;

3. Басты  жан-жақа,  жоғары-төмен, оңға-солға  бұру.

4. Саусақтарды  жұмып-ашу  және қолдың  блезігін  босаңсыту.

5. Денені  босаңсыты  және оны  кетіріп  ширықтыру.

6. Көз  жаттығуларын  жасау:

Көзге арналған жаттығулар

 1.1-4-ке дейiн  санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет.

2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.

3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.

4.1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.

II.Компьютерлік желілер және олардың сипаттамалары

1)Компьютерлік желі ұғымы және түрлері.

Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады. 


Компьютерлік желі – бұл әртүрлі қорларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.Желіге енетін компьютер біріге алады: 
 Мәліметтерді;

 Хабарларды;

 Принтерлерді; 

 Факстік аппараттарды; 

 Модемдерді; 

 Басқа да құрылғыларды. 

Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технология зор жетістіктері қатарына жатады. Желіге біріктірілген компьютер алатын орнына байланысты бір-бірінен ажыратылды. Компьютер немее сервер, немесе клиент болады. Компьютерлік желінің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды. Серверлер көбінесе ортақ ақпаратты сақтау қоймасы немесе желі жұмысын басқару орталығы болып табылады. Клиент – желілік ресурстарды қолданатын, желіге қосылған кез-келген компьютер. 

Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:

Серверлер – ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер; 

Жұмыс станциялары – серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;

Желілі орта – компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі; 

Бірлесіп қолданатын мәліметтер; 

Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;

Ресурстар – желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер. 

 Жоғарыда аталып өткен ұқсастықтарына қарамай, желілер екі түрге бөлінеді: 

  1. Бір рангілік желілер

2.Сервер негізіндегі желілер 

Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желі әдетте, 10-нан аспайтын компьютер біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылар кішігірім ұжымы те атайды.Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.