Файл: Блім 4с эволюциялы даму.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

9.4С Эволюциялық даму

Педагогтің аты-жөні:

Ұлан Құндыз

Күні:

15.05.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.1 - К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу

9.2.5.2 - эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвин еңбектерінің ролін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы мен дамуын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.


1. Эволюция дегеніміз не?
2. «Прогресс» және «регресс» деген түсініктер нені білдіреді?
3. «Биологиялық эволюция» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады



Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.




1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1. «Эволюция» түсінігіне өздерің дұрыс деп ойлайтын анықтама береді. Жауаптарын негіздейді.
2. Бірінші эволюциялық теорияның авторы кім деп есептеледі? Түсіндіреді.
3. К.Линей мен Ж.Б.Ламарк ілімдерінің жағымды жақтарын талқылайды.



Дескриптор:_Жалпы_–_3_балл.'>Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Тапсырмаларды түсіндіреді және талқылайды.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.





2-тапсырма

Оқулықта берілген талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?

2. Эволюцияның 3 себебін атайды.

3. Табиғи сұрыпталу мен тұқымқуалайтын өзгергіштік арасындағы байланысты анықтайды.

4. Неге біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалар бәсекеге түседі? Түсіндіреді.

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.

- сұрақтарға жауап береді

-пікірлерін айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері





3-тапсырма.

Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Ч. Дарвиннің пікірі бойынша, эволюцияның басты себептерін айтады

2. Эволюция үдерісіндегі тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің рөлі қандай?

3. Эволюцияның қозғаушы күштері өзара қалай байланысты?

4. Эволюцияның себептерін айтады.



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- тапсырманы анықтайды, себептерін айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.