Файл: Аскер Алмажан Орыс тілді мектептерде 24 жне 57 сыныптар шін аза тіліне арналан тапсырмалар жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 95

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.Төмендегі сөздерден тіркесті сөздер жаса.
Қоңыр, көк, қара, қызыл, ақшыл, ала, сары, сұр, ақ, екі, бес.

2.Көп нүктеніц орнына тиісті тіркесті қой.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақылау, кірпі шаш, қырыс маңдай,.............. жігітпін. Жасым .............. Олар күліп жарқылдап отырғанда төрде жатқан .............,..........., қара мұрт орыс оянып қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. (Ж.Аймауытов)

3.Мәтінді оқып, бір диаграммаға салып, әңгімелеп бер.

ЕКІ БАЛЫҚШЫ

Екі балықшы балық сүзді. Сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады. Бір балықшы тұрып:

– Сүзегі жаман!– деді.

Екінші балықшы:

– Сүзегі жақсы, сен өзің бос тартасың!– деді.

Сөйтіп, екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды.

Керіскеннің кесірі – келесіні кетірер.

(Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)


11. АТАУЫШ, КӨМЕКШІ,ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен атауыш сөздің астын бір, көмекші сөздің астын ирек сызықпен сыз.
Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у-шу болып жатқан жоқ.

(С.Сейфуллин)



2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз түрлеріне ажырат.
Қарға баласын «...» дер,

Кірпі баласын «...» дер.
3.Мәтінді оқып, бір диаграммаға салып, әңгімелеп бер.

ТОРҒАЙ МЕН ҚАРЛЫҒАШ

Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай істеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты:

– Мұның не, бейшара? Ақылың алжасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиеді. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің.

Торғай Қарлығаш сөзін тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса беріпті. Күні толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастап Торғайдың өзін шағып өлтіріпті: Сонда Қарлығаш көріп айтыпты:

– Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас.

(Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Балдырған» журналы

  2. «Ғалам ғажаптары» кітабы

  3. З. Д. Еденбаева, А.У. Сарсенбаева; «Казахский язык» хрестоматия. Алматыкітап баспасы 2009 жыл

  4. Г. Тайсюганова, З.Рахмет; «Қазақ тілі» қызықты грамматика. Алматыкітап баспасы 2007 жыл

  5. Ахмет Байтұрсынов шығармалар жинағы

  6. Ы. Алтынсарин шығармалар жинағы

  7. Ж. Аймауытов шығармалар жинағы