Файл: 1 4 сыныптара Цифрлы сауаттылы пнінен таырыпты кнтізбелік жоспар Тсінік хат Цифрлы сауаттылы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 205
Скачиваний: 15
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 – 4 сыныптарға «Цифрлық сауаттылық» пәнінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
ТҮСІНІК ХАТ
1. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру; 5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел 148 тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сынып аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағатты;
2) 2-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
2) «Менің алғашқы суретім»: Фигуралар; Фигуралармен орындалатын іс-әрекет.
3) «Біздің өміріміздегі алгоритмдер»: Біздің өміріміздегі алгоритм.
4) «Бағдарламалау»: Scratch бағдарламасымен танысу; Менің алғашқы бағдарламам.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап); программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар түсінігі, меню командаларын қолдану; қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау, желіде орналасқан ақпараттардың шынайылығы мен пайдасы;
2)«Ақпаратты өңдеу және көрсету»: Мәтіндер: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теру, қаріпті және абзацты пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету), құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; Графика: суретті өңдеу; қию, бұру, өлшемін өзгерту, суреттің фрагментін көшіру; 150 Мультимедиа: дыбыс жазу және дыбысты ойнату, дыбыстық эффектілер, дыбысты өңдеу;
3) «Интернет желісінде жұмыс істеу»: берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану, қосымшалар арасында деректермен алмасу;
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: сызықтық алгоритм, алгоритмнің сөздік формасы, алгоритмнің графикалық формасы; программалау: атқарушының командалар жүйесі, лабиринт. Бағдарламалау: ендірілген графикалық редакторда ойын бағдарламалау ортасын құру, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру;
5) «Робототехника»: Робот қозғалысын ауызша түрде берілген алгоритм бойынша ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, робот үшін аудио файлды жүктеу, робот үшін бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар), программа менюі, меню командаларын қолдану, файлдар мен бумалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының ережелері;
2) «Ақпаратты өңдеу және көрсету»: мәтіндер: мәтіндік редактордың қызметі, программа менюі, мәтінді теру және өңдеу, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтінмен болатын операциялар, символдарды қосу; графика: графикалық редактордың қызметі, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын қолдана отырып, сурет салу, түстер палитрасы, суреттерді өңдеу, суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту, сурет бөліктерінің көшірмесін жасау; презентация: презентация құру программаларының қызметі, программа менюі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру, слайд арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қосу; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыс редакторының қызметі, дыбысты жазу, дыбыстарды өңдеу және ойнату, дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: құжаттағы мәтіннің фрагментін іздеу; ақпарат алмасу: желіде ақпарат алмасу тәсілдері, жобамен бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді жүзеге асырудағы Орындаушының командалық жүйесі. Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік алгоритмді енгізу, дайын сценарий бойынша ойын жасау, ойын бағдарламалау ортасында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) «Робототехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналу санын баптау, роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері. Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: Мәтіндер: мәтіндегі кестелер. Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне және дыбысты енгізу. Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу. Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер). Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары. Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз сценарийі бойынша дамыту;
5) «Робототехника»: түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар2022-2023 оқу жылы.
Цифрлық сауаттылық 1-сынып.
№р/с | Бөлімдер атауы | Сабақтардың тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту |
ІІІ тоқсан 10 сағат | ||||||
1 | 1-бөлім – Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 1.1.1.1 Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау. | 1 | 10.01.2023 | |
2 | Компьютердің негізгі құрылғылары | 1.1.1.2 Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау | 1 | 17.01.2023 | | |
3 | Біздің айналамыздағы ақпарат | 1.1.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау | 1 | 24.01.2023 | | |
4 | Ақпарат және компьютер | 1.1.3.1 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату. 1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру | 1 | 31.01.2023 | | |
5 | Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру. 1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау; | 1 | 07.02.2023 | | |
6 | Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау. | | 14.02.2023 | | |
7 | 2-бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор») | Фигуралар | 1.2.1.1 Стандартты фигураларды қолданып салу. 1.2.1.2 Түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салу. 1.2.1.3 Палитрада фон түсін тандап кескін салу. | 1 | 21.02.2023 | |
8 | Фигуралар | 1.2.1.4 Контурын өзгерту арқылы фигураны салу. 1.2.1.5 Фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу. | 1 | 28.02.2023 | | |
9 | Фигуралармен орындалатын іс-әрекет | 1.2.2.1 Форма мен параметрді қолданып кескін бөлігін ерекшелеу. 1.2.2.2 Көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолданып кескін салу. | 1 | 07.03.2023 | | |
10 | Фигуралармен орындалатын іс-әрекет | 1.2.2.3 Бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу. 1.2.2.4 Түспен толтыру құралын қолданып кескін салу. | 1 | 14.03.2023 | | |
IV тоқсан - 9 сағат | ||||||
11 | 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау») | Біздің өміріміздегі алгоритм | 1.3.1.1 Алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру. | 1 | 28.03.2023 | |
12 | Біздің өміріміздегі алгоритм | 1.3.1.2 Орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру. | 1 | 04.04.2023 | | |
13 | Біздің өміріміздегі алгоритм | 1.3.1.3 Алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру. | 1 | 11.04.2023 | | |
14 | 4 – бөлім. Бағдарламалау | Scratch пен танысу | 1.4.1.1 Кейіпкер фигурасы үшін кітапханадан Спрайтты таңдау. | 1 | 18.04.2023 | |
15 | Scratch пен танысу | 1.4.1.2 Кітапханадан Сахна фонын таңдау. | 1 | 25.04.2023 | | |
16 | Менің алғашқы бағдарламам | 1.4.2.1 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында дайын сценариді алгоритм бойынша іске асыру. | 1 | 02.05.2023 | | |
17 | Менің алғашқы бағдарламам | 1.4.2.2 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритімді өңдеу. | 1 | 16.05.2023 | | |
18 | Менің алғашқы бағдарламам | 1.4.2.3 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында жобаны құру, сақтау және ашу. | 1 | 23.05.2023 | | |
19 | Қайталау сабақ | 1.3.1.1 Алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру. 1.4.1.2 Кітапханадан Сахна фонын таңдау. 1.4.2.1 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында дайын сценариді алгоритм бойынша іске асыру. | 1 | 30.05.2023 | |
Күнтізбелік тақырыптық жоспар 2022-2023 оқу жылы.
Цифрлық сауаттылық 2-сынып.
№р/с | Бөлімдер атауы | Сабақтардың тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту |
І тоқсан 9сағат | ||||||
1 | 1-бөлім. Компьютерлер мен бағдарламалар (ортақ тақырыбы: «Барлығы мен туралы») | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 2.1.3.1 цифрлық құрылғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; 2.1.1.1 енгізу, шығару құрылғыларын ажырата білу. | 1 | | |
2 | Ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану | 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану. | 1 | | | |
3 | Файлдар мен бумалар | 2.1.2.1 файл мен бума туралы түсінік беру; 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою; | 1 | | | |
4 | Файлдар мен бумалармен жұмыс | 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою; 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану. | 1 | | | |
5 | Программалар құруды жалғастырамыз | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру. | 1 | | | |
6 | Алгоритмді орындау |
белгіленген алгоритмді іске асыру. | 1 | | | |
7 | Жеке кейіпкер жасау | 2.4.2.1. программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау ; | 1 | | | |
8 | Суретті өңдеу | 2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіріп көрсету; 2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту). | 1 | | | |
ІІ тоқсан 8-сағат. | ||||||
9 | 3-бөлім – Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім», «Менің туған жерім») | Пернетақтамен танысу | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру | 1 | | |
10 | Пернетақта симуляторы | 2.2.1.1пернетақта симуляторында мәтін теру. | 1 | | | |
11 | Пернетақтамен жұмыс. Жоба жасау | 2.2.1.1 пернетақта симуляторында мәтін теру. | 1 | | | |
12 | Мәтінмен жұмыс істеу | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру | 1 | | | |
13 | Мәтінмен жұмыс істеу. Жоба жасау | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру. | 1 | | | |
14 | Мультфильм құру | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру | 1 | | | |
15 | Мультфильм құру үшін спрайттарды басқару | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру 2.4.2.3.Кейіпкерлер арасында диалог ұйымдастыру; | 1 | 23.12.2022 | | |
16 | Мультфильм құру. Жоба жасау | 2.4.1.1.Тармақталу алгоритмдерін пайдалану; 2.4.2.2.Пернетақтадан спрайттарды басқару; 2.4.2.3.Кейіпкерлердің арасында диалог құруды ұйымдастыру. | 1 | 30.12.2022 | | |
| ІІІ тоқсан 10-сағат | |||||
17 | 4-бөлім Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Жаны саудың –дені сау») | Дыбысты жазу және ойнату құрылғылары | 2.1.1.1 енгізу, шығару құрылғыларын ажырату. | 1 | 13.01.2023 | |
18 | Дыбысты жазу және ойнату | 2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану. | 1 | 20.01.2023 | | |
19 | Дыбыс әсерлері | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | 1 | 27.01.2023 | | |
20 | Дыбыс әсерлері. Жоба жасау | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | 1 | 03.02.2023 | | |
21 | Дыбысты өңдеу | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу. | 1 | 10.02.2023 | | |
22 | 5-бөлім - Робототехника: сенсорлар (ортақ тақырыбы: «Дәстүрлер және фольклор») | Робот қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру. | 1 | 17.02.2023 | |
23 | Роботқа арналған программаны іске қосу | 2.5.3.1 программаны бастау 1үшін түрту сенсорын қолдану. | 1 | 24.02.2023 | | |
24 | Роботқа арналған программаны іске қосу. Жоба жасау | 2.5.3.1 программаны бастау үшін түрту сенсорын қолдану. | 1 | 03.03.2023 | | |
25 | Роботқа арналған дыбыс | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу. | 1 | 10.03.2023 | | |
26 | Роботқа арналған дыбыс. Жоба жасау | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу. | 1 | 17.03.2023 | | |
| ІV тоқсан -10 сағ | |||||
27 | 6-бөлім - Робототехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат») | Жобаға идея | 2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу; 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. | 1 | 31.03.2023 | |
28 | Мәтіндік редактормен танысу | 2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу; 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. | 1 | 07.04.2023 | | |
29 | Өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу | 2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу; 2.3.2.1 қосымшалар арасында мәліметтермен ауысу. | 1 | 14.04.2023 | | |
30 | Жобаға идея. Жоба жасау | 2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу; 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. | 1 | 21.04.2023 | | |
31 | Жобаға арналған алгоритм | 2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру. | 1 | 28.04.2023 | | |
32 | «Билейтін робот» жасау | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; 2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану | 1 | 05.05.2023 | | |
33 | Роботқа арналған аудио файлжүктеу | .5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; 2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану. | 1 | 12.05.2023 | | |
34 | «Билейтін робот» жасау. Жоба жасау | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; 2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану | 1 | 19.05.2023 | | |
35 | Жобалық жұмыс | 2.4.1.2 ауызша алдын ала белгіленген алгоритмді іске асыру; 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | 1 | 26.05.2023 | | |
36 | Бөлімдер бойынша қайталау | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; 2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану. | 1 | 31.05.2023 | |