Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 687

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

7 Темекі бұйымдарын өндірушілердің есептерін ұсынудың ережесін бекіту туралы "Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 340-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

8 Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

9 Темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы ескертудің мәтіндерін бекіту туралы "Темекі шегудің алдын алу және шектеу туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 382 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

10 Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 5) "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат);

11 Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы 10 шілдедегі Заңы

12 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 10. "Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 149-құжат):

13 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 7.»"Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы"» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат):





Темекі жайлы


Сол жайлы ақпарат керек болып, орысшадан қазақшаға аударып, жинақтаған материал. Кім білсін, біреу-міреуге керек боп қалады ма деген ой ғой…
Темекі шегу туралы ақиқаттар немесе сіз білесіз бе?
1) 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка екенін білеміз ғой) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
2) Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;
3) АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.
4) Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.
5) Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.
6) 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
7) Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.
8) АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.
9) Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме.
10) Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирос пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы – 2 520 000 тонна болады екен.
11) Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер(рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады.
12) Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ. Финляндияның дәрігерлері бір күн – 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген. Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған. Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған.
13) Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.
14) 20 қараша – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні.

 

Темекі жайлы «Қияли түсініктер»:
1) Мода және «понт»
«Қияли түсінік»: егер ер азамат темекі тартса, онда ол нағыз ЕР, ЖІГІТ! Ал, егер қыз темекі тартса, онда ол өз-өзіне сенімді, әдемі әрі идеал! Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Темекі тартатын қыздың тісі сары, аузынан жағымсыз иіс шығады да тұрады, әрі саусақтар сары-қоңыр болып, тері өзінің табиғи сұлулығын жоғалтады. Оттегінің жетіспеуінен целлюлит пайда болады. Әлемнің психологтары темекіні әлсіз ерлер шегетінін дәлелдеген.
2) Артық салмақпен күрес
«Қияли түсінік»: Шылым артық салмақты жойып, сымбатты болуға көмектеседі. Тәбетті бәсеңдетуге көмектесіп, тәттіге, тамаққа, тағысын тағы дәмділерге қаратпайды. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Жан-жағыңызға қараңыз, арық пен тырықтар ғана темекі тартады ма? Айналада аузында темекісі бар, талай жылдар бойы темекі тартқан толық жандарды көреміз. Мынандай сөзді естігенсіз бе: «темекі тастай сала толып кеттім»? Бірақ, бұл жағдай никотиннің әсерінен емес. Темекі тартушының арықтайтын себебі, темекінің іш-құрылысқа кері әсері, гастрит, т.т аурулардың пайда болуы.
3) Ойлауға көмектеседі
«Қияли түсінік»: Әлемде темекі тартатын журналисттер, жазушылар, басқа да «ойшылдар» қанша? Мүмкін, сондықтан темекі, ойлауға себепші болатын шығар. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Өзіңіз ойлаңызшы, түтінге толы бөлмеде қайдан ойлануға болады? Ауа тазарақ болса, ойлану жеңілірек. Темекішінің түтікшелері кальций шөгінділерімен толып қалады, сондықтан қанайналым бұзылып, бүкіл ағзаны, соның ішінде миды, оттегімен қамтамасыз ету қиындайды. Бір ғана тұжырым: темекі тартатындардың интеллектуалдық потенциалы ақырындап төмендейді.
4) Антидепрессант
«Қияли түсінік»:Күйгелектеніп тұрғанда,өз-өзіне келудің бірден бір әдісі – шылым шегу. Темекі тартып отырып барлық қиындықтарды ұмытасың, жеңілдейсің. Өзінше бір психологиялық ынта. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Бірінші 3 минутта темекі тартқан адам тынышталып, өзіне-өзі келетін сияқтанады. Алайда, ол алдамшы сезім. Никотин, алкогельдей адам ағзасындағы қажетті заттар, витаминдер мен минералдарды жояды, соның ішінде жүйке жүйесінің нығаюына да көмектесетін пайдалы заттарды жояды. Сондықтан, адам ағзасының «тынышталдыратын, өз-өзіне келтіретін темекіге» ары қарай әсері – әлсіздік, шаршаңқы күй және оданда асып түсер күйгелектілік. Адам ағзасы одан сайын күйгелектене, жүйкесі жұқара түсіп, никотиннің жаңа бір үлесін сұрайды.
5) Зиянсыз әдет
«Қияли түсінік»: Әлемде болып жатқан зиянкестіктердің қасында темекі шегу дегеніміз – мұхиттағы бір тамшыдай емес пе, одан қорқатын не бар. Және де темекіден құтылудың ешқандай қиыншылығы жоқ қой.Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Темекінің сіздің денсаулығыңызға анық және білдірмей төндіріп тұрған қаупі бар. Темекі – біздің елеусіз жауымыз. Өзіңіз ойлап қараңызшы, денсаулық сақтау Министрлігі әрбір темекі қорабына «Темекі шегу сіздің денсаулығыңызға зиянды» деп ашып жазған, ондай сақтандыру шаралары басқа кез келген тағамға жазылған емес, егер сізге, «мына тағам уланған десе» сіз сол тағаммен тамақтанар ма едіңіз, әрине жоқ. http://balgyrgan.wordpress.com/








Темекінің адам ағзасына зияны туралы қазақша реферат Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы, Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы Темекінің адам ағзасына зияны Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады. Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар: • Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады. • Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды. • Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады. • Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді. • 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады. • Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады. • Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда. Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады. Егер темекіні тастасаңыз: • 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды. • 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі. • 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді. • 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды. • 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды. • 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі. • 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады. Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.


Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/337-temekn-adam-azasyna-ziyany.html