Файл: Оу ісі жніндегі орынбасары Р. Тоызбаева ыса мерзімді (саба) жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Тоғызбаева
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.Радиациядан қорғану
Бөлім: | Әр түрлі ортадағы электр тогы | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Қалпиева А | |||||
Күні: | 06.04 | |||||
Сынып: 11 | Қатысушылар саны: 7 | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.Радиациядан қорғану | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 11.7.2.4-радиоактивті сәулелердің иондалу табиғатын және өтімділік қабілетін түсіндіру 11.7.2.3- радиоактивті материалдард өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаты | | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 8 минут Сабақтың ортасы 30 мин | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Қткен сабақты пысықтау Оқушылардың назарын сабаққа аудару Жаңа тақырып Радиоактивті заттардың сәуле шығаруы тірі организмдердің бәріне орасан зор әсер етеді. Толық жұтылғанда дененің жалпы температурасын 0,001°С жоғарылататын әлсіз сәуленің өзі организм клеткаларының тіршілігін бұзуға жеткілікті. Тірі клетка - бұл тіпті жеке бөліктері аз ғана зақымдалғанның өзінде өзінің қалыпты тіршілігін әрі қарай жалғастыра алмайтын күрделі механизм. Ал әлсіз сәуле шығарудың өзі-ақ клеткаға қауіпті дертке шалдықтыруға (сәуле ауруына) шығарудың нәтижесінде тірі организмдер өледі. Сәуле шығарудың қауіптілігі сол, олар тіпті өлтірерлік дозаның өзінде де ешқандай ауырғандық сезімін туғызбайды. Сәуле шығарудың биологиялық объектілерді білдіру механизмі әлі жеткілікті зерттелмеген. Бірақ олардың атомдар мен молекулаларды иондайтындығы және бұл олардың химиялық активтігін өзгертетіндігі анық. Сәуле шығаруға клеткалардың, әсіресе тез бөлінетін клеткалардың ядросы өте сезімтал. Сондықтан сәуле шығару организмде ең алдымен жұлынға зақым келтіреді, соның салдарынан қанның пайда болу процесі бұзылады. Одан әрі ас қорыту жолының және тағы басқа органдардың бүлінуі басталады. Сәулелену тұқым қуалауға күшті әсерін тигізеді. Көбінесе бұл әсер жағымсыз болады. Тірі организмдерді сәулелендіру белгілі бір пайда да келтіре алады. Қатерлі ісіктің (рактың) тез көбейетін клеткалары сәулеленуге, қалыпты клеткалалардан гөрі, сезімтал болады. Радиоактивті препараттың -сәулелерінің рак ісіктерін қайтаруы осыған негізделген. Мұндай мақсаттар үшін, бұрын пайдаланып келген рентген сәулелерінен гөрі, бұлар анағұрлым тиімді. Сәуле шығарудың тірі организмдерге тигізетін әсері шығарылған сәуленің дозасымен сипатталады. Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп иондаған сәуле шығарудың жұтылған Е энергиясының сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады: (6) Бірліктер жүйесінде сәуле шығарудың жұтылған дозасын грэймен (қысқаша: Гр) өрнектейді. Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаған сәуле шығарудың 1 Дж энергиясы берілгендегі сәуле шығарудың жұтылған дозасы 1 Гр-ге тең | Сәлемдеседі Кезекші мәлімет береді Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады | Мадақтау ФБ | Оқулық Инт.тақта Слайд видео | ||
|
Есептер шығару | Оқушылар бекіту тапсырма ларын орындайды | Дескриптор Есептің шартын түзеді ХБЖ-ға келтіреді Есептің формуласын түрлендіріп Есептің жауабын табады | | ||
Сабақтың соңы 8 мин | Кері байланыс Үйге: оқу, сұрақтарға жауап беру Бағалау | | ФБ | стикерлер |