Файл: Бейнеу гуманитарлыэкономикалы колледжі мкк саба жоспары Саба таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 187

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары

___________Жумагулова А.Б

«____»____________2022 ж.
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Activstudio құралдарымен танысу

Модуль /пән атауы: БМ 02 Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану

Дайындаған педагог: Махмутова А.Б

Күні:«1» қараша 2022 ж.

1.Жалпы мәліметтер:

Курс, топ: ДтБ-21

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы 

2. Мақсаты: ActivBoard 378 интерактивті тақтасымен және оның қосымша құрылғыларымен жұмыс істеуді, бұл тақтаны өз сабақтарында тиімді пайдалануды үйрету.

Міндеттері:

а) Арифметикалық амалдардың орындалу реті,жақшаларды орындау

әдістерін талдау, мысалдар арқылы көрсету;

ә) дамытушылық: студентердің есте сақтау және тез есептей білу қабылеттерін, салыстыру және талдау, тақырыптан ең бастысын бөліп ала білу қабылеттерін дамыту;

б) алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

2.1. Күтілетін нәтиже:

студенттер білу керек: Сан және санау түсініктерін қалыптастыру әдістерін талдауды;

студенттер игеру керек: Бүтін мен бөлік арасындағы қатынасты түсіндіру әдістерін мысалдар шығаруда пайдалануды;

студенттер меңгеру керек: Заттарды қолмен ұстап санауға жаттықтыру әдісін.

3. Қажетті ресурстар: лед панель, интерактивті тақта

4.Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, кітаппен жұмыс, тәжірибелік, ақпараттық технологиялар

5. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері: «Бас бармақ» әдісі

Көңіл-күй симфониясы «Жұптасып сурет сал» әдісі


Жолдауды орындау барысында әдістемелік құралды құрастыру бағытында келесі міндеттерді анықтау негізге алынды:




  • Кез келген педагогтың интерактивті білімі мен біліктілігін қалыптастыру;


  • интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту;


  • интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін оқу үрдісін сапалы түрде өткізу әдістеріне қолданудың біліктілігін қалыптастыру;


  • он-лайн режимінде жұмыс жасауды ұйымдастыру икемділіктерін қалыптастыру;


  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану бойынша біліктілік құзырлылығын көтеру.




«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.

Білім берудегі интерактивтік технология - бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы.

Интерактивтік тақта –дегеніміз не?
Интерактивтік тақта (ИТ) – дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап айтқанда,

ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.

Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты

тақтаның түрлері де күннен күнге оның типтері даму үстінде.

Сондықтан аталған тақта түрлеріне салыстырмалы түрде

сипаттама берейік.

Интерактивті тақта түрлері
Interwrite Board интерактивті тақтасы

Бұл тақта АҚШ-ның 7125 Riverwood Drive Columbia, MD 21046 зауытында жасақталған. Бұл тақтада дәстүрлі сызу құралдары (сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.) қолданылады. Олар геометрия, алгебра, сызу, физика және т.б. мектеп пәндері үшін кеңінен қолдануға болады. Тақтаның беті бүлінбейді және ол білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие.

Interwrite Workspace интерактивтік тақта



Суреттер кітапханасы және шаблондарымен бірге өз материалдарын толықтыруға мүмкіндік беретін қарапайым құралдары бар тақта. Оған барлық ақпараттарды сақтап, басу құрылғысына және электрондық пошта арқылы ақпараттарды жіберуге болады.

Hitachi экраны және интерактивті тақта

24 функциональды батырмалардан, 72 виртуальды түстермен сурет салуға мүмкіндік беретін жаңа StarBoard FX Duoсофт-ның негізінде

Интернет арқылы 50 басқа StarBoard FX бір мезетте байланысқа шығуға және қашықтықтан конференциялар өткізуге негізделген тақта болып табылады.



SMART Technologies Inc

технологиясы



SMART Board интерактивті тақтасында екі түрлі технология қолданылады: Резистивтік матрицалы технология. Резистивтік матрицалы технология – бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан тұратын тор, ауа қабаттарымен бөлінген, беті пластикпен қапталған интерактивтік тақта.

DViT (Digital Vision Touch) технологиясы - бұл меңзер координатын қолданатын (маркер немесе саусақ) тақтаның бұрыштарында сандық бейне камералар орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда меңзердің жылдамдығы артады да, функциональдық мүмкіндіктері артады.

Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы


Электронды Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасының жиналыстар, семинарлар, телеконференциялар, презентациялар мен сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаның көшірмесін алуға болады, проектор түсіретін экран, интерактивті монитор және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Оны компьютерге және проекторға қосқанда, Panaboard KX-BP800 тақтасы интерактивті мониторға айналады, электронды маркердің көмегімен компьютердің қосымшаларын басқаруға болады.
Webster интерактивтік тақтасы
Электронды Webster интерактивтітақтасының сериясы TS (TS-400 / TS-600 / TS-800) Polyvision компаниясынан – кәсіптік презентациясы өткізуге арналған құрал. Комплектіге «Webster тақтасы, дербес компьютер, мультимедиа проектор» жатады.

«Маркер Тақта» Маркер 4 түсті (қызыл, қара, жасыл, көк) және өшіргіштің көмегімен қарапайым тақта тәрізді кез келген жазбамен суреттерді салуға, құруға және редакторлеуге болады. «Электронды тақта» маркермен немесе саусақпен басқара отырып қажетті операцияларды атқарғанда компьютерлік тышқанның қызметін атқарады..
Бүгінгі күні бірнеше негізгі өнімдер: ACTIVboard (Promethean компаниясы шығарған), SMART Board (SMART Technologies Inc, бізде оны Polymedia ұсынады), Star Board (Hitachi шығарады), InterWrite SchoolBoard (GTCO CalcComp Inc. шығарады, «Сервис Плюс» сатады) және Communicator (Sahara Interactive және «ДеЛайт 2000»).



ACTIVboard

(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады.


ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.


Бұл құрылғы

компьютер,

мультимедиялық

проектор


ActivPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы

және компьютер мен тақта арасындағы байланысты

іске асырушы құрылғы.




ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫҢ «АКТИВТІ ҚАЛАМ» ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН ТЫШҚАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ

ACTIVwand

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVwand указкасы web-бетінде жұмыс жасағанда rollover” және “hover” функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate



Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.



ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote


ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды.

ACTIVote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады.