Файл: Мектеп Т. Тохтаров атындаы мектепбалабаша кмм кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп

«Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақша» КММ

Күні




Мұғалімнің аты-жөні:

Зарыкбаева Асем Бейбитовна

Сынып 7 «А»

Барлығы - 4

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бүтін көрсеткішті дәреже

Сабақтың тақырыбы:

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.2.2 - санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау;

7.1.2.15-натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталғанын анықтай алады, натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталғанын, натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдалана отырып, өрнектерге амалдар қолдануда өрнектің соңғы цифрын анықтай алады.

Бағалау критерийі

  • Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтайды

  • Сандардың және сандық өрнектердің мәні қандай цифрға

аяқталатыны жөнінде қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

-теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда неліктен оң сан шығатынын айта аласыз ба?.....

- теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда неліктен теріс сан шығатынын айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

- негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсім» құндылығы негізінде экономикалық сауаттылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы білім

Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. Сан тізбегін құру және олардың жетіспейтін мүшелерін таба білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7-10 минут

Сыныпта психологиялық ахуал орнату

«Өзіңізге тілегенді – өзгеге де тілеңіз» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық орнату

Жұпқа бөлу: «Мозайка» әдісі бойынша /құрылымдалған жұп/

Қағаз қиындыларында жазылған сандардың дәрежесін дұрыс табу арқылы оқушылар жұптарға бөлініп отырады.

Тапсырма 1.

Оқулықтағы 6-беттегі №12 есептегі теңдеуді шешіңдер

«Алмастыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру:

Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып, бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, «+», «-» арқылы бағалайды.

Тапсырма 2. «Математикалық диктант»

  1. а санының 4-ші дәрежесін жазыңыз және а=1 болғандағы мәнін табыңыз.

  2. 0,25 санының 1 дәрежесі неге тең?

  3. 0 санының 100-ші дәрежесі неге тең?

  4. 125 санын 5-тің дәрежесі түрінде жазыңыз.

5) -64 және (-6)4 сандарын салыстырыңыз.

Өткен сабақты қайталау үшін оқушылардан математикалық диктант алынады.

Матаматикалық диктанттың тақтадағы дайын жауабымен «+», «-» арқылы өзін-өзі бағалайды.

ҚБ: «Блоб көпірі»

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.


Қағаз қиындылары

1-3 слайд


Сабақтың ортасы

22-25 минут


Жаңа білімді меңгеру

Тапсырма 3.

«Жұптас, ойлан, талқыла» әдісі бойынша жұптарға тапсырма беріледі

1-ші жұпқа тапсырма: Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылап, қорытынды шығар:

(1)2; (1)3; (11)3; (21)2; (21)4;(101)2

(5)2; (35)3; (25)4; (15)2; (65)2

2-ші жұпқа тапсырма: Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылап, қорытынды шығар:

(10)2; (10)3; (10)7; (20)4; (110)2; (100)3.

(6)2; (16)3; (16)4; (16)2; (66)2; (36)2

дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылап, қорытынды шығару ұсынылады.

Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.

Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз- бір тілек» арқылы сабақтың мазмұнына байланысты жұптар бір – бірін бағалайды.

Дескриптор:

  • Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылайды, қорытынды шығарып ұсынады;

  • Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтайды;

Тапсырма 4. «Есепті жалғастыр» әдісі арқылы

есептер шығару. (Қосымша 1)

Жұптық жұмыста келесі есептер орындалады. /Деңгейлік тапсырмалар/

1-оқушыға:/А оқушы/

1. Дәреженің мәнін есептеңіз. Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтаңыз.

  1. 12; 15; 17; 112; 115; 312; 512;

  2. 02; 05; 107; 202; 305; 702; 402;

  3. 52; 55; 57; 152; 252;

  4. 62; 65; 67; 462; 165; 662; 962;

  5. 55 + 62; 202 + 165.

2-оқушыға: /В,С оқушы/

2. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 98 – 78.

3. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 514 – 1.

4. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 78 – 1.

5. 312; 50617; 1515; 14025 сандары қандай цифрмен аяқталады.

6. 1616; 2536; 45105 сандары қандай цифрмен аяқталады.

7. Қосындының соңғы цифрын анықтаңыз: 1825 + 857

8. Айырмасының соңғы цифрын анықтаңыз: 100887-65442

9. Өрнектің соңғы цифрын анықтаңыз:

( + ) 3

Немесе жұптардың бірі есепті тақтада орындап, екінші оқушы орнында отырып шығарады. Нәтижесін орнында отырған оқушы басқа түсті маркермен тексереді.

ҚБ:

«+» , «-», « Керемет» арқылы берілген тапсырмаларға байланысты өзін-өзі бағалайды

Дескриптор:

  • Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылайды, қорытынды шығарып ұсынады;

  • Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтайды;

  • Есептемей, бірден қосындының соңғы цифрын анықтайды;



Қосымша1

4-6 слайд

Қосымша2

Сабақтың соңы

8-10 минут

Сергіту сәті: «Ауада жазу» (Оқушылар қарама-қарсы тұрып, ауада мысалы: 22 дегенді көрсетеді, басқалары ауада шешімін көрсетеді)

Тапсырма 5.

Жекелей жұмыс. «Сәйкестендіру» тесті

Дәреже мен дәреженің мәнінің аяқталатын соңғы цифрымен сәйкестендіріңіз.

  1. 453

  1. 0 цифрімен аяқталады

  1. 413 – 102

  1. 1 цифрімен аяқталады

  1. (22 + 122)3

  1. 5 цифрімен аяқталады

  1. 7319

  1. 6 цифрімен аяқталады

  1. (9 + 20)23

  1. 7 цифрімен аяқталады

Жауабы: А – …; В – …; С – …; D – …; Е – … .

ҚБ:

«+» , «-» арқылы берілген тапсырмаға байланысты өзін-өзі бағалайды.

Дескриптор:

  • Есептемей, бірден қосындының соңғы цифрын анықтайды;

Тапсырма 6.

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін дұрыс таба білу мақсатында «Фишбоунды» толтырыңыз:

  1. an•am=

  2. an: am=

  3. a0=

  4. (ab)n=

  5. (a/b)n=

  6. (an)m=

Дескриптор:

  • Негіздері бірдей дәрежелерді көбейтеді

  • Негіздері бірдей дәрежелерді бөледі

  • а санының 0 дәрежесін анықтайды

  • Көбейтіндіні дәрежеге шығарады

  • Бөлшекті дәрежеге шығарады

  • Дәрежені дәрежеге шығарады

ҚБ: «Блоб көпірі»

Кері байланыс: «Рефлексивті нысана»

Тақтаға нысана суреті ілінеді. 1,2,3,4,5 тапсырмалар бойынша, оқушылар сабақ соңында сабақтың мақсатына қаншалықты жеткенін нысана бөліктерін 1-5 балл аралығындағы көрсеткіштермен бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Үйге: 2, 3, 4-ке аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.

Оқулықтан А,В,С деңгей бойынша оқулықтан тапсырмаларды беру.

Қосымша3

Қосымша4


«Фишбоун»



Нысана суреті

Қосымша ақпарат

Жұпқа бөлу: «Мозайка» әдісі бойынша /құрылымдалған жұп/

Қағаз қиындыларында жазылған сандардың дәрежесін дұрыс табу арқылы оқушылар жұптарға бөлініп отырады.

«Алмастыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру:

Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып, бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, «+», «-» арқылы бағалайды.

«Математикалық диктант» Өткен сабақты қайталау үшін оқушылардан математикалық диктант алынады.

Матаматикалық диктанттың тақтадағы дайын жауабы арқылы өзін-өзі бағалайды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

«Жұптас, ойлан, талқыла» әдісі бойынша жұптарға тапсырма беріледі. Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.

Есепті жалғастыр» әдісі арқылы есептер шығару. Жұптардың бірі есепті тақтада орындап, екінші оқушы орнында отырып шығарады. Нәтижесін орнында отырған оқушы басқа түсті маркермен тексереді.

Жекелей жұмыс. Сәйкестендіру тестін орындайды.

«Фишбоун» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін дұрыс таба білу мақсатында «Фишбоунды» толтырады.

Кері байланыс «Рефлексивті нысана»

Тақтаға нысана суреті ілінеді. 1,2,3,4,5 тапсырмалар бойынша, оқушылар сабақ соңында сабақтың мақсатына қаншалықты жеткенін нысана бөліктерін 1-5балл аралығындағы көрсеткіштермен бағалайды.




Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады. Атап айтсам, сыныпты жұпқа бөлуде, жұптарға тапсырма берген кезде, қабілеті жоғары оқушы орта деңгейлі оқушыға есептер шығаруда, есептің тиімді шығару тәсілін үйретеді.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Үй тапсырмасын беруде А,В,С деңгейлі есептер беріледі.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.

Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныпта қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Жұптық әдістерде парталар дұрыс қойылған. Техникалық құралдарды пайдалана алады. Сергіту жаттығуы мен белсенді жұмыс түрлері қамтылған.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №3

Бөлім

Тақырып

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері


Оқу мақсаты

Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталғанын анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийі

Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтайды

Тапсырма

Тапсырма 3.

А - деңгейі. (1)2; (1)3; (11)3; (21)2; (21)4;(101)2 дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылап, қорытынды шығару ұсынылады.
В - деңгейі. Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтаңыз.

  1. 12; 15; 17; 112; 115; 312; 512;

  2. 02; 05; 107; 202; 305; 702; 402;

  3. 52; 55; 57; 152; 252;

  4. 62; 65; 67; 462; 165; 662; 962;

  5. 55 + 62; 202 + 165.

С- деңгейі. Қосындының соңғы цифрын анықтаңыз: 1825 + 857

Бағалау критерийі

Дескриптор

Санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтайды

Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылайды, қорытынды шығарып ұсынады;

Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтайды;

Есептемей, бірден қосындының соңғы цифрын анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №5

Бөлім

Тақырып

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері


Оқу мақсаты

Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Бағалау критерийі

Сандардың және сандық өрнектердің мәні қандай цифрға

аяқталатыны жөнінде қорытынды жасайды

Тапсырма

Тапсырма 5.

Дәреже мен дәреженің мәнінің аяқталатын соңғы цифрымен сәйкестендіріңіз.

  1. 453

  1. 0 цифрімен аяқталады

  1. 413 – 102

  1. 1 цифрімен аяқталады

  1. (22 + 122)3

  1. 5 цифрімен аяқталады

  1. 7319

  1. 6 цифрімен аяқталады

  1. (9 + 20)23

  1. 7 цифрімен аяқталады




Бағалау критерийі

Дескриптор

  • Сандардың және сандық өрнектердің мәні қандай цифрға

аяқталатыны жөнінде қорытынды жасайды

Дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылайды, қорытынды шығарып ұсынады;

Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтайды;

Есептемей, бірден қосындының соңғы цифрын анықтайды;