Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44692

Скачиваний: 262

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

556

 

жолдармен: 

● 

өкпе 

ұяшықтарының 

желдетілуі 

(вентиляциясы) 

бұзылыстарынан; 

● өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы 

газдардың диффузиясы бұзылыстарынан; 

●  өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан; 
●  олардың біріккен бұзылыстарынан - дамиды. 

Өкпе ұяшықтарының желдетілуі немесе  вентиляциясының 

бұзылыстары. 

Олар 

гипервентиляция, 

гиповентиляция 

түрлерінде 

көрінеді. 

Өкпенің  гипервентиляциясы  –  деп  сыртқы  дем  алатын  ауа 

мен  өкпе  ұяшықтарындағы  ауа  алмасуының    көбеюін  айтады. 
Бұл  кезде    тыныстық  ауаның  минөттік  көлемі  (ТМК)  мен 
өкпенің  тіршіліктік  сыйымдылығы  (ӨТС)  көбейеді.  Ол 
физиологиялық 

және 

патологиялық 

(дерттік) 

болып 

ажыратылады.  Физиологиялық  гипервентиляция  кезінде  ол 
оттегіге деген организмнің көтеріңкі мұқтаждығын аластауға 
бағытталады  және  оттегінің  жеткіліксіздігін  жоюмен  бірге 
тоқталады. 

Дерттік 

(патологиялық) 

гипервентиляция 

оттегіге 

қосымша  мұқтаждықпен  немесе  СО

2

  сыртқа  шығару  қажеттігіне 

байланысты болмайды. Ол ми және оның қабықтарының аурулары 
кездерінде,  миға  қан  құйылғанда,  гипоксемия  (анемия, 
таулық  немесе  биіктік  аурулары),  артериялық  қысымның 
төмендеуі  кездеріндегі  тыныс  алу  орталығының  рефлекстік 
қозуынан дамиды. 

Бірақ  ұзақ  гипервентиляция  гипокапния  мен  алкалоз 

дамуына  әкеледі,  осының  әсерінен  тыныс  алу  орталығы 
тежеледі.  Бұл  жағдайда  гипервентиляция  гиповентиляциямен 
ауысады. 

Өкпенің  гиповентиляциясы  -  деп  өкпеде  ауа  алмасуының 

азаюын айтады. Ол мына жағдайларда байқалады: 

●  өкпенің  және  тыныс  жолдарының  дерттері  (пневмония, 

пневмосклероз, эмфизема, бронхит т.с.с.) кездерінде; 

●  тыныс  алуды  реттейтін  жүйкелердің  жарақаттануы, 

қабынуы  немесе  бұл  жүйкелерден  серпіндердің  (миастения, 
ботулизм, сіреспе т. с. с. дерттер кездерінде) тыныс алуға 
қатысатын  бұлшықеттерге  берілмеуі  немесе  олардың  қабынуы, 
дистрофиясы кездерінде; 

●  қабырға  аралық  жүйкелердің,  өкпеқаптың  қабынулары 

кездерінде қатты ауыру сезімінде; 

●  жұлында  өспе  дамығанда  немесе  полиомиелит  ауруы 

кезінде  оның  мотонейрондарының  бүліністерінен  тыныс  алуға 
қатысатын еттердің жүйкеленуі бұзылыстарында; 

●  мидағы  тыныс  алу  орталығына  дерт  туындататын 


background image

 

557

 

ықпалдардың тікелей тежегіш әсерлерінен немесе олардың қан 
тамырларындағы  хемо-,  барорецепторлардың  қоздырылуынан 
рефлекстік түрде тежелгенінде. 

Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай: 
●  
обструкциялық  (лат.  obstructio  -  бітелу)  немесе 

бітелулік гиповентиляция;  

●  рестрикциялық  (лат.  restrictio  -  шектелу,  кішірею) 

немесе шектелулік гиповентиляция; 

● араласқан гиповентиляция – деп ажыратылады. 
Обструкциялық 

гиповентиляция 

тыныс 

алу 

жолдары 

тарылғанында  немесе  бітелгенінде  байқалады.  Бұл  кезде  ауа 
қозғалысына кедергі  тыныс алу жолдарында пайда болады. Ол 
мына себептерден дамиды: 

♣ тыныс алу жолдарының қабынуынан; 
♣  майда  кеңірдекшелердің  тегіс  салалы  еттерінің, 

әртүрлі  аллергендердің  және  химиялық  қоздырғыштардың 
әсерлерінен, жиырылып қалуынан (бронхоспазм); 

♣ тыныс алу жолдары қою қақырықпен бітеліп қалуынан; 
♣ тыныс алу жолдарында өспе дамуынан;  
♣  тыныс  алу  жолдары  сыртынан  ісінген  қалқанша 

безбен, 

айналасындағы 

тіндердің 

өспесімен 

қысылып 

қалуынан; 

♣  дыбыс  байламдары  мен  көмекей  еттерінің  жиырылып 

қалуынан (ларингоспазм) т.с.с. жағдайлардан байқалады. 

Рестрикциялық  гиповентиляция  өкпенің  тыныс  алу  бетінің 

азаюынан  немесе  өкпе  тінінің  серпімділігі  төмендеуінен 
дамиды.  Ол  өкпе  тінінің  өзінде  болатын  (өкпе  ішілік) 
дерттермен 

немесе 

 

өкпенің 

сыртынан 

әсер 

ететін 

(өкпесыртылық) дерттік өзгерістермен байланысты дамиды. 

Рестрикциялық  гиповентиляция  дамуына  әкелетін  өкпе 

ішілік дерттерге: 

♣ өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарын; 
♣ 

өкпе 

ауруларын 

(пневмосклероз, 

обыр 

(рак), 

эмфизема, туберкулез); 

♣  өкпенің  бір  бөлшегін  немесе  бір  өкпе  тұтас  оталып 

тасталуын; 

♣  әртүрлі  себептерден  сурфактанттың  азаюынан  өкпеде 

ателектаз дамуын т.б. жатқызуға болады. 

Рестрикциялық  гиповентиляция  дамытатын  өкпесыртылық 

дерттік өзгерістерге: 

♣  өкпеқап  қуысында  сұйық,  қан,  ауа  жиналып  қалуы 

(гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс); 

♣ көкірек орталығында өспе өсуі; 
♣  кеуде  қуысын  тарылтатын  дене  пішіні  өзгеруі 

(лордоз, кифоз, сколиоз);  

♣ іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, 


background image

 

558

 

іш  шемені  дамуы  т.  с.  с.  жағдайлар  жатады.  Бұл  кездерде 
өкпе 

сыртынан 

қысылып, 

оның 

тыныс 

алу 

кезіндегі 

тербелістерін азайтады. 

Обструкциялық гиповентиляция кезінде: 

♣  қарқынды  дем  шығарудың  1-секундындағы  ауа  көлемі 

(FEV

1c

); 

♣  қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығының пайыздық 

арақатынасы (FEV

1c

/FVC%); 

♣  қарқынды  дем  шығарудағы  қарқынды  тіршіліктік  өкпе 

сыйымдылығының  25-75%  аралығындағы  ауа  ағымының  көлемдік 
жылдамдығы  (FEF

25-75%

)    -  азаяды.  Бұл  кезде  өкпеде  қалдық 

ауа  көлемі  (RV)  және  онымен  толық  өкпе  сыйымдылығының 
арақатынасы (RV/TLC) көбейеді (- кесте).  

Рестрикциялық гиповентиляция кезінде: 

♣ толық өкпе сыйымдылығы (TLC); 
♣  тіршіліктік  өкпе  сыйымдылығы  (VC)  қатты  азаяды. 

Бұл  кезде FEV

1c

/FVC% мен FEF

25-75%

 өзгермейді (- кесте). 

  
- кесте 
Обструкциялық  және  рестрикциялық  гиповентиляциялар 

кездеріндегі 

сыртқы 

тыныс 

алу 

көрсеткіштерінің 

салыстырмалы сипаттамасы. 

 

Көрсеткіштері 

рестрикциялық 
гиповентиляция 

обструкциялық 
гиповентиляция 

FVC 

азаяды 

шамалы азаяды 

FEV

1c 

азаяды 

қатты азаяды 

FEV

1c

/FVC % 

қалыпты деңгейде  қатты 

төмендейді 

FEF

25 – 75 % 

қалыпты деңгейде  қатты 

баяулайды 

VC 

қатты төмендейді  азаяды 

FRC 

онша өзгермейді 

көбейеді 

RV 

онша өзгермейді 

көбейеді 

TLC 

қатты азаяды 

онша 
өзгермейді 

RV/TLC 

біршама көбейеді  көбейеді 

 

Ескертпелер: 
FVC  –  forced  vital  capacity  –  қарқынды  тіршіліктік  өкпе 
сыйымдылығы; 
FEV

1c

  –  forced  expiratory  volume  in  1  second  –  қарқынды 

дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі; 
FEV

1c

/FVC%  -  қарқынды  дем  шығарудың  1-секундындағы  ауа 

көлемі  мен  қарқынды  тіршіліктік  өкпе  сыйымдылығының 


background image

 

559

 

пайыздық арақатынасы; 
FEF

25-75% 

-  forced  expiratory  flow  between  25  and  75%  of 

forced  vital  capacity  –  қарқынды  дем  шығарудағы  қарқынды 
тіршіліктік  өкпе  сыйымдылығының  25-75%  аралығындағы  ауа 
ағымының көлемдік жылдамдығы; 
VC  –  vital  capacity  –  тіршіліктік  өкпе  сыйымдылығы 
(қалыпты мөлшері 3,5 л.) ; 
FRC  –  functional  residual  capacity  –  функциялық  қалдық 
сыйымдылық (қалыпты мөлшері 3,0 л.); 
RV – residual volume – қалдық ауа көлемі (қалыпты мөлшері 
1,5 л.); 
TLC  –  total  lung  capacity  –  толық  өкпе  сыйымдылығы 
(қалыпты мөлшері 5 л.); 
RV/TLC  –  қалдық  ауа  көлемі  мен  толық  өкпе  сыйымдылығының 
арақатынасы.  

 

Өкпе 

желдетілуі 

бұзылыстарынан 

артериялық 

қанда 

оттегінің  үлестік  қысымы  азайып,  гипоксемия  және  онда 
көмірқышқылы газы көбейіп, гиперкапния дамиды. 

Өкпе  ұяшықтары  мен  қылтамырлардың  қабырғалары  арқылы 

газдардың  диффузиясының  бұзылыстары.  Газдардың  диффузиясы 
– 

деп 

өкпе 

ұяшықтарынан 

оттегінің 

қанға, 

қаннан 

көмірқышқылы газының өкпе ұяшықтарына қарай көп жағынан аз 
жағына жайылып тарауын айтады. 

Өкпе  ұяшықтарынан  оттегінің  қанға  жайылып  тарау 

жылдамдығы: 

= k (P

–P

)

 

S/d –теңеуімен анықталады. 

Мұнда:  D  –  белгілі  уақыт  ішіндегі  жайылып  тараған 

газдың  мөлшері,  P

-  өкпе  ұяшықтарындағы  ауада  оттегінің 

үлестік  қысымы,  P

–  көктамыр  қанындағы  оттегінің  үлестік 

қысымы, S – жайылып тарау бетінің аумағы, d – ауа мен қан 
аралық  тосқауылдың  қалыңдығы,  k  –  оттегінің  суда  еру 
қабілеті  мен  оның  молекулалық  салмағына  байланысты 
енгізілетін 

константа. 

Осы 

теңеуге 

байланысты 

P

төмендеуінен,  S  кішіреюінен  және    d  –  қалыңдауынан 
оттегінің диффузиясы азаяды. 

 Өкпеде 

газдардың 

диффузиясы 

 

мына 

жағдайларда 

бұзылады:  

●  өкпе  қабынуы,  ісінуі  кездерінде  ұяшықтар  ауасы  мен 

қан аралық тосқауыл қалыңдауынан; 

●  қызмет  атқаратын  өкпе  ұяшықтары  мен  қылтамырлардың 

азайып  кетуінен  немесе  тыныс  алу  беттерінің  кішіреюінен 
(мәселен  ателектаз,  өкпенің  бөлігін  отау,  өкпе  тінінің 
бүліністері кездерінде); 

●  өкпе  қылтамырларында  қан  көлемі  мен  гемоглобин 

аздығынан; 


background image

 

560

 

●  өкпе  ұяшықтарындағы  ауамен  қанның  түйісу  уақыты 

қысқаруынан;  Бұндай  жағдай  ауыр  қол  жұмысын  атқарғанда, 
өкпе эмфиземасы кездерінде байқалады.  

Өкпенің  диффузиялық  қабілетінің  бұзылыстарын  ұяшық-

қылтамырлар аралық бөгет дейді.  

Газдардың  диффузиясы  бұзылыстарынан  ауыр  артериялық 

гипоксемия  дамиды.  Бірақ  гиперкапния  онша  байқалмайды. 
Өйткені  көмір  қышқылы  газының  диффузиялық  қасиеті, 
оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады. 

Өкпе  перфузиясының  бұзылыстары.  Өкпеде  қанайналымның 

(перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін: 

● жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде; 
●  туа  біткен  немесе  жүре  пайда  болған  жүрек 

кемістіктерінде 

(атриовентрикулалық 

қақпақшалардың 

тарылуы, 

жүрекшелердің 

арасындағы 

сопақша 

тесіктің 

бітелмей қалуы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі т. с. с.); 

●  өкпе  артерияларында  қан  қатпаларының  (тромбылар) 

құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы; 

●  сілейме  (шок),  коллапс  кездерінде  қан  тамырлары 

қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпеге аз қан келуінен; 

Осы  жағдайларда  қанның  оттегіге  қанығуы  болмайды  да, 

артериялық  гипоксемия  және,  көмірқышқылы  газының  сыртқа 
шығарылмауынан, 

гиперкапния 

дамиды. 

Кіші 

қанайналым 

шеңберінде  қан  іркіліп  тұрып  қалуынан  артынан  өкпенің 
ісініп  кетуі  болады.  Содан  ұяшықтар  суға  толып  қалып, 
оларда ауа алмасуы одан сайын бұзылады.  

Сонымен  бірге,  өкпенің  ішінде  ұяшықтардың  желдетілуі 

мен  олардың  қанмен  қамтамасыз  етілуінің  жергілікті 
бұзылыстары  маңызды  орын  алады.  Қалыпты  жағдайда  қызмет 
атқаратын  өкпе  ұяшықтарына  қан  жақсы  келеді  де,  қызмет 
атқармайтын  ұяшықтарға  оның  келуі  шектеледі  (Эйлер 
рефлексі).  Содан  өкпе  ұяшықтарындағы  вентиляция  мен 
олардың  перфузиясының  арақатынасы  (V

a

/Q)  бірге  жуық 

болады.  

Бұл  арақатынастың  бірден  астам  болуы  қан  келмейтін 

ұяшықтарда  вентиляция  болуын  көрсетеді.  Бұндай  жағдайды 
дәрменсіз 

вентиляция 

дейді. 

Бұл 

кезде 

артериялық 

гипоксемия 

байқалмауы 

мүмкін. 

Өйткені 

тыныс 

алу 

бұлшықеттерінің  артық  жұмыс  атқаруынан  тыныстық  ауа 
көлемі, тыныс алудың жиілігі және тыныстың минөттік көлемі 
жоғары деңгейде ұсталып тұрады. 

Дем  алудың    минөттік  көлемі  тереңдігі  өзгермей,  тек 

оның  жиілеуімен  бір  деңгейде  ұсталып  тұрғаны  өкпе 
ұяшықтарындағы    вентиляцияның  азаюын  және  ауа  алмасуының 
нашарлығын 

көрсетеді. 

Сондықтан 

өкпе 

ұяшықтарының 

вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.