ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44657
Скачиваний: 260
86
Кері айналып соғу шеңберлерін жасуша деңгейінде де
байқауға болады. Оған мысал ретінде жасуша мембранасының
насостық қызметі бұзылуын келтіруге болады. Содан жасуша
ішінде Са
2+
иондарының жиналып қалуынан, бұл артық
иондарды
митохондрийлар
сорып
алады.
Сол
себепті
митохондрийларда тотығулық фосфорлану бұзылып, кесек
молекулалы фосфорлық қосындылардың (АТФ, креатинфосфат)
түзілуі азаяды, энергия тапшылықты жағдай дамиды. Бұл өз
алдына, кері айналып соғып, жасуша мембраналарының
насостық қызметін одан сайын күшейтеді (3-сызбанұсқаны
қараңыз).
3-сызбанұсқа
ЖАСУША ДЕҢГЕЙІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ.
Жарақаттану
Ауыру сезімі
Артериялық қысым
төмендеуі
Қан тамырларының
қимылдық
орталығы тежелуі
Жүрек жиырылуы
бұзылуы
Гипоксия
Жүректе зат алмасуларының
бұзылуы
Ми қызметі бұзылуы
87
Аурудың патогенезіндегі негізгі тізбек.
Аурудың
даму
жолдарындағы
себеп-салдарлық
арақатынастардың
ішіндегі
ең
маңызды
тізбегін
патогенездің негізгі тізбегі дейді. Мәселен, жоғарыда
келтірілген
жарақаттық
сілейменің
(шоктың)
негізгі
тізбегі болып ауыру сезімі есептеледі. Сол себептен ол
дертті
емдеу
үшін
ауыру
сезімін
басатын
дәрілер
қолданылады. Сол жақ жүрекше-қарынша аралық тесіктің
тарылуы көптеген бұзылыстардың тізбегіне әкеледі. Бұл
кезде сол жүрекшенің қуысы кеңиді, қан кіші қанайналым
шеңберіне жиналып қалады, оң қарыншаның қызметі бұзылады.
Артынан қан үлкен қанайналым шеңберінде жиналады,
оттегінің тасымалдануы бұзылады, гипоксия дамиды, ентігу
т. с. с. пайда болады. Бұл көрсетілгендердің ішінде осы
ауру дамуындағы негізгі тізбек болып, сол жақ жүрекше-
қарынша аралық тесіктің тарылуы есептеледі. Осыдан
митралдық қақпақшаны кеңіту (комиссуротомия жасау) арқылы
дерттің барлық көріністерін жоғалтады. Қантты диабеттің
негізгі тізбегі болып инсулиннің жеткіліксіздігі, Аддисон
ауруының негізгі тізбегі - бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабатының гормондары өндірілмеуі немесе тым аз өндірілуі
болады. Сондықтан бұл аурулар кездерінде инсулин немесе
кортикостероидтық гормондар енгізу оларға тән барлық
әйгіленімдердің жоғалуына әкеледі.
Ауру дамуында жергілікті және жалпы өзгерістердің
арақатынастары.
Энергия
тапшылығы
Жасуша
мембранасында
насостық
қызметтің
бұзылуы
Тотығулық фосфорлану
бұзылуы
Са
2+
иондары
митохондрийларға
ауысуы
Жасуша ішінде Са
2+
иондары жиналуы
88
Аурудың патогенезін қарағанда жергілікті (бүлінген
ағзаның, тіннің) өзгерістері мен жалпы организмнің
өзгерістерінің арақатынасын қарастыру қажет. Ауру әрқашан
жергілікті және жалпы өзгерістермен сипатталады. Олар
өзара бірлікте болады. Кезкелген жергілікті дерттік
үрдістер
жалпы
организмнің
өзгерістеріне
әкеледі.
Мәселен, қабыну кезінде қанда лейкоциттердің көбеюі, дене
қызымының көтерілуі, иммундық жүйенің әсерленуі т.б.
құбылыстар байқалады.
Жалпы организмнің және оның жүйкелік-эндокриндік
жүйелерінің жағдайлары жергілікті дерттік үрдістердің
барысына елеулі әсер етеді. Мәселен, орталық жүйке жүйесі
тежелу жағдайында болғанда (табиғи үйқы немесе наркоз
кезінде)
жергілікті
қабынудың
өтуі
баяулайды.
Тиреотоксикоз кезінде қабыну өте қарқынды, гипотиреоз
кезінде, керісінше, сылбыр өтеді.
Ауру кездерінде жергілікті өзгерістер мен жалпы
организмнін өзгерістерінің басталуы үш түрде болуы
мүмкін:
● жергілікті өзгерістер бірінші пайда болып, артынан
жалпы өзгерістерге әкеледі. Мәселен, жарақаттану, күю т.
б. Бұл кездерде жалпы өзгерістердің дамуы жүйкелік және
гуморалдық жолдармен артынан дамиды.
● ауру туындатқан ықпалдар бірден организмнің жалпы
өзгерістерімен бірге жекелеген ағзалар мен тіндердің
жергілікті өзгерістерін туындатады. Мәселен, химиялық
заттармен уланғанда, иондағыш сәулелер әсер еткенде
т.с.с. жергілікті ағзалар мен тіндердің бүліністері тұтас
организмнің бүліністерімен бір мезгілде пайда болады.
● ағзалар мен тіндердегі дерттік өзгерістер аурудың
жалпы көріністерінен кейін пайда болады. Мәселен,
жағымсыз көңіл-күйлерінің әсерлерінен ми қыртысының
сыртқы орта жағдайларына бейімделу қабілетінің төмендеуі
жергілікті өзгерістерден ерте байқалады. Бұл кезде
«реттелу аурулары» дамиды. Жүйке жүйесі ішкі ағзалар мен
тіндерге үш түрлі жолмен реттеуші әсер етеді:
♣
олардың
атқаратын
(қимылдық,
сөлденістік)
қызметтеріне арнайы әсер ету;
♣
қан
тамырларының
межеқуатына
ықпал
етіп,
қанайналымына әсер ету;
♣ олардың нәрленісін (трофикасын) қамтамасыз ету.
Сондықтан жүйкелік реттелулер бұзылғанда көрсетілген
үрдістердің бәрінде де өзгерістер байқалады. Сол себептен
ағзалар мен тіндердің жүйкелік реттелулерінің бұзылыстары
аурудың даму жолдарында біршама өзгерістерге әкелуі
89
мүмкін. Адамның ішкі жан-дүниесінің өзгерістері денеде
әртүрлі дерттердің дамуына ықпал ететіні көптен белгілі.
Осыдан медицинада психосоматикалық бағыт қалыптасқан.
Қорыта
келгенде,
кез-келген
аурудың
көріністері
жергілікті
және
жалпы
организмнің
өзгерістерімен
сипатталады. Олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты.
Сол себептен жергілікті ауру немесе жалпы организмнің
ауруы деп ажырату қате болады. Дегенмен, олардың
арақатынасын, басым жағын ажырату қажет. Кейде ушықпаған
аурудың жергілікті бүліністерін аластау арқылы науқасты
емдеуге болады. Мәселен, өспені дер кезінде сылып тастау
науқастың сауығуына әкеледі. Ал, бүлінген ағзаның әсері
жалпы денеге көп тараған болса, онда жалпы организмдегі
өзгерістер емдеуді қажет етеді. Фурункулез кезінде
сыздауықты
емдеумен
бірге
жалпы
организмдегі
зат
алмасудың, иммундық жүйенің т. б. бұзылыстарын емдеу
қажет.
Ал, жалпы организмнің жан-дүниесі өзгерістерінен
пайда болған ағзалар мен тіндердегі өзгерістерді емдеу
міндетті түрде алғашқыларды емдеумен қабаттасуы керек.
Осы тұрғыдан психотерапияның маңызы өте зор.
Ауру дамуындағы биологиялық және әлеуметтік
заңдылықтардың арақатынастары.
Адамда дерт дамуында жалпы биологиялық заңдылықтармен
қатар
әлеуметтік
заңдылықтардың
маңызы
өте
зор.
Әлеуметтік жайттарга соғыс, аштық, сыртқы ортаның
ластанулары, тұрмыстық ауыртпалықтар, өндірісте және үй
түрмысында
техниканың
дамуына
байланысты
қимыл-
қозғалыстың шектелуі т. б. жатады. Адамды қоршаған
ортаның
әртүрлі
физикалық,
химиялық
ықпалдармен
ластанулары бір жағынан аурудың пайда болуына әкелсе,
екшші
жағынан
көптеген
аурулардың
даму
жолдарына
(патогенезіне) елеулі әсер етеді, олардың созылмалы
түрлерге ауысуына әкеледі. Мәселен, темекі шегетін
адамдарда жоғары тыныс жолдарының қабынуы, оны шекпейтін
адамдарға қарағанда, әлдеқайда ұзақ сақталады, кейде
өкпеде обыр өспесін дамытады. Үй тұрмысының нашарлығы,
асқа жарымау т.с.с әлеуметтік жағдайлар туберкулез ауруы
дамуын жиілетеді. Сондықтан ол әлеуметтік аурулардың
қатарына жатады. Адамда тіл-сөз жүйесінің болуы, оның
психикалық ойлау қабілеті, белгілі қоғам заңдылықтарымен
90
шектелуі т.б. әлеуметтік ықпалдар биологиялық ықпалдардың
әсерлере елеулі өзгерістер енгізеді. Сонымен биологиялық
және әлеуметтік ықпалдар өзара тығыз байланысты және
бірінің өзгеруі міндетті түрде екіншісінің өзгеруіне
әкелуі ықтимал.
Аурудың патогенезі негізінде емдеу жолдары.
Дерт дамуында себеп-салдарлық арақатынасты ескеріп,
патогенездің
көптеген
тізбектерінің
ішінен
негізгі
тізбегін үзу арқылы емдеуді патогенездік терапия дейді.
Мәселен, аурудың негізінде қабыну жатса, осы қабынуды
емдеу қажет. Аурудың дамуы микроциркуляцияның, зат
алмасудың, қышқылдык-сілтілік үйлесімділіктің, иммундық
жүйенің,
жүйкелік,
эндокриндік
реттелулердің
бұзылыстарының немесе гипоксияның негізінде болса, емдік
шаралар соларға қарсы бағытталады. Көптеген аурулардың
негізінде жасушалардың қабықтарында май қышқылдарының
асқын
тотығуы,
фосфолипаза
ферменттерінің
артык,
әсерленуі, иммундық үрдістердің артып кетуі жатады. Сол
себептен
бұл
аурулар
кездерінде
антиоксиданттар,
фосфолипазаның
тежегіштері,
иммундық
модуляторлар
қолданылады.
Организм реактивтілігінің дерттанудағы
маңызы
Реактивтілік
латынша
rе-қарсы,
aсtіо-әсер
деген
сөздерінеи құралған. Қазіргі күні бұл түсініктен кең
мағынада қолданылады. Реактивтілікке көптеген анықтамалар
берілген. Н. Н. Сиротонин: «Реактивтілік - сыртқы ортаның
әсерлеріне организмнің белгілі жолмен жауап қайтару
қасиеті» - деп анықтаған. Ал, А. Д. Адо: «Реактивтілік
-
сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне тұтас организмнің
тіршілігін өзгертуімен жауап қайтару қасиеті»-дейді. Шын
мәнінде ол: сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне тұтас
организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің
тіршілігін
өзгертіп
жауап
қайтару
қасиеті
немесе
қабілеті. Ол барлық тірі жан-жануарларға тән қасиет.
Қарапайым жануарлар сыртқы ортаның әсерлеріне зат алмасу
үрдістерін өзгерту арқылы, кеуіп қалудан сақтанады,
сыртқы ортадағы оттегі мен температураның өзгерістеріне
төзімді болады. Суық қанды жануарларда қабыну үрдісі
қалыптасып, қабыну кезінде қан-тамырларының өзгерістері
және фагоцитоз пайда болады. Жылы қанды жануарларда
иммунитет басталып, сүтпен қоректенетін жануарларда
аллергиялық серпілістер қосылады. Сонымен жануарлардың