ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44662
Скачиваний: 260
101
бітімінің
ерекшеліктері
үлкен
әсер
етеді
(сәйкес
тақырыптарды қараңыз).
Қорыта келгенде, организмнің реактивтілігі дерттің
пайда болу себептік байланыстарымен (этиологиясымен) және
оның даму жолдарымен (патогенезімен) тығыз байланысты.
Сол себептен оны көтермелеу арқылы алдын-ала кейбір
ықпалдарға жаттықтырып көптеген аурулардың дамуынан
алдын-ала сақтандыруға болады.
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Тектік ақпараттардың өзгерістерінен дамитын ауруларды
тұқым қуатын аурулар дейді. Оларды туа біткен аурулардан
ажырату қажет. Туа біткен аурулардың ішінде тұқым қуатын
және тұқым қумайтын (ұрық дамуы кезіндегі ақаулар мен
туылу кезіндегі жарақаттар және кесапаттардың нәтижесінде
дамитын) аурулар болулары мүмкін. Сонымен бірге кейбір
тұқым қуатын аурулар (Гентингтон хореясы, бұлшық еттердің
дистрофиясы) тек адам кемелденген шақ кездерінде ғана
дамиды. Сондықтан оларды туа біткен ауруларга жатқызуға
болмайды.
ТҮҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ.
Тұқым қуалайтын ауруларға организмнің тектік түрінің
(генотипінің)
өзгерістерін
туындататын
мутациялар
әкеледі. Мутациялар гендік, хромосомалық және геномдық
болып ажыратылады.
Гендік мутациялар жекелеген гендердің өзгерістерінен
байқалады. Олар ДНК молекуласында кейбір нуклеотидтердің
болмауынан немесе басқа нуклеотидтермен ауысып кетуінен
дамиды.
Хромосомалық мутациялар хромосомалардың ауытқулары
(делеция,
дупликация,
инверсия,
транслокация)
нәтижелерінде
байқалады.
Хромосомалардың
құрылымы
өзгермей
саны
өзгеруін
(полиплоидия,
анеуплоидия)
геномдық мутация дейді. Полиплоидия - барлық хромосомалар
жиынтығының
еселеп
көбеюі.
Бұл
кезде
тіршілікке
қабілеттілік болмай, өздігінен түсік түседі немесе өлі
бала
туады.
Анеуплоидия
–
бір
немесе
бірнеше
хромосомалардың жұптарында олардың саны өзгеруі, мәселен,
моносомия, трисомия.
Мутация пайда болған жасушаның түріне қарай гаметалық,
соматикалық мутациялар болып ажыратылады. Гаметалық
мутация жыныстық жасушаларда болады, ол толық өзгерген
организмнің дамуына әкеледі және ұрпақтан ұрпаққа
ауысады. Соматикалық мутация дененің кейбір жасушаларында
болады және ол ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Бұл кезде
102
жаратылысы өзгерген жасушаны макрофагтар мен табиғи
жендет жасушалар жойып отырады, ал кейде ол өспе өсуіне
әкелуі мүмкін.
Сонымен бірге, өздігінен дамитын (спонтандық) және
белгілі
бір
түрткілерден
дамитын
(индукциялық)
мутацияларды ажыратады. Спонтандық мутациялар организмнің
өзіндегі әлі толық анықталмаған себептерден (зат алмасу
өнімдерінің, бос радикалдардың т. б. әсерлерінен) дамиды.
Индукциялық мутация көптеген сыртқы орта ықпалдарының
әсерлерінен дамиды. Бұл ықпалдарды мутагендер дейді.
Мутагендер физикалық, химиялық және биологиялық болып
ажыратылады. Физикалық мутагендер: иондағыш сәулелердің
барлық түрлері, үльтракүлгін сәулелер, температуралық
әсерлер т. т. жатады. Мутациялардың мөлшері әсер еткен
сәулелердің мөлшеріне және жасушалардың бөліну сатыларына
қарай
өседі.
Сәулеленген
тіндердегі
бос
белсенді
радикалдардың пайда болуы күрделі физикалық-химиялық
үрдістердің бастапқы сатысы болады. Осының нәтижесінде
молекулалардың
қайта
құрылуы
және
биохимиялық
реакциялардың жүруі бұзылады да, аяғында келіп гендердің
мутациялары мен хромосомалардың құрылымдары өзгеруіне
әкеледі.
Химиялық мутагендерге — мына заттар жатады:
●
нәруыздар
түзілуін
тежейтін
цитостатиктер
(меркаптопурин, теобромин т. б.);
●
алкилдеуші
қосындылар,
былайша
айтқанда
ДНК
молекуласына алкилді топтарды (метилді, этилді т.с.с.)
тасуға қабілетті қосындылар. Оларды ДНК молекуласына
ететін әсеріне байланысты радиомиметиктер деп атайды.
Өйткені
олардың
әсер
ету
тетіктері
радиациялық
мутагенезге өте ұқсайды;
● асқын тотықтар;
● пуриндер мен пиримидиндер негіздерінің туындылары;
● сыртқы ортаның әртүрлі химиялық қосындылармен
ластануы бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі болып
қаралады.
Мутагендік
әсерімен
ауылшаруашылығында
қолданылатын
әртүрлі
пестицидтер,
гербицидтер,
дефолианттар алдыңғы қатарларда тұрады. Осы қосындылардың
көпшілігі химиялық және биологиялық өзгерістерге өте
тұрақты. Сондықтан да бұл мутагендер олардың өндірілуі
және қолданылуы тоқтатылғанына қарамай сыртқы ортада көп
уақыт айналып жүре береді;
● дәрілер: биомицин, зарарсыздандыратын заттар
(хлорамин).
Биологиялық мутагендерге:
103
● вирустар (қызамықтың, шешектің, қызылшаның,
індетті мысқылдың (паротиттің) вирустары);
● биологиялық уыттар;
● кейбір зат алмасу өнімдері: асқын тотықтар, бос
радикалдар -жатады. Соңғыларын аутомутагендер деп атайды.
Т
ұ
ҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУЛЕРІ.
Пайда болуындағы тектік ерекшеліктері мен қоршаған
орта ықпалдарының арақатынастарына байланысты тұқым
қуатын ауруларды үш үлкен топқа бөледі:
● нағыз тұқым қуатын аурулар. Олардың пайда болуында
тұқым қуалаушылықтың маңызы өте зор, былайша айтқанда бұл
аурулардың негізгі себепкер ықпалы болып өзгерген тектік
ақпарат есептеледі. Ал, сыртқы орта ықпалдары бұл
аурулардың пайда болуына әсер етпейді. Бұндай ауруларға
бір геннің ауытқуларынан дамитын аурулар (фенилкетонурия,
гемофилия, ахондроплазия т. б.) және хромосомалық аурулар
жатады.
● екінші топқа гендік ақпараттың өзгеруінен дамитын
тұқым қуатын аурулар жатады. Бірақ олардың клиникалық
көріністері байқалуы үшін арнайы ортаның әсер етуі қажет.
Мәселен, гетерозиготтық организмдерде орақ тәріздес
жасушалы анемия көрінуі үшін дем алатын ауада оттегінің
азаюы, тұқым қуатын гемолиздік анемия көрінуі үшін дәрі-
дәрмектердің немесе басқа химиялық заттардың әсерлері
болуы қажет.
● үшінші топқа көпфакторлық аурулар жатады. Оларға
мысал ретінде, әсіресе ересек және ұлғайған адамдардың
арасында кең тараған гипертензиялық ауру, жүректің
ишемиялық ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы,
қатерлі өспелер, туберкулез, пиелонефрит, қантты диабет
т.с.с. ауруларды келтіруге болады. Бұлардың пайда
болуында қоршаған ортаның қолайсыз ықпалдары негізгі
себепкер ықпалдарға жатады. Олар тұқым қуалаушылыққа
бейімділігі бар аурулар делінеді. Бұл аурулар тұқым
қуатын ауруларға қарағанда өте жиі кездеседі. Олардың
көріністері адамның жасына, жынысына, тамақтануына т. б.
жағдайларға тығыз байланысты. Олар адам ауруларының 92℅-
ын
құрайды
және
олардың
даму
негізіндегі
гендік
өзгерістердің зерттелуі үлкен әдістемелік қиыншылықтарға
тіреледі. Соған қарамай қазіргі медициналық тектанудың
жетістіктері көптеген мүльтифакторлық аурулардың пайда
болуындағы өзгерген гендердің орналасқан жерлерін табуға
мүмкіншілік беріп отыр. Мәселен, асқазанның ойық жара
ауруына әкелетін геннің АВО қан тобының жүйесімен
байланыстылығы
анықталды.
Псориаз,
гепатит,
қантты
104
диабет, тромбангаит т.с.с. аурулардың гені тіндік
үйлесімділікті анықтайтын НLА — жүйесі антигендерімен
байланысты.
Сонымен бірге тұқым қуатын аурулар тектік (гендік)
және хромосомалық аурулар болып бөлінеді. Тектік аурулар
гендердің өзгерістерінен (мутациясынан) дамиды. Өзгерген
гендердің санына қарай моногендік (бір гендік) және
полигендік (көп гендік) аурулар болып ажыратылады.
Моногендік аурулар бір геннің өзгеруінен дамиды және олар
нағыз түқым қуатын ауруларға жатады. Полигендік аурулар
тұқым қуалауға бейімділігі бар ауруларға жатады және
көптеген ықпалдардың әсерлерінен дамиды.
Хромосомалық
аурулар
хромосомалардың
сандық
және
сапалық өзгерістерінен дамиды. Гендердің өзгерістері
ұрпақтан
ұрпаққа
ауысатын
болса,
хромосомалардың
өзгерістері ауыспайды. Өйткені соңғылары бар адамдар
ұрпақ өрбіте алмайды.
ТҮҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
.
Түқым қуатын аурулар мына жағдайларда пайда болуы
мүмкін:
● қалыпты тұқым қуатын ақпараттың болмауы;
● тұқым қуатын ақпараттың дерттік өзгерістерге
ұшырауы;
● тектік құралдардың реттелулерінің бұзылыстары;
● бүлінген геномның дұрыс қалпына келмеуі.
ДНК молекуласында мутагендердің әсерлерінен бір немесе
бірнеше азоттық негіздер жоғалуы немесе олардың орны
ауытқулары ықтимал. Сондықтан ДНК-дағы триплет жүйесінде
тектік ақпарат және түзілген нәруыздың аминқышқылдық
құрамы өзгереді. Осыдан қалыпты тұқым қуатын бағдарлама
мүлде болмауы немесе дерттік өзгеріске ұшыраған болуы
мүмкін.
Тектік
құралдардың
белсенділігі
оперонмен
реттелінеді.Оперон оператор-геннен, реттеуші-геннен және
бір немесе бірнеше құрылымдық гендерден тұрады. Реттеуші-
ген оператор-генді реттейтін зат шығарады. Оператор-ген
құрылымдық геннің белсенділігін арттырып немесе кемітіп
тұрады. Сондықтан құрылымдық гендердің белсенділігі
бұзылуы реттеуші гендердің мутациясынан болуьг мүмкін.
Тіршілікте ДНК- молекуласы мутагендік әсерлерден
мезгіл-мезгіл өзгеріп тұруы ықтимал. Бірақ, бүлінген
молекулалардың қалыпты жағдайға қайта оралуына әкелетін
бірқатар ферменттердің жүйесі бар. Бұл ферменттерге
мыналар жатады:
● Фотореактивті фермент үльтракүлгін сәулелердің
105
әсерінен болған ДНК-ның бүлінуін қалпына келтіреді.
● күңгірт реактивті жүйе:
♣ эндонуклеаза ДНК-молекуласының бүлінген жерін
танып, оны үзіп алады.
♣ ДНК-полимераза ДНК-молекуласының үзіліп алынған
бөлшек орнын жаңа бөлшектермен толтырады.
♣ полинуклеотидлигазалар фосфодиэфир байланыстарын
құрастыру арқылы ДНК жіптерінің жаңа түзілген бөлшектерін
қалпына келтіреді.
Бұл ферменттердің түзілуін қадағалайтын гендердің
бүлінуі тектік құрылымдардың көп жерлерінде тұрақсыздыққа
әкеледі және жасушаларда ДНК- жіпшіктерінің бұзылыстарын
өздігінен қалпына келтіру мүмкіншілігін жоғалтады. Адамда
бүлінген ДНК-ны қалпына келтіретін жүйелердің гендік
бұзылыстарының
бірнеше
түрлері
белгілі.
Мәселен,
пигментті
ксеродермия.
Организмде
эндонуклеазаның
жоқтығынан (немесе жетіспеуінен) үльтракүлгін сәулесіне
сезімталдық күшейеді. Өзгерген гендердің қалпына келуінің
бұзылуы
ихтиозда,
атаксияда,
пойкилодермияда,
Даун
ауруында, жүйелі қызыл жегіде т. б. дерттер кездерінде
анықталған.
Гендік аурулар.
Гендердің
мутациясы,
хромосомаларға
қарағанда,
біршама
аз
мөлшерлерде
болады
және
жиі
әлсіздеу
бұзылыстармен сипатталады. Аналық жасушалардың өсіп-өну
қасиеті сақталады және сол себептен мұндай дерттер
ұрпақтан ұрпаққа ауысады. Былайша айтқанда бұлар нағыз
тұқым қуатын аурулар болып есептеледі, ал олардың тұқым
қуалауы Менделдің заңына сәйкес келеді.
Барлық гендік аурулар тұқым қуалау түрі бойынша
аутосомдық-үстем
(доминанттық),
аутосомдық-бәсеңкі
(рецессивтік),
кодоминанттық,
митохондриялық
және
жыныспен тіркескен түрлерде болады. Жыныспен тіркесіп
тұқым қуалау ерекше тұрады және оларда Х- хромосомасымен
тіркескен
үстем,
бәсеңкі
(көпшілік
жағдайда),
Y-
хромосомасымен тіркескен түрде берілуі мүмкін.
Егер пайда болуына аллель жұбында бір дерттік басым
ген жеткілікті болатын болса ондай ауруларды доминанттық
тұқым қуатын аурулар дейді.. Ондай генді доминантты
(үстем) ген деп атайды. Егер ауру аутосомды үстем генмен
байланысты болса, онда аутосомды-үстем ауру дейді.
Аутосомдық-үстем түрінде аутосомаларының біреуінде
дертке ұшыраған ген қалыпты геннен басым болады да,
гетерозиготтық организмде осы басым геннің белгілері
барлық жағдайларда айқын көрінеді. Бұндай науқастардың