ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44707
Скачиваний: 262
191
тіндерде жиналып қалуынан
♣ тұзды тамақты тым артық қабылдаудан – байқалады.
Пайда болу себептеріне және даму жолдарына қарай:
жүректік, бүйректік, бауырлық, ашығулық, қабынулық,
уыттық, нейрогендік, аллергиялық, лимфогендік т. б.
ісінулер ажыратылады.
Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің
жеткіліксіздігі кезінде көк тамырларда қан іркіліп
қалудан және жүректен шығатын қанның көлемі азаюынан
болады.
Көктамырларда
қан
іркілуінен
қылтамырларда
гидростатикалық қан қысымы көтеріліп, қанның сұйық
бөлшегінің тамыр сыртына сүзілуі артады. Сонымен қатар
ірі көктамырларда қан іркілуі лимфалық тамырлардың
жиырылуына, лимфаның ағуы төмендеуіне, бауыр қызметінің
бұзылуына, әлбуминнің аз түзілуіне және қанда онкотикалық
қысымның азаюына әкеледі.
Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
● ағзалар мен тіндерде майда қанайналым бұзылыстарынан
гипоксия, метаболизмдік ацидоз дамуына, қылтамырлардың
қабырғаларының өткізгіпггігі жоғарылауына;
● бүйрек ишемиясына, ренин-ангиотензин жүйесі арқылы
әлдостеронның
артық
түзілуіне,
гипернатриемияға,
гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбеюіне,
бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі артуына -
әкеледі.
Осы көрсетілгендер организмде судың тұтылып қалуына,
содан олигоцитемиялық гиперволемия, гипергидратация және
ісіну дамуын туындатады. (5-сызбанұсқаны қараңыз).
5-сызбанұсқа
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Бауыр
қызметі
бұзылуы
Лимфалық
тамырлар
жиырылуы
Қылтамыр
ларда қан
қысымы
көтерілуі
гипоксия
Бүйрек
ишемия
сы
Жүректен шығатын қан
көлемінің азаюы
Көктамырларда қан іркілуі
192
Бүйректік ісіну. Бүйректік ісінулердің жолдары оның
шумақтары
мен
өзекшелерінің
бүліністері
(нефроздық
синдром мен нефриттер) кездерінде болады. Нефроздар
кезінде:
● бүйрек шумақтарында тіректік (базалдық) мембрананың
өткізгіштігі жоғарылауы;
● нәруыздардың несепке көп сүзілуі, әлбуминурия;
● гипопротеинемия;
● қылтамырларда онкотикалық қысым төмендеуі тізбектеле
келіп ісінуте әкеледі.
Нефриттер кездерінде:
● бүйректе қан айналымы бұзылуы нәтижесінде ренин-
ангиотензин жүйесі арқылы әлдостеронның түзілуі артуы;
● натрий иондарының кері сіңірілуінен гипернатриемия;
әлдостерон
түзілуі
артуы
гиперна
триемия
Вазопрессин
түзілуі артуы
Тамыр
қабырғалары
өткізгіштігі
жоғарлауы
Судың
несептен кері
сіңірілуі
артуы
ацидоз
Қылтамырлар
ішінде
онкотикалық
қысым
төмендеуі
Организмде су тұтылуы
,
ісіну дамуы
Ангиоте
-нзин II
түзілуі
артуы
Лимфа
ағуы
баяулауы
Ренин
түзілуі
артуы
әлбумин
аз түзілуі
193
● гипоталамуста вазопресиннің түзілуі артуы;
● судың несептен кері сіңірілуінің күшеюі жинақталып
ісіну дамуына әкеледі (6-сызбанұсқаны қараңыз).
6-сызбанұсқа
Бүйректік ісінудің даму жолдары
Нефроздық синдром
нефрон шумақтарының
тіректік
мембранасының
өткізгіштігі көтерілуі
әлдостерон түзілуі
артуы
Нефриттер
вазопрессин
артық өндірілуі
ренин түзілуі артуы
бүйректе қан
айналымы бұзылуы
гипопротеинемия
әлбуминурия
гипернатриеми
я
қанда
онкотикалық
қысым төмендеуі
судың тамыр
сыртына сүзілуі
Ісіну
несептен судың
кері сіңірілуі
артуы
194
Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның
қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан)
гипопротеинемиямен, қылтамырлар ішінде онкотикалық қысым
төмендеуімен байланысты болады. Бауыр циррозы кезінде қан
ішек-қарын және қақпа көктамырларында іркіліп қалудан,
қылтамырлар ішінде қан қысымы көтеріліп, сұйық іш қуысына
сүзілуден іш шемендігі дамуына әкеледі. Сонымен бірге
бауыр
аурулары
кездерінде
әлдостеронның
ыдыратылуы
бұзылуынан, ол әсерлі түрде организмде жиналып қалады.
Содан салдарлық әлдостеронизм дамып, ол бауырлық ісінуге
өзінің үлесін қосады.
Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық
қысым төмендеуімен, қылтамырлардың нәрленісі бұзылуынан
олардың
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылаумен
байланысты.
Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында
микроциркуляцияның
бұзылуынан
және
қылтамырлар
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылауымен
байланысты
болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин,
брадикинин, простагландиндер т. б.) әсерлерінен дамиды.
Жүйкелік ісіну су алмасуының жүйкелік реттелуі және
тамырлар мен тіндердің нәрленуі бұзылыстарынан болады.
Аллергиялық
ісінулердің
жолдары
қабынулық
және
жүйкелік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл
ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылыстарында
және
қылтамырлар
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылауында
аллергияның
дәнекерлері
(медиаторлары)
маңызды орын алады.
Ісінудің организм үшін маңызы. Ісіну біртектес дерттік
үрдіс болғандықтан оның бір жағынан бүліндіруші қасиеті
болса, екінші жағынан белгілі қорғаныстық маңызы бар.
Ісінулік сүйық айналасындағы тіндерді қысып, онда қан
айналымын бұзады, қан мен жасушалар арасында қоректік
заттармен және оттегімен алмасуын қиындатады. Осыдан
ісінген
тіндердің
қоректенуі
бұзылудың
нәтижесінде
олардың микробтарға төзімділігі төмендейді, жиі жұқпалы
қабынулар дамуы мүмкін. Ісінген тіндерде артынан жиі
дәнекер тіндері өсіп кетеді. Сұйық ми қарыншаларында,
жүрек қалтасында, өкпеқап қуысында жиналып қалудан
тіршілікке манызды ағзалардың қызметтері бұзылыстарына
әкеледі.
Ісінудің қорғаныстық маңызы:
● қанда еріген улы заттардың сұйықпен бірге тамырдың
сыртына шығуына және жергілікті тіндерде ұсталып тұруына
195
әкеледі;
● организмнің сұйық орталарында осмостық қысымның
тұрақтылығын ұстап тұрадды;
● ісінулік сұйық әртүрлі өспе туындататын химиялық
және улы заттарды сұйылтып, олардың ауру туындататын
әсерін азайтады;
● бүліну ошағынан қан мен лимфаның ағып кетуін шектеп,
әртүрлі улы заттардың (бактериялардын, уыттардың т.с.с.)
организмге тарап кетуінен сақтандырады;
● ісінулік сұйықпен бірге әртүрлі бактерияларды жоятын
және уытты заттарды уытсыздандыратын арнайы антиденелер
мен ферменттер шығарылады. Бұл көрсетілгендер әсіресе
қабынулық ісінулер кездерінде өте маңызды орын алады.
Электролиттер алмасуының бұзылыстары
Көптеген бүліністердің, соның ішінде өмірге қауіпті
жағдайлардың, себебі болып электролиттер алмасуының
бұзылыстары есептеледі. Өйткені олар тағамның қажетті
бөлшектері болып табылады және организмнің қалыпты
тіршілігін, оның дамуын қамтамасыз етеді. Электролиттер
осмостық
қысымды,
қышқылдық-сілтілік
үйлесімділік
жағдайды, судың жасуша ішінде және оның сыртындағы
кеңістіктер арасында бөлінісін қалыпты деңгейде ұстап
тұруға қатысады. Сонымен қатар олар жүйкелік-еттік қозу
үрдістерінде аса маңызды орын алады және ет талшықтарының
жиырылғыштығына
ықпалын
тигізеді.
Электролиттердің
алмасуы басқа заттардың (нәруыздардың, көмірсуларының,
энергияның, медиаторлардың) алмасуларымен өзара тығыз
байланысты.
Міне
сондықтанда,
организмнің
әртүрлі
гомеостаздық көрсеткіштерінің қалыпты деңгейде сақталуы
электролиттер алмасуының жағдайына тікелей байланысты.
Тіршіліктің бұзылыстары:
● электролиттердің организмге жеткіліксіз немесе
артық түсуінен,
● олардың қан плазмасы мен тінаралық сұйықпен
жасушалар арасында бөлінісінің бұзылыстарынан,
● организмнен сыртқа несеп, тер, ас қорыту сөлдері
арқылы тым көп немесе тым аз шығарылуынан - пайда болуы
мүмкін.
Организмде
минералдық
заттар
ерітілген
жағдайда
электролит немесе нәруыздармен байланысқан түрде болады.
Электролит деп электр дәрмені бар қарапайым химиялық
элементті айтады. Қаңқа және тістердің минералдық тұз
құрамына кальций, магний, натрий, фосфор және фтордың
едәуір мөлшері кіреді. Сүйекке айналған тіндер тіректік