ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44629
Скачиваний: 260
21
қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп
бөлінеді.
Науқас
адамдардың
жасына
қарай:
жаңа
туған
нәрестелердің,
балалардың,
ересек
адамдардың
және
қарттардың аурулары болады;
Жынысына қарай: әйелдердің, еркектедің ауруларьш
ажыратады.
АУРУЛАРДЫҢ ӨТУ КЕЗЕНДЕРІ.
Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:
● аурудың бастапқы кезеңі;
● аурудың айқындалу кезеңі;
● аурудың аяқталуы мен салдарлары.
Аурудың бастапқы кезеңін ауру алды дейді.
Ауруалды жағдай - деп қоршаған ортаның жағдайларына
организмнің
икемделіп-бейімделу
мүмкіншіліктерінің
шектелуімен
көрінетін,
сәйкес
сауықтыру
шаралары
болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл
кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады.
Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап
аурудың алғашқы клиникалық көріністеріне дейінгі уақытқа
созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде әйгіленімсіз
немесе
инкубациялық,
химиялық
заттармен
уланулар,
сәулелік ауру т. б. кездерінде жасырын немесе латенттік,
өспелер дамуында — өспе алды немесе обыралды кезең
делінеді.
Бұл
сатының
ұзақтығы
бірнеше
секундтан
(уланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер
дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың
ешқандай көріністері болмайды. Артынан аурудың алғашқы
хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-
жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т.
с. с. әйгіленімдер пайда болады. Бұл аурудың басталу
сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді.
Осыдан
кейін
аурудың
екінші
айқындалу
кезеңі
басталады,
оның
барлық
клиникалық
әйгіленімдері
(симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана
тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларга
жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады.
Сонымен
бірге,
аурудың
әйгіленімдері
(симптомдары)
тұлғалық
(субъективтік)
және
айғақты
(объективтік)
болады. Жекелеген аурулардың әйгіленімдеріне клиникалық
пәндер тоқталады.
Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру
адамның сауығуымен аяқталады (1-сызбанұсқа).
1-сызбанұсқа
22
Аурулардың аяқталуы мен салдарлары.
Сауығу — науқас адамның бұзылған ағзалары мен
тіндерінің құрылымы мен әрекеттерінің және қоршаған
ортаның
ықпалдарына
сәйкес
оның
бейімделу
мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін
сауығудың белгісі болып, онын еңбекке оралуы есептеледі.
Бұл жағынан оны реабилитация (лат. ге - қайтадан,
аbilitas - жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.
Сауығу дерттің кері дамуы емес, дерттен кейінгі
адамның сапалық жаңа жағдайы, сыртқы ортаға қатынасының
жаңа түрі. Мәселен, жұқпалы аурудан жазылған адамның
денесінде
иммундық
бейімделістік
қабілеті
өзгерген
болады, арнайы өндірілген антиденелер мен сезімталдығы
көтерілген жасушалар көп уақытқа дейін сақталады.
САУЫҒУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.
●
жедел,
тұрақсыз,
«апаттық»
қорғану-бейімделу
серпілістердің қатысуымен;
● салыстырмалы тұрақты қорғану-икемделу тетіктерінің
қатысуымен;
● ұзақ сақталатын тұрақты тетіктердің қатысуымен.
Бұлар жүйкелік және гуморалдық жолдармен реттелінеді.
Жедел — қорғану-бейімделу серпілістер болып, негізінен
зиянды
заттарды
аластайтын
организмнің
қорғаныстық
рефлекстері (құсу, түшкіру, сілекей, шырыш шығару т. б.)
есептеледі.
Сонымен
қатар,
бұл
серпілістерге
ауыртпалықтар
(стресс)
кездеріндегі
адреналин
мен
глюкокортикоидтардың
өндіріліп
шығарылуы,
артериялық
қысымды, қанның және тіндердің осмостық қысымын, қандағы
қанттың деңгейін т. б. қатаң «константалар» деп аталатын
Созылмалы түрге айналуы
биологиялық
өлім
сауығу
толық
шала
клиникалық
23
құбылыстарды
сақтауға
бағытталған
нейрогуморалдық
реакциялар жатады.
Салыстырмалы тұрақты организмнің қорғану-икемделу
жолдары аурудың барлық сатыларында байқалады. Оларға
мыналар жатады:
●
бүлінген
ішкі
ағзалардың
қосымша,
қалыпты
жағдайларда пайдаланылмаған мүмкіншіліктерінің қосылуы.
Мәселен, сау адамда өкпенің тыныстық бетінің 20-25% ғана
пайдаланылады. Өкпенің қабынуы кезінде әдетте тынысқа
қатыспайтьш қосымша тыныстық бет қосылып, керекті
газдардың алмасуы қамтамасыз етіледі. Сау адамдарда жүрек
еті қуатының 20%, бүйрек шумақтарының 20-25%, бауыр
жасушаларының 12-15% ғана пайдаланылады. Әртүрлі аурулар
кездерінде организмде қалыпты жағдайда пайдаланылмаған
қосымша қуаттар қосылады да, сауығуға қолайлы жағдай
туындатады;
● көптеген қосымша реттеу жүйелерінің қосылуы.
Мәселен,
термореттелудің
жоғары
деңгейге
ауысуы,
лейкоциттердің өндірілуі артуы;
● көптеген уларды бейтараптау үрдістері (қан мен
тіндердің
нәруыздарымен
байланыстыру,
тотығу-
тотықсыздану, метилдеу, алкилдеу, бауыр жасушаларында
микросомалық тотығу т. б.) сергуі;
● бір ядролы макрофагтар жүйесінің белсенділігі артуы.
Бұл жүйенің жасушалары жаралардың бітуінде, тіндердің
қабынуында,
иммундық
және
аллергиялық
серпілістер
дамуында маңызды қызмет атқарады.
Тұрақты
қорғану-икемделу
тетіктердің
негізінде
гипертрофия, гиперплазия, тіндердің регенерациясы дамуы
жатады. Мәселен, қан кеткеннен кейінгі эритропоэздің
артуы,
организмнің
иммундық
реакциялары
(антидене
өндірілуі, Т- және В- лимфоциттердің өсіп-өнуі), жүрек
етінің гипертрофиясы кейде көп айларға және жылдарға
сақталады.
Осы
көрсетілген
тетіктердің
нәтижесінде
ауру
организмнің сауығуы болады. Сауығу толық немесе жартылай
болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу тетіктері жеткіліксіз
болғанда, дұрыс ем тәсілдері қолданылмағанда т.с.с.
жағдайларда сауығу толық болмайды. Мысалы, ревмокардиттен
кейін жүрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мүмкін.
Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын тыртықтар қалуы
ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму
жолдарында
пайда
болған
өзгерістер
тоқталмаған
жағдайларда
ауру
созылмалы
түрге
ауысады.
Кейбір
аурулардың
созылмалы
түрде
өтуі
олардың
себепкер
24
ықпалдарына байланысты болады. Мәселен, туберкулез, сарып
т.б. дерттердің қоздырғыштары макрофагтардың іштерінде
тіршілігін ұзақ сақтап, олардың әсерленуіне әкеледі.
Содан созылмалы түйіршіктелген қабыну дамиды. Дерттің
созылмалы түрде өтуінде ремиссия, рецидив (қайталану),
асқыну деген түсініктерді атай кету қажет.
Ремиссия — деп науқас адамның жағдайының уақытша
түзелуін түсінеді. Бұл кезде аурудың ары қарай дамуы
баяулайды немесе тоқтайды, тіпті дерттің клиникалық
көріністері толық жоғалады. Ремиссия организмнің сауығуы
емес, ол аурудың қайталануымен ауысады.
Қайталану (рецидив)— аурудың клиникалық көріністерінің
уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы. Ол ауруды емдеу
кездерінде
дертті
туындатқан
ықпалдардың
толық
аластанбауымен байланысты болады. Осының нәтижесінде бұл
аурудың қайта дамуы мен оның клиникалық көріністері
қайталануы ықтимал.
Асқыну — организмде бар ауру бойынша екінші үрдіс. Ол
негізгі
аурудың
ерекшеліктерімен
байланысты
немесе
өткізілген аңғарымдық және емдік шаралардың күтпеген
салдарлары ретінде пайда болады. Тез қан кету тамыр
ішіндегі шашыранды қан үю синдромымен асқынуы мүмкін.
Қантты диабет бүйрек қызметі бұзылуымен, кома дамуымен,
артериялық гипертензия миға қан құйылуымен асқынулары
мүмкін.
Өлім — организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи
және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи
өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі,
ол
организмнің
әбден
қартайып
тозуынан
дамиды.
Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста
болуы мүмкін. Өлімнің түрлерімен патанатомия, соттық
медицина
пәндері
таныстырады.
Олардың
ішінде
патофизиология пәні үшін маңыздысы өлімнің сатылары. Өлім
преагония (жантәсілім алды), ақтық (терминалдық) үзіліс,
жантәсілім (агония), клиникалық өлім және биологиялық
өлім сатыларынан тұрады:
Жантәсілім алды кезінде өліп бара жатқан адам есінен
айырылады, рефлекстері жоғалады, науқастың жүрек соғуы
жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тынысы үзілісті
тыныстарға (Чейн-Стокс, Биот тыныстарына) ауысады. Кейін
тынысы, жүрек соғуы тоқтайды, б. а. ақтық үзіліс пайда
болады. Бірнеше секунд-минуттан соң агония (грек.-
agonia- жантәсілім) басталып, агониялық тыныс (ақтық дем)
қозғалыстары байқалады. Бұл кезде қан қысымы қайтадан сәл
(сынап бағанасы бойынша 15-20 мм дейін) көтеріледі.
25
Тыныстық қозғалыс демді ауызбен терең ішке тарту түрінде
байқалады. Адам ауаны ауызбен жұтуға тырысады. Артынан
тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды.
Осыдан клиникалық өлім дамиды, барлық рефлекстер
жоғалады, қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Бұл саты
5-6 минутқа созылуы мүмкін. Ары қарай келесі сатысы
биологиялық өлім байқалады. Ең алдымен жүйке жүйесінде
қайтымсыз өзгерістер дамиды. Бірінші болып мидың сыртқы
қыртысының одан кейін мидың бағаналық бөлімінің және
жұлынның қызметтері істен шығады. Өйткені жүйке жүйесіне
қанман оттегі және қоректік заттар жеткізілмеуінен
қоректік заттардың оттегіні пайдаланып тотығуы (аэробтық
тотығуы) бұзылады да, кесек қуатты фосфор қосындылары
түзілуі болмаудан, энергияның тапшылығы дамиды. Артынан,
өлімнің
даму
себебіне
қарамай,
оттегінің
үдемелі
жетіспеушілігінен
эндокриндік
бездердің,
ұлпалық
ағзалардың және тіндердің қызметтері бұзылады. Бұл кезде
биологиялық өлімнің айқын белгілері болып:
● дененің мұздауы;
● оның сіресіп қалуы;
● өліктік дақтар мен жолақтардың пайда болуы
есептеледі. Өліктің сіресіп қалуы өлгеннен соңғы 6-10
сағаттан кейін пайда болады. Оның негізінде бұлшықет
жасушаларының ішінде Са
2+
иондары көптеп жиналып қалуы
жатады. Өліктік дақтардың пайда болуы, артериолалардың
қатты жиырылып қалуынан, қанның көктамырларда жиналуымен
байланысты. Тотықсызданған гемоглобин эритроциттерден
шығып, қан плазмасына және айналасындағы тіндерге
ауысады. Онда ол дақ және қара-күрең түстес жолақтар
түрінде жиналады. Мұны өліктік имбибиция (лат. imbiЬеге —
сіңіру, сорып алу) деп атайды. Әртүрлі себептерден электр
ағымымен жарақаттанғанда, тез қан кетуден, сілеймеден,
наркоздан, аяқ асты жүрек тоқтап қалғанда т. б. кенеттен
дамитын өлім кездерінде оны клиникалық және биологиялық
деп бөлудің зор амалдық маңызы бар. Өйткені клиникалық
өлім кезінде алғашқы 5-6 минут ішінде адамның тіршілікке
қабілеті әлі сақталған. Сондықтан бұл кезде организмді
қайта тірілтуге мүмкіншілік болады. Организмді тірілту
(реанимация) (лат. ге - қайта, итал.- аnіmatіо -
жандандыру) — адамның немесе жануарлардың организмін
арнайы шаралар қолданып клиникалық өлім жағдайынан
шығару. 1805 ж. орыс ғалымы Е. Мухин өлген организмді
тірілту үшін өкпеге көріктің көмегімен ауа үрлеуді
ұсынды. 1902 жылы өлген адамның жүрегін жандандыруды
алғашқы рет А. А. Кулябко жасады. 1913 ж. Ф. А. Андреев