ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44777
Скачиваний: 262
351
қылтамырларының эндотелий жасушаларын бүліндіріп, тамыр
ішінде қан қатпаларының пайда болуына әкеліп, некроздық
қабынуды
дамытады.
Осындай
жергілікті
бүліністер
адамдарда да кездесуі мүмкін.
Сарысулық
ауру
адамға
жылқының
емдік
сарысуын
қайталап, кейде көп мөлшерде бір рет, енгізгенде
байқалады.
Дерт
жіберілген
бөтен
антигенге
қарсы
антиденелер түзілгеннен кейін біртіндеп дамиды. Сондықтан
емдік сарысуды бірінші жібергеннен кейін 7-12 күн өткен
соң сырқат адамның лимфалық түйіндері ұлғаяды, есекжем,
теріде қышитын бөртпелер пайда болады, көз қабағы, бет
және буындар ісінеді. Кейде олар ауырып, дене қызуы
көтеріледі. Бұл белгілердің пайда болуы организмде
жылқының қан сарысуына арнайы антиденелер өндірілуімен
байланысты. Өндірілген антиденелер қанда бос күйінде
айналып жүрген жылқының қан сарысуымен (аллергенмен)
байланысып, иммундық кешен құрады. Олар қылтамырлардың
эндотелий жасушаларына, тері, бүйрек т. б. тіндердің
жасушаларына,
лимфоциттерге
жабысады.
Осыдан
қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлайды,
ісіну, есекжем, лимфалық түйіндердің шошуы, бүйрек
шумақтарының, жүректің қабынулары т.с.с. бұзылыстар
дамиды.
11-сурет. Дереу дамитын жоғары сезімталдықтың
иммундық кешендік (Ш-түрі) түрі (I. С. Е.
ІІпйепуоой)
эндот
елий
жасуш
алары
352
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың
қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын
жоғары сезімталдық (БДЖС).
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен
ауыратын адамның тері астына туберкулин енгізгенде 24-48
сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын
көрсетті.
Демек,
туберкулездің
микобактерияларымен
организмнің
түйісуі
нәтижесінде
оның
сезімталдығы
жоғарылайды,
сенсибилизация
дамиды.
Осыған
Пирке
реакциясын қою негізделген.
БДЖС тек XX ғасырдың 40 -50 жылдары зерттеушілердің
назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге
ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін
зерттеу кездеріеде трансплантациялық иммунитет деген
түсінік қалыптасты. Бөтен қондырымды тойтарудың негізгі
жолы жасушалардың қатысуымен болатыны белгілі болды.
Иммундық серпілістер сатысы. Аллерген болып нәруыздар
мен гликопротеиндер және тін нәруыздарымен байланыса
алатын химиялық заттар есептеледі. Бұл серпілістер
молекулалық массасы кішкене және антиденелер өндірілуін
сергітетін
қабілеті
(иммуногендік
қасиеті)
аз
нәруыздарға дамиды. Содан оларға:
●
микробтардың
(туберкулездің
микобактериялары,
қызылшаның, шешектің, сарыптың, мерездің, көкжөтелдің,
туляремияның
т.б.
қоздырғыштары),
майда
саңырауқұлақтардың нәруыздары;
● вирустардың нәруыздары;
● химиялық заттар (динитрохлорбензол, никель тотығы,
бояулар, дәрі-дәрмектер, өсімдік улары т.с.с.);
● өндірістік және тұрмыстық (әсемдік бұйымдар, кір
жуғыш ұнтақтар) заттар;
● ауыстырылып қондырылған, тін нәруыздары т.с.с.–
жатады.
Жасушалық иммундық жауап Т-жасушаларымен қамтамасыз
етіледі. Олар цитотоксиндік және баяу дамитын жоғары
сезімталдық (БДЖС) түрлерінде болады. Цитотоксиндік түрі
CD8
+
корецепторлары бар Т
к
-лимфоциттерінің, ал БДЖС –
CD4
+
корецепторлары
бар
Т
х
-лимфоциттердің
және
макрофагтардың қатысуларымен дамиды.
Организмге сырттан енген немесе өзінде құрылған
аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден
өткеннен
кейін,
интерлейкин-12
және
γ-интерферон
өндіріп, жәрдемші Т
х
0 жасушаларынан Т
х
1 лимфоциттері
өсіп-өнеді. Бұлар интерлейкин-2 өндіріп, БДЖС-қа
жауапты
сезімталдығы
көтерілген
Т-
эффектор
лимфоциттеріне, цитотоксиндік Т-жендет және Т-жады
353
жасушаларының
өсіп-өнуін
сергітеді
(12-сурет).
Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық
жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңызы өте зор.
Сезімталдығы көтерілген Т-эффекторлар мен Т-жендет
жасушалары аллерген (бактериялар, дәрілер, химиялық
заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар
мен тіндерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға
жабысады. Содан олар аллергенмен байланысады.
Патохимиялық
өзгерістер
сатысы.
Аллергені
бар
жасушаларға
жабысқан
сезімталдығы
көтерілген
Т-
лимфоциттері және макрофагтар аллергияның осы түрінің
медиаторларын - цитокиндерді өндіріп шығарады. Мәселен,
макрофагтар интерлейкин 1, 8, интерферондар, өспелерді
жоятын фактор, гистамин бөліп шығаратын фактор, өсу
факторларын, простагландин Е
2
өндіреді. Т-лимфоциттер
интерлейкин 2, 3, 4, 5, гистамин бөліп шығаратын
фактор, базофилдерді өсіретін фактор, сүйек кемігінде
колония құрылуын сергітетін фактор, макрофагтардың
белсенділігін
арттыратын
фактор,
макрофагтардың
миграциясын тежейтін фактор, хемотаксистік фактор,
лимфотоксин,
ауыстыру
факторын
т.с.с.
көптеген
цитокиндер өндіреді.
Артынан
интерлейкиндердің
әсерлерінен
нейтрофилдердің,
эозинофилдердің,
лаброциттердің
,
базофилдердің
әсерленулері
болып,
олардан
простагландиндер Е
2
, Д
2
, лейкотриендер С
4
, Д
4
, Е
4
, В
4
және
тромбоциттердің
агрегациясын
туындататын
фактор,
гистамин босап шығады,
Бұлар қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін
көтереді, жасушалардың қимыл-қозғалыстарын өзгертеді,
қабынуға қатысатын жасушалардың белсенділігін арттырады,
жасушалардың өсіп-өнуі мен жетілуіне ықпал етеді,
иммундық
қабілетті
жасушалардың
бірігіп
өзара
әрекеттесуін
реттейді.
Олар
макрофагтарға
және
нейтрофилдерге, лимфоциттерге, фибробластарға, сүйек
кемігінің
бағаналы
жасушасына,
өспе
жасушаларына,
ауыстырылып
отырғызылған
ағза
жасушаларына,
аутоаллергені бар ағза жасушаларына т. б. әсер етеді.
Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы. Цитокиндердің
әсерлерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағаттың
ішінде макрофагтар, лимфоциттер, моноциттер жиналып
қалады,
қан
тамырлары
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылайды, қабыну дамиды. Жасушалар мен тіндердің
бүліністері цитокиндердің, Т- жендет жасушаларының,
макрофагтардың лизосомалық ферменттерінің әсерлерінен
дамиды. Осыдан жасуша өзінің қозғалысын жоғалтады,
354
бөлінуін тоқтатады, бір ядролы жасушалардың тіндерге
шығуынан оларда тығыз сіңбелер қалыптасып, аллергиялық
түйіршіктелген (гранулематоздық) қабыну дамиды. Осы
жолмен ауыстырылып отырғызылған қондырым тойтарылады,
аутоаллергиялық
аурулар,
жанаспалы
дерматиттер
т.с.с.аурулар дамиды.
Қорыта айтқанда дереу дамитын жоғары сезімтадықтар
(ДДЖС) мен баяу дамитын жоғары сезімталдықтың (БДЖС)
арасында біршама ерекшеліктер бар ( кесте).
Кесте
Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің
айырмашылықтары
Көрсеткіштер
і
ДДЖС
БДЖС
Даму жылдамдығы
бірнеше
минөттен
кейін
бірнеше
сағатттан
кейін
Аллергендер
нәруыздар, күрделі
қанттар, құрттар
нәруыздар, гликопро-
теиндер, бактериялар,
вирустар, саңырау-
құлақтар
Қатысатын
жасушалар
Т
х
2, В-лимфоциттер Т
х
1,
Т-жендет
жасушасы
макрофагтар
Даму жолдары
аллергеннің
IgE
IgG IgM
т.б.
антиденелермен
байланысуы арқылы
аллергеннің сезімтал
Т-лимфоциттерімен
байланысуы арқылы
Даму жолдарында
қан
сарысуындағы
антиденелердің
маңызы
өте маңызды
онша маңызы жоқ
Аллерген
әсер
етуіне
тән in vitro
серпілістер
лаброциттердің,
базофил-
дердің
дегрануляциясы,
нейтрофилдердің
бүліністері,
тромбоциттердің
әсерленуі,
тегіс
салалы
еттердің,
макрофагтар мен
лейкоциттердің
миграциясы тежелуі,
лимфоциттердің
бласттрансформациясы,
оң хемотаксис,
жасушаларға уытты
әсер
355
кардиомиоцит-
тердің жиырылуы
Енжар
сенсибилизация
алу жолы
антиденелері
бар
қан
сарысуын
енгізу
арқылы
белсенді
сенсибилизация-
ланған жануарлардың
лимфоциттерін,
көкбауыр
жасушаларын енгізу
арқылы
Қабыну түрі
шырышты-жалқықты
тығыз сіңбелі,
созылмалы
Жалқық
құрамында
басым болады
нейтрофилдер,
эозинофилдер,
базофилдер.
моноциттер,
лимфоциттер,
макрофагтер.
Медиаторлары
гистамин,
серотонин,
простагландиндер,
лейкотриендер,
комплемент
құрамбөлшек-
тері, оттегінің
бос радикалдары
макрофагтар мен
лейкоциттердің
миграциясын тежейтін
цитокиндер, хемотак
систік, фагоцитоздық
факторлар,
жасушалардың өсіп-
өнуін арттыратын
цитокиндер т.б.
Арнайы емдеу
жолдары
нәтижелі
онша нәтижелі емес