Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44766

Скачиваний: 262

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

381

 

өндіре бастайды. 

  

Физикалық-химиялық атипия 

 Өспе  жасушаларында  судың,  калий  иондарының  мөлшері 

жоғарылайды  да,  кальций,  магний  иондары  азаяды.  Кальций 
иондары  азаюдан  өспе  жасушаларының  өзара  жабысу  қабілеті 
(адгезиясы)  жоғалады.  Өспе  ошағында  анаэробтық  және 
аэробтық  гликолиз  артуынан  сутегі  иондарының  мөлшері 
көбейеді.  Бірақ  өспе  ошағының  ыдыраған  орталығында  Н

+

 

біршама азаяды. 

Өспе  жасушаларының  сыртқы  беттерінде  теріс  электр 

дәрменінің    мөлшері  көтеріледі.  Осыдан  олар  бірімен-бірі 
итерісіп, өзара жақындамай алшақтанып орналасады. 

Өспе  жасушалардың  митоздық  жолмен  бөлініп  көбеюін 

арттыратын, 

А.Г. 

Гурвич 

сәулесі 

деп 

аталатын, 

ультракүлгін (толқын ұзындығы 190-325 нм) сәуле таратады.  

Өспелердің жіктелуі 

Қазіргі  уақытта  өспелерді  жіктеу  олардың  орналасқан 

тінге  қатысы  және  өсу  сипаты  негіздерінде  болады. 
Сондықтан 

морфологиялық 

құрылымы 

бойынша 

дәнекер 

тіндерінің  өспелері  және  эпителий  жасушаларының  өспелері 
деп  ажыратылады.  Өспе  жасушаларының  жетілуіне  қарай: 
біртектес  және  біртекті  емес  болады.  Өсу  қасиетіне  және 
жылдамдығына  қарай:  қатерлі  және  қатерсіз  өспелер  болып 
бөлінеді.  Қатерлі  өспелерге  эпителий  жасушаларының  өспесі 
обыр,  дәнекер  тіндерінің  өспесі  —  саркома  (балық  еті 
тәрізді  өспе)  жатады.  Қатерсіз  өспелер  орналасқан  тініне 
қарай,  сол  тіннің  атына  «ома»  деген  жалғау  қосылып 
аталады.  Мәселен,  фиброма,  остеома,  аденома,  меланома, 
неврома, ангиома т. б. 

Қатерсіз  өспелер  айналасындағы  тіндерді  ығыстырып, 

қысып  өседі.  Бұндай  өсуді  экспансиялық  (лат.  ехраnsіо  — 
қысу, ығыстыру) түрде өсу дейді. Қатерлі өспелер қоршаған 
тіндерді ыдыратып, баса-көктеп тамырын жайып өседі. Бұндай 
өсуді  инфильтрациялық  өсу,  лат.  in  -  ішке,  filtratio  - 
сүзілу, жарып өту) дейді. Инфильтрациялық-инвазиялық (лат. 
invasio  -  еніп  кету,  баса  көктеп  кіру)  өсу  қатерлі 
өспелердің  айқын белгілері болып есептеледі (32-кесте). 

32-кесте 

Қатерлі және қатерсіз өспелердің айырмашылықтары. 

Көрсеткіштері 
 

Қатерсіз 
 

Қатерлі 
 

Өсу жылдамдығы: 
 

баяу  
 

тез  
 


background image

 

382

 

Өсу түрі: 
 

экспансиялық 
 

инфильтрациялық- 
 инвазиялық 
 
 

Митоздық 

белсенділігі: 

 

төмен  
 

үлкен  
 

Қалыпты тінге 
құрылымдық 

ұқсастығы 

 

жақсы 
 
 

көбінесе 

ұқсамайды 

 

Ядроның құрылымы: 
 

көбінесе 

қалыпты 

 күйінде 
 
 

әдетте 

гиперхромды, 

 кедір-бұдыр 

болып 

 өзгерген 

ядыршық- 

тарында т. б. 

құрылым- 

дарында көптеген 
өзгерістер 

байқалады 

 
 
 
 
 

Инвазия: 
 

байқалмайды 
 

заңды түрде 

байқалады 

 

Метастаза: 
 

өте сирек 
 

жиі 
 

Шекарасы: 
 

анық 
 

жай көзбен 

көрінбейді 

 

Кахексия дамуы: 
 

болмайды 
 

болады 
 

Некроз дамуы: 
 

сирек болады 
 

жиі болады 
 

Жарага айналуы: 
 

сирек болады 
 

жиі болады 
 

Қайталануы: 
 

сирек болады 
 

жиі кездеседі 
 

 
Инфильтрациялық  өсудің  даму  жолдарында  және  метастаза 

тарауында 

өспе 

жасушаларының 

мембраналарындағы 

ерекшеліктердің маңызы үлкен. Бұларға: 

●  өспе  жасушаларының  мембраналарында  протеолиздік 

ферменттер  (катепсиндер,  коллагеназа,  гликозидаза  т.  б.) 
көп  болуынан  олар  көрші  сау  жасушалардың  мембраналарын 
бүліндіріп, 

өспе 

жасушаларының 

өзара 

жанасу 

мүмкіншіліктерін 

азайтады. 

Осыдан 

жасуша 

бөлінуінің 

жанасулық тежелуі әлсірейді; 

●  өспе  жасушаларының  арасындағы  сұйықта  лизосомалық 

қышқыл  гидролазалар  бос  күйінде  қалқып  жүреді;  өйткені 
лизосомалардың 

мембраналарының 

өткізгіштігі 

қатты 

көтерілген.  Бұл  ферменттер  өспе  және  айналасындағы  сау 
жасушалардың мембраналарын өзгертеді; 


background image

 

383

 

● 

мембраналардың 

өзгеруінен 

және 

жасуша 

аралық 

заттардың  артық  ыдырауынан  өспе  жасушаларының  өзара 
байланысуы  (адгезиясы)  қатты  әлсіреген.  Өйткені  олардың 
сыртында 

адгезиялық 

молекулалар 

кадгериндер 

мен 

интегриндер  жоғалған  және  теріс  электр  дәрмені  ұлғайған, 
Са

2+

 иондарының мөлшері азайған; 

●  өзара  тығыз  байланыспаған  өспе  жасушалары  белсенді 

қозғалыста  болады.  Өспе  жасушаларымен  өндірілетін  нәруыз 
сау  тін  жасушаларының  арасына  еніп,  өспе  жасушаларына 
хемотаксистік әсер етеді. 

Сонымен,  өспе  жасушаларының  мембраналарының  бұзылуы 

олардың  өзара  байланысуын  әлсіретеді  және  инфильтрациялық 
өсу мен метастазалардың таралуына экеледі. 

Қатерлі 

өспелердің 

инвазиялық 

өсуімен 

олардың 

метастаза  тарату  қабілеті  байланысты  болады.  Метастаза 
(грек.-  metastasis  -  ауысып  отыру)  тарату  деп  алғашқы 
өспе  ошағынан  өспе  жасушаларының  бөлініп  әртүрлі  ағзалар 
мен  тіндерге  ауысып  қонуын  айтады.  Өспе  метастазасы 
тарауының бірнеше саты-ларын бөледі: 

●  өспе  жасушаларының  бастапқы  түйінінен  бөлініп,  қан 

немесе лимфалық тамырларға енуі (инвазия); 

● олардың қанмен және лимфамен тасымалдануы; 
●  өспе  жасушаларьшың  тамыр  қабырғаларына  жабысуы  және 

эмбол құрылуы; 

●  өспе  жасушаларының  тамырдың  айналасындағы  тінге 

шығуы 

және 

түйін 

құрып, 

өсіп-өнуі 

(имплантация). 

Метастаза 

қанмен, 

лимфамен, 

әртүрлі 

қуыстардағы 

сұйықтармен және тікелей жанасу арқылы таралуы мүмкін. 

Әдетте  өспеден  бөлінген  жасушалардың  көппгілігі  ыдырап 

кетеді.  Олардың  біразы  ғана  тамырға  кіріп,  тасымалдануы 
болады. Обыр жасушалары көпке дейін, ешбір ағзада бекімей, 
қан  және  лимфа  тамырларымен  айналып  жүре  беруі  мүмкін. 
Олардың көпшілігі (95%-ға жуығы) жойылып кетеді. 

Қатерлі  өспелердің  қатерсіз  өспелерден  тағы  бір 

айырмашылығы  —  ол  хирургиялық  жолмен  алып  тасталынғаннан 
хейін кейде өспе өсуінің қайталануы (рецидиві) байқалады. 
Өспенің қайталануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін: 

●  хирургиялық  тәсілмен  өспені  сылып  тастағанда,  оның 

біраз жасушалары сау тін арасында сақталып қалуынан; 

● бұл кезде өспе жасушалары сау тіндерге жасуша аралық 

сұйықпен түсуінен; 

●  науқас  адамдардан  өспені  алып  тастағанмен  зат 

алмасуының  өзгерістері  сақталып  қалады.  Бұл  өспені 
туындататын  заттардың  түзілуіне  және  өспе  түзілімдерінің 
жаңа ошақтарының пайда болуына әкеледі. Бұларға жүйкелік-
эндокриндік,  иммундық  жүйелердің  реттеуші  қызметтерінің 


background image

 

384

 

қалпына  келмеуін,  себепкер  ықпалдардың  сақталып  қалуын 
қосса,  қатерлі  өспелердің  қайталану  мүмкіншіліктері 
түсінікті болады. 

Қатерлі  өспелер  дамығанда,  әдетте  адамның  қатты  арып-

азып,  жүдеуін  байқауға  болады.  Мұны  өспелік  кахексия 
(грек.  kakos  –  жаман,  hexis  –  жағдай,  көтеремдік, 
организмнің қатты жүдеуі, арып-азуы) деп атайды, Бұл кезде 
адамның  дене  салмағы  кемиді,  терісінің  түсі  сары  топырақ 
түстес  сұрғылт  болады.  Қанда  анемия  дамиды,  нәруыздар, 
глюкоза азаяды. 

 Кахексия 

даму 

патогенезі 

бірнеше 

дерттік 

құбылыстардың пайда болуымен байланысты болады. Оларға: 

●  өспенің  қаннан  глюкозаны,  азоттық  өнімдерді  сорып 

алуы; 

● өспе жасушалары мен макрофагтарда интерлейкин-1 және 

өспені  жоятын  фактор  өндірілуі,  содан  бұл  цитокиндер 
адамның  тәбетін  азайтуы,  бұлшықет  нәруыздарын  ыдыратуы, 
дене қызымы көтерілуіне әкелуі; 

● тәбет жоғалуынан тамақ қабылдаудың азаюы; 
● 

зат 

алмасуларының 

жүйкелік-эндокриндік 

реттелулерінің бұзылуы; 

●  өспенің  ыдырау  өнімдерімен  организмнің  уыттануы 

т.с.с. құбылыстар жатады. 

Кейбір  зерттеушілер  қатерлі  өспелер  адамды  арытатын 

арнайы  уыттар  өндіріп    шығарады  деп  есептейді.  Мәселен, 
жапон  ғалымдары  Накахара,  Фукуока  адам  өспелерінен  өте 
белсенді  полипептид  бөліп  алып,  оны  токсогормон  деп 
атаған. 

Бұл 

зат 

организмде 

каталаза 

ферментінің 

белсенділігін  қатты  азайтады,  қанда  темір  иондарының 
мөлшерін төмендетіп, анемия туындатады, стреске тән бүйрек 
үсті  бездерінің  гипертрофиясын,  айырша  бездің  кері  дамуын 
туындатады және көкбауыр мен бауырдың ұлғаюына әкеледі. 

Сондай-ақ, 

обыр 

жасушаларынан 

ыдырау 

өнімдерімен 

организмнің  улану  мүмкіншіліктері  жайлы  жорамал  айтылды. 
Обыр  өспелерінде  қалыпты  жасушаларға  қарағанда  азот 
қалдығының 

айтарлықтай 

көп 

болатыны 

дәлелденген. 

Нәруыздардың  ыдырау  өнімдерінің  қанға  түсуі  организмді 
уыттандыратыны даусыз. 

Бірақ,  бұл  жағдайда  кахексия  ең  үлкен  және  ыдыраған 

өспелерде  ғана  пайда  болуын  түсіндіруге  болады.  Ал,  өспе 
елеусіз  мөлшерде  болып,  ыдырау  белгілері  байқалмаса  да, 
кахексия дами беретіні белгілі. 

Кахексия 

негізінен 

өспелермен 

бүлінбеген 

әртүрлі 

ағзалар  мен  тіндерде  зат  алмасу  бұзылыстарынан  дамиды. 
Өспе  жасушалары  қаннан  тіндік  нәруыздардың,  пептидтердің, 
аминқышқылдарының, нуклеотидтердің азотын сорып алады. Бұл 


background image

 

385

 

кезде  сау  тіндерде  нәруыздардың  ыдырауы  ұлғаяды.  Қатерлі 
өспелердің  өсуі  сау  тіндердің  бүлінуіне,  артық  ыдырауына 
әкеледі.  Осының  нәтижесінде  пайда  болған  аммиак  бауырда 
мочевинаға 

айналып 

үлгермейді. 

Организмдегі 

тіндік 

нәруыздардың  артық  ыдырауы  кахексияның  бір  маңызды  себебі 
болып есептеледі. 

Өспе  жасушаларымен  глюкозаның  артық  пайдалануынан 

организмде 

гипогликемия 

дамуы 

мүмкін. 

Бұндай 

мүмкіншіліктерге организмде аминқышқылдары мен глицериннен 
глюкозаның  жаңадан  түзілуі  немесе  глюконеогенездің  артуы 
қарсы  тұрады.  Бұл  кезде  глюкокортикоидтардың  әсерінен 
глюконеогенездің  артуы  бұлшықеттерде,  лимфалық  тіндерде, 
тимуста,  көкбауырда  нәруыздардың  ыдырауымен  сабақтасады. 
Осыған  байланысты  иммундық  қорғаныстық  күш  әлсірейді. 
Бауырда  антиоксиданттық  ферменттердің  (каталазаның  т.  б.) 
және  нәруыздардың  тузілуі  азаяды,  май  қышқылдарының  асқын 
тотықтары  жиналып  қалады.  Қанықпаған  май  қышқыл-дарының 
асқын 

тотықтарының 

мөлшері 

көбеюі, 

бұлшықеттерде 

гликогеннің  азаюы  өспе  дамуының  соңғы  сатысында  еттердің 
дистрофиясына 

әкеледі. 

Лизосомалық 

мембраналардың 

өткізгіштігі көтеріледі. Бұлшықет жасушаларының нәруыздары 
лизосомалардың  протеолиздік  ферменттерімен  ыдыратылады. 
Осылардың жиынтығы кахексияның даму негізінде жатады. 

Өспе дамуының этиологиясы. 

Р.  Вирховтың  көзқарасы  бойынша,  өспенің  себебі  болып 

жасушалардың 

тым 

артық 

жиі 

тітіркенуі 

есептеледі. 

Тіндердің 

ұзақ

 

мерзімде 

қайта-қайта 

тым 

қатты 

тітіркеністері  жиі  өспе  дамуына  әкелуі  мүмкін.  Мәселен, 
Үндістанда 

Кашмир 

индустары 

қыздырыну 

үшін 

ішінде 

қыздырылған  көмірі  бар  сары  топырақтан  жасалған  ыдыстарды 
киім астында байлап жүретін болған. Осының нәтижесінде жиі 
қайталанған  күйіктерден  іш  терісінде  обыр  өспесі  дамитыны 
байқалған. Бұл обыр «Кангри обыры» деп аталған. 

Сонымен  қатар  темекіні  түтікпен  тартатын  адамдардың 

еріндерінде,  насыбай  ататын  адамдардың  тілі  мен  ауыз 
қуысы  тіндерінде  обыр  жиі  дамитыны  байқалады.  Бірақ, 
қазір 

тітіркенулердің 

бәрінде 

бірдей 

өспе 

дамуы 

болмайтыны анықталды. 

Қазіргі  көзқарастар  бойынша  өспе  дамуына  әртүрлі 

(химиялық, 

физикалық 

және 

биологиялық) 

ықпалдардың 

әсерлері әкелуі мүмкін. 

Өспе дамуындағы химиялық қосындылардың маңызы. 

1775 

жылы 

Англияда 

Персивал 

Потт 

«мұржа 

тазалайтындардың»  обырын  хабарлады:  бала  күнінен  көп 
жылдар  түтін  шығатын  мүржаларды  тазалайтын  адамдардың  ума 
терісінде,  санының  және  құрсағының  терілерінде  обыр