ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатика пәнінен сабақ жоспары | |||
ТжКББ мекемесінің аты: Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі | Оқытушының аты-жөні: Жоламанова Н.А. | ||
Жалпы мәліметтер | Курс, оқу жылы, топ 1(9)б Қатысқандар: 18 Қатыспаған: - | ||
Сабақтың тақырыбы | Blockchain технологиясы | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме) | 10.3.1.3 Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс істеу қағидатын түсіндіру. | ||
Сабақтың мақсаты | Blockchain түсінігін және құрылымын түсіндіру; Blockchain-нің технологияларын қолданатын негізгі салаларын сипаттау; Blockchain-ді қолдану жағдайларын талдау; | ||
Ойлау дағдылары | Білу, түсіну, қолдану, талдау. | ||
Бағалау критерийлер | Blockchain түсінігін және құрылымын түсіндіре алады; Blockchain технологиялары қолданылатын негізгі салаларын сипаттайды. Blockchain-ді қолдану жағдайларын талдайды. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Blockchain-блокчейн | ||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Blockchain дегеніміз- Криптовалюта дегеніміз- | |||
Құндылықтарға баулу | Топта бірлесіп жұмыс істеу,топ ережесіне бағыну,бір-бірінің пікірін тыңдау | ||
Пәнаралық байланыс | Ағылшын, орыс тілдерінде сөздер қолданылады. | ||
Алдыңғы білім | Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдісі | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар | |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 10мин | Ұйымдастыру; Түрлі түсті стикер арқылы топқа бөлу; (әр стикер астында сөз жазылады) 1топ- Блокчейн 2топ –Криптовалюта 3топ - Биткойн | | |
«Ширату жаттығу» Өткенге шолу (ТЖ) «Қар кесегі» әдісі.Оқушылар топ болып сұрақ дайындайды А4 қағазға жазып қар кесегі ретінде келесі топқа береді. Келесі топ жауабын жазып кери қайтарады. | Оқулық «Информатика» 10сынып Г.И.Салғараева Ж.Б.Базаева А.С Маханова | ||
Сабақтың ортасы 15мин | Жаңа ұғымды меңгеру (Ұ) «Бейне жазба үзіндісін көрсету» әдісі Оқушыларға бейнематериал көрсету. Олар бейнематериалды көріп, өз пікірлерін айтады. -«Блокчейн технологиясы туралы»- видеоны көру. Топтық талқылау. Әр топ бейне және таратылған материалдар талқылайды. Сондай-ақ келесі сұрақтарға жауаптар іздеп табады
Дескрипторлары:
(ТЖ) «Сканерлеп оқыту» әдісі арқылы меңгереді. Оқушылар кітаппен жұмыс жасайды. 1топ «криптовалюта» 2топ « блокчейн» ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды. (ТЖ) Тапсырма № 1 «Құрылысшы ойыны» Тақырып бойынша мәтін қиындыларын беріледі. Оқушылар берілген мәтіннің қиындыларын құрастырады. Дескриптор:_Блокчейн_технологиясын_қолдану_аясын_талдайды,_анықтайды.ҚБ:_Топтар_өзара_бірін-бірі_бағалайды'>Дескриптор: Блокчейн технологиясы қызметін біледі. ҚБ: Мұғалім бағалайды (дескриптор бойынша (ТЖ) «Көршіңмен талқыла!» әдісі тапсырма №2 -Блокчейн технологиясын қандай салаларда қолдануға болады? Мысал келтіріңдер. Дескриптор: Блокчейн технологиясын қолдану аясын талдайды, анықтайды. ҚБ: Топтар өзара бірін-бірі бағалайды (ЖЖ)Тапсырма 3 «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі арқылы әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы -Интернет желісінен криптовалюталар туралы мәлімет іздеп, түсінігін айтып жұп болып пікірлермен бөліседі. Дескриптор: Алдыңғы қатарлы криптовалюталар ҚБ: «Бутерброд» әдісі арқылы өзара бағалау (Ж) «GRAB» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау. Сабақты жинақтау мақсатында топтарға сұрақтар қойылады. 1.Blockchain технологиясы дегеніміз не? 2. .Blockchain технологиясын қолдану саласын атаңдар? 3. Blockchain технологиясы қайда және қалай қолданылады? ҚБ; Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды. | Г.И.Салғараева Ж.Б Базаева А.С. Маханова «Информатика»10 Сынып Оқулық «Арман тв»2019 | |
Сабақтың соңы 10мин 7мин | Кері байланыс: «Мұғалімге хат» әдісі Оқушылар сабақ туралы түсінгендерін және сұрақтарын қағазға жазып қалдырады. Үйге тапсырма: «Биткойн» тақырыбына эссе жазу | |