Файл: Физика пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы 11сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 521

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Модерация және балл қою

1 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

2 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Жалпы балл: 25

- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

4 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



«Физика» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлықбағыт)


Hұр-Сұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 4

  7. Модерация және балл қою 5

    1. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

    2. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13

    3. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19

    4. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңмақсатыбілімалушылардыңтоқсанбарысындамеңгергенбілім,білікжәнедағдыларынанықтауғабағытталған.Жиынтықбағалаукүтілетіннәтижелержетістігінжәнетоқсанғажоспарланғаноқумақсаттарынажеткендігін тексереді.
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы10-11сыныптарынаарналған«Физика»пәніненжаңартылғанмазмұндағыүлгілікоқубағдарламасы.
  1. Күтілетін нәтижелер

Білімалушы:

  • қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;

  • табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;

  • әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық-ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі.

  1. Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларының

деңгейі


Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар

түрлері

Білу және түсіну

Білу:

бастапқы физикалық ұғымдарды;

сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;

физикалық құбылыстардың маңыздылығын.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Қолдану

Қолдану:

процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Деңгейді тексеру үшін Қысқа

жауапты (ҚЖ)

қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет

ететін тапсырмаларды

пайдалану ұсынылады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Талдау:

эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.

Жинақтау:

кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,

гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,

эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.

Бағалау:

жасалған эксперименттің нәтижелерін.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа

жауапты (ҚЖ)

қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ)

қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей

дағдылары

I

25 %

38 %

37 %

II

40 %

30 %

30 %

III

80 %

20 %

0 %

IV

50 %

33 %

17 %

Барлығы

50 %

30 %

20 %
  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануғамүмкінболатынкезкелгенкөрнекіқұралдарды(диаграммалар,кестелер,постерлер,плакаттарнемесекарталарды)жауып қойған дұрыс.Тоқсанбойыншажиынтықбағалаубасталмасбұрыннұсқаулықоқылып,білімалушыларғажұмыстыңорындалуұзақтығыхабарланады.Білімалушыларғажұмысбарысындабір-біріменсөйлесулерінеболмайтындығыескертіледі.Нұсқаулықпентаныстырыпболғаннанкейінбілімалушыларғатоқсанбойыншажиынтықбағалаубасталғанғадейін түсінбеген сұрақтарынқоюғаболатындығытуралы айтылады.Білімалушылардыңжұмыстыөздігіненорындапжатқандығына,жұмыстыорындаубарысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар(спецификациядарұқсатберілгенжағдайларданбасқауақытта)пайдалануларынамүмкіндіктерінің

жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13