ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
XXІ ғасыр мектебі қандай болу керек?
Қоғамды өркендетуші күш білім ошақтары болып табылады. Солардың ішіндегі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін, мемлекеттің болашақ иесін ұлттық құндылықтармен сусындаған, ұлтжанды ұрпақ болып шығуына зор әсер ететін мекеме – мектептер екені даусыз.
XXІ ғасыр мектебі қандай болу керек деген сұраққа жауап бермес бұрын, білім ордаларындағы жүйеге үлкен назар аудару керек деп ойлаймын. Білім беру саласында, менің ойымша, «бармақ басты, көз қысты» жайттар орын алмау керек, атап айтар болсақ, білім алушылардың білімі мен білігі түрлі деңгейде өткізіліп жатқан байқаулар мен жарыстарда әділ бағалануы керек. Адалдық пен әділдік жоқ жерде оқушылардың сағы сынып, білім алуға деген құштарлығы жоғалып кетері сөзсіз. Сонымен қатар, еліміздің өркендеп дамуы осы жастардың қолында десек, онда олардың бойына өзіне деген сенімділікті арттыруға көп күш салуымыз керек. Ол үшін Америка мектептеріндегі үрдістерді өз еліміздің білім ошақтарына енгізсе, ұстаздар оқушыларға тек оқушы ретінде ғана қарамай, болашақта мемлекеттің тұтқасын ұстаушы тұлға ретінде қарап, сенім білдіріп, мақтап, мадақтап, жетістіктерін дәріптеп, үнемі қолдап отырса оқушы бойында өзіне деген сенімділік арта түсері анық. Адамның өзіне деген сенімділігін арттыру жолдары өте көп, соның бірін айтар болсам, әрбір ұстаз, тіпті білім ордасының басшысы да шәкірттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, оларға деген риясыз көңілдерін білдіріп, дос, құрбыдай көріп, сөйлесіп, әңгімелесіп, оқушыны жақын тартып, мектебіміз үшін әр білім алушының орны ерекше екенін сездірсе және ол қарым-қатынас шынайы түрде орнаса, оқушы бойында өзіне деген сенім арта түсері анық. Ал өзіне өзі сенімді адам болашақта зор табыстарға жетері хақ. Мұндай тұлғаны қалыптастыру – білім ошақтарында қызмет атқарып жатқан кез келген жанның міндеті болу керек деген ойдамын.
Басқа дамыған елдерді қайдам, бірақ біздің елде ауыл мектептері мен қала мектептеріндегі ахуал жер мен көктей деп айтсам, артық айтқан болмас едім. Ауылда білім алып жатқан балалардың ауылда оқып жатқанына олар кінәлі емес қой... Олар да заманауи білім ошақтарында оқып, техниканың озық құралдарын қолданып, заманға лайық білім алғысы келетіні айдан анық. Сол себепті, ауыл мектептірінің жағдайын жақсарту кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймын.
Қорыта келе айтарым, «Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, егер де білім ошақтарын тез арада жаңартып, заманауиландырмаса, шын мәнінде қабілетсіздік пен жалқаулырдың ұясына айналып кету қауіпі бар. Сондықтан, өсеміз, өнеміз, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен осы білім беру мекемелерінің жағдайын жақсартудан бастау керек. Соңғы үлгіде жабдықталған, бар жағдайы жасалған, айналасы жарқыраған, биік, жарық, кең мектептерде оқыған оқушының, сәйкесінше, олар бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді болары хақ. Заманына лайық біліммен қаруланған жас ұрпақтың алар асуы мен шығар биігі зор болатынына сенімдімін.
Алматы облысы білім басқармасының
«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«А.Бубенцов атындағы орта мектеп-
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дамба Саранчимэг