Файл: ожа Ахмет Яссауи атындаы Халыаралы аза трік университетінде. Экономика,басару жне ы факултеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 66

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрікуниверситетінде. Экономика,басқару және құқық факултетіҚұқықтану кафедрасыБөжТақырыбы: Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастарҚабылдаған: Алимбаева А.А.Орындаған: Бағдатқызы А.Тобы: ЗҚТ-111Түркістан-2022Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім
1. Әкімшілік-құқықтық нормалар2. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері3. Қорытынды4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі:КіріспеӘкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз -- міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже. Әкімшілік-құқықтық нормалар -- бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінгеншарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғнибелгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Әкімшілік-құқықтық нормалар, негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есептелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті көлемін, қызмет тәртібін т.б. белгілейді. Әкімшілік-құқықтық нормалары, сондай-ақ әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге басқаларға) тәртіп ережелерінен тұрады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көп түрлілігіне бөліп қарайды. Материалдық және іс жүргізушілік әкімшлік-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады. Материалдық нормалар азаматтардың, атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекет органдарының мәртебесі). Іс жүргізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін, сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді. Құқық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға бөледі. Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін қояды. Мысалы, қызметкерді жұмыска қабылдау кезінде мемлекеттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, не мына әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған. Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе калыптасады. Әкімшілік норма түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:1) заңды ережелермен басқару.2) жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Әкімшілік құқық нормасының белгілері: oo Заңдық нормалардың бір түрі; oo Мемлекеттік - билік сипаты бар; oo өкілетті субъектілер қабылдайды; oo формалды белгіленгендігі; oo құрылымдық құрылуы; oo жалпы міндетті болуы; oo мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді; oo мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар: oo Диспозиция - тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек. oo Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді. oo Санкция - диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі. Әкімшілік құқық нормаларының түрлері: 1. Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді; 2. Құқықтық функциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді; 3. Нұсқаманың мазмұны бойынша - міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді. 4. Кеңістікте қолданылуы бойынша - республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді. 5. Тұлғалар тобы бойынша - жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығыбелгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы

азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады.