Файл: Модерацияда белгілі бір пн бойынша малімдерді балл ою кестесі бойынша бір ымда, тсінікте болуын амтамасыз ету шін жмысты баалауды алдын ала талылайды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды. Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəне талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн. Бір отырыста бірнеше пəнге модерация өткізуге болады. Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады: - дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген; - жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген; 36 - балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; - жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі (8-қосымша). Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған
жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылады.
Мұғалімдердің модерация кезіндегі əрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Мұғалім модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
• жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды.
Модерация кезінде:
• білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
• білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
• соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
Рубрикатор - бұл өлшемдерге негізделе отырып, білім алушының прогресін бағалау үшін қолданылатын матрица түріндегі бағалау құралы. Ол оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша әрбір сипаттаманың сапасын кӛрсететін (бастапқы, орта, жоғары) бағаланатын қатардан тұрады. Рубрикаторларды құрастыру бойынша зерделенген тәжірибе негізінде жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарының оқу жоспарлары бойынша рубрика әзірлеу алгоритмін ұсынамыз.
1 қадам. Пән бойынша білім алушылардың жетістіктерінің сараланған деңгейлерін анықтау. Мұғалім оқу процесінің материалдарын, нысандары мен тәсілдерін мұқият таңдап, материалдың әрқайсысының мақсатын айқындап, жеке оқу элементтеріне бӛле отырып, сараланған тәсілде іске асыру. Оқытудағы кері байланыстың деңгейлік дифференциациясының сипаттамасы.
2 қадам. Типтік оқу жоспары мен оқу бағдарламасын зерделеу, оқыту мақсаттарына талдау жүргізу, білім алу үдерісінде ерекше қиындықтар туғызатын оқыту мақсаттарын анықтау, оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құру.
3 қадам. Етістіктерді қарастыру - Блум пирамидасына сәйкес үйрену.
4 қадам. Рубрика оқушыға түсінікті болуы шарт, оны әрі қарай оқуға ынталандыруы тиіс. Кері байланыстың сипаттамасын ескере отырып, рубрикада конструктивтік байланыс болуы тиіс, ол білім алушылардың белгілі бір білімдерге, дағдыларға қол жеткізу деңгейін бағдарлама ұсынымдарын ескере отырып толық кӛрсетуі тиіс. Конструктивті кері байланыс қателіктерді ғана кӛрсететін етістіктерді қолданудан бас тартуы керек. Конструктивті емес кері байланыс оқушының жіберген қателіктеріне мән беріп және де ол өз кезегінде оқушы мен ата-анаға кері әсерін береді.
5 қадам. Рубрика бӛлім/тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша ғана емес, жазбаша жұмыстан кейін де қолданылуы тиіс. Рубрикалар оқушыларға жұмысты орындауға кіріскенге дейін белгілі болуы тиіс.
Рубрика анық болуы тиіс (тапсырманы орындаудың бір ғана аспектісіне, мысалы, мәтін құрылымына немесе белгілі бір алгоритмге сүйенуге ғана аса назар аударылады), ал анық емес (кері байланыс тапсырманы орындау шеңберінде барлық білімдерді, дағдылар мен біліктерді бағалауға ұмтылған кезде). Анық кері байланыс оқушының назарын нақты тақырып немесе модуль 21 шеңберінде оқытудың мақсатты мазмұнына шоғырландыруға мүмкіндік береді,сондай-ақ барлық қателер мен дәлсіздіктерді түзету оқудың ӛзін-ӛзі бағалауы мен мотивациясына теріс әсер етуі мүмкін бастапқы оқыту кезеңдерінде ӛзіне деген сенімділікті дамытуға ықпал етеді. 2) Оқушылардың оқу мақсатын және бағалау критерийлерін дұрыс түсінуі рубриканың сапасы үшін маңызды болып табылады. Оқушыларды бағалау критерийлерімен және тапсырманы орындаудың жоғары (жақсы) үлгілерімен алдын ала таныстыру қажет. Бұл оларға ӛз жұмысын осы өлшемдер мен үлгілермен жақсы салыстыруға және алынған кері байланысты жақсы жүйелендіруге мүмкіндік береді. 3) Рубрика конструктивті болуы тиіс. Рубрикаларда жетістікті жақсарту және бекіту жолдарын ұсынусыз кемшіліктерге немесе мақтауға нұсқау болмауы тиіс, ӛйткені мұндай тәсіл оқытудың тиімділігін арттырмайды, ал оқушының уәждемелік әлеуеті тӛмендейді. Оқытудағы кері байланыс жасаудың маңызды ережелерінің бірі - одан әрі іс-қимылға нұсқаулардың болуы. Яғни, болашақта осы қателерді жою үшін қандай дағдылар мен материалдарды пысықтау керек, нақты қадамдар ұсынылуы тиіс. Білім алушыға тапсырманы дұрыс орындалмағанын түсіндіру үшін «дұрыс емес», «қате» сӛздерін қолданудан аулақ болу керек. 4) Рубрика шаблонды болмауы керек
, яғни бір сӛздерді немесе құрылымдық үлгілерді пайдалану. 5) Рубриканың мотивациялық қызметін қолдау үшін оның элементтерінің теңгерімділігін сақтау маңызды, бұл түзетуші және оң кері байланысты теңестіруді кӛздейді. Сонымен қатар, педагог психикалық үдерістердің дамуын ескеруі тиіс: есте сақтау, ойлау, қиял, сӛйлеу және рубриканың білім алушыларда үздік нәтижелерге қол жеткізу мотивациясына әсері, оқуға тұрақты қызығушылықты қалыптастыру. Егер бала немесе оның ата-анасы дұрыс бағытта қозғала ма деген түсінік болмаса, оқытуда ілгерілеу мүмкін емес. Конструктивті жауап пен тәлімгерліксіз, жетілдіру мүмкіндігі жоқ. Педагогтың міндеті-тек бағалау, мақтап, сын айту ғана емес, уақтылы, объективті және толық кері байланыс орнату. Сонымен қатар, рубриканы құрастыру қағидалары ұсынылды: нақтылық, конструктивтілік, шынайылық, бірегейлілік, тұлғалық бағдар, теңгерімділік және диалогтық сипат. Осылайша, рубрика ата-анаға немесе оқушыға оқу нәтижесі бойынша беріледі және оқушылардың конструктивтілігін, мақсатын, форматын және бағалау өлшемдерін түсінуін кӛздейді. Рубрика педагогикалық қарым- қатынастың ажырамас құрамдас бӛлігі ретінде, ол оқушылардың ӛзіндік білім беру табыстары мен қателіктерін, оқушының педагогпен ӛзара қарымқатынасын, оқуға деген уәждемені және оқу процесіндегі кӛрінетін білім нәтижелері, оқыту мазмұнын жақсы меңгеруге ықпал етеді. Рубриканы қолдану арқылы тек БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша ғана емес, сонымен қатар бағалауды педагог пен оқушылар арасындағы конструктивті диалогқа ауыстырады.