Файл: Малімлогопед Мслиманова А. Д. Ерекше білім беру ажеттілігі бар балалара арналан оалту орталыы кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім-логопед:Мүслиманова А.Д.
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ
Өскемен қаласы Әлеуметтендіру және бейімделу бөлімі
5-6 жас |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 25.04.2022 - 29.04.2022
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Міндеттері:
Түзету-тәрбиелік: Жабайы жануарларға деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түзету-дамытушылық: Балалардың зейінін, көріп, естіп есте сақтау қабілеттерін дамыту; артикуляциялық моторикасын, ұсақ қол қимылдарын, дұрыс тыныс алу қабілеттерін дамыту; сөйлеу белсенділігін ширату;
Түзету-білімділік: Балаларды жабайы жануарлармен таныстыру, олар туралы түсінік беру; “Жабайы жануарлар ” лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту; «қайда?» деген сұрақты түсініп, қарапайым жабайы жануарларды көрсетіп,оларды және балаларын атай білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар: Үй жануарлырының суреттері, ойыншық мүсіндері, қаламдар мақта, айна, сүрткіштер.
Іс- әрекет кезеңдері | Педагогтың басқару іс-әркеті | Баланың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу: Логопед: - Сәлем, балақай! Қалың қалай? Бүгін қандай әдемі болып келгенсің! Көңіл – күйің жақсы ма? Ендеше қазір екеуіміз шаттық шеңберіне тұрайық. Қазір менің айтқандарымды қайталап айтып, қимылдармен жеткіземін. Жарай ма? Ендеше кеттік. Шаттық шеңберін құрып мына тақпақты айтамыз: Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп Үлгі аламыз жақсыдан. -Жарайсың! Енді орнымызға отырайық. | -Сәлеметсізбе? Жақсы. -Иә. -Жақсы. Логопедпен бірге өлең жолдарын айтады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бала орнына отырады. |
Іздену – ұйымдастырушы | 1.Дидактикалық ойын «Қызықты сұрақтар». Мақсаты: Тақырыпты ашу, сөздік қорды анықтау, сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру. Барысы: Тақырыпқа байланысты логопед сұрақтар қояды, бала дұрыс, әрі тез жауап береді. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады? -Көктем мезгілінде орманның іші әдемі болады. Жапырақтар шығып, гүлдер өсіп, жан-жануарлар оянады. -Балалар орманда қандай аңдар тіршілік етеді? -Біз сіздермен орманға саяхаттқа барамыз. Музыка әуені тыңдалады. -Балалар, ненің дыбысын естіп тұрмыз? -Балалар бұл аңдарды неге жабайы аңдар дейміз. -Дұрыс айтасындар жабайы аңдар орманда өз беттерімен қорегін тауып өмір сүреді. -Қазір саған суреттер көрсетемін. Сен қандай жануарлар екенін тауып айт, жарайма? -Қанекей! Мынау қай жануар? -Дұрыс айтасың, аю. Ал маныуше? -Ия, қасқыр екен. -Мына жануарды тауып көрші. -Өте дұрыс, қоян. -Тағы қандай жануарлар бар екен? -Ия. Мында кірпі, тиін, түлкі бар. 2. Дидактикалық ойын: «Жануарлар нені ұнатады» Мақсаты: Жабайы жануарлардың атауын бекіту. Сөздік қорын көбейту. 3 Дидактикалық ойын: «Кім ойшыл?» Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Қалқиған құлағы бар, Елеңдеп қорқып тұрады. Қыс бойы ұйықтайды, Көктемде оянады. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу Төрт түліктің қас жау 4 дидактикалық ойын; Аңдар немен қоректенеді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды. Бүгінгі оқу қызметімізде орманға саяхат жасаймыз. - Балалар, орманға келдік, мына алдымыздан шыққан аңның аты не? -Қоян - Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар балабақшаларына қайтпайсындар дейді қоян. Орындаймыз ба? Қоянның тапсырмасы: - Мына суреттегі аңдардың атын атап бер. - Қоян қандай? Қоян қорқақ. - Түлкі қандай? Түлкі айлакер. - Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш. -Аю қандай? Аю аңқау Жарайсындар балалар! Ары қарай жүреміз,алдымыздан қандай аң шықты? -Жолбарыс. Балалардың жауаптары Қимылмен көрсетеді Жолбарыстың тапсырмасы: мынадай ойын «Аңдар қалай қозғалады?» 5. Сергіту сәті: Барысы: -ал, енді екеуіміз орнымыздан тұрып, бойымызды жазып алайық. Қанекей, өлеңді біге қайталаймыз. . -Керемет! Енді орнымызға отырайық. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы –қырлы жерлермен Ытқып –ытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің 6. Дидактикалық ойын: «Төртінші артық». Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, заттарды топтастыра білуді дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Барысы: балаларға жабайы жануарлвардың суреттері бар және жабайы жануарларға жатпайтын бір сурет беріледі, осы суреттердегі жабайы жануарға жатпайтын артық затты тауып, неге артық екенін түсіндіру керек. -Балақай, мында саған төрт сурет берілген. Осы суреттерге қарап не артық екенін айтшы. Қай суретті сызып тастаймыз? Не үшін итті сызып тастадың? Дұрыс айтасың! -ал, бұл суретте ше? Жарайсың! Келесі кезек бізде тіл ұстарту жаттығулары: Қанеки мен бірінші айтйын сен балақай соңымнан қайталашы Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян Ю-ю-ю қорбаңдаған аю Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр Тан - тан - тан — бұл мықты арыстан 7. Артикуляциялық жаттығулар. Мақсаты: дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру. Барысы: «Сағат», «ине», «күрек», «күлеміз» жаттығуларын кезекпен 2 рет қайталаймыз. -Балақай, бұл ненің суреті? Қазір біз сенімен айнаға қарап отырып, тілімізбен «сағат» жаттығуын жасаймыз. Күлімдеп тұрамыз, аузымызды ашамыз. «Бір-екі» деп санап тілімізді оңға-солға кезек-кезек тигіземіз.Астыңғы иек қимылдамау керек. Жарайсың! Келісі суретті көрсетіп, - Бұл не? Енді біз сенімен «ине» жаттығуын жасаймыз. Тілімізді алға үшкір қылып шығарып, мен 10ға дейін санағанша ұстап тұрамыз. Керемет! Келесі суретті көрсетіп, сұраймын. –Бұл не? Дұрыс айтасың. «Күрек» жаттығуын жасау үшін тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұрамыз. Келесі суретте не берілген? Бұл жаттығуды жасау үшін езуімізді тартып, күлеміз, тістерімізді көрсетеміз. Жарайсың, осы жаттығуларды тағы бір қайталап шығайық. 8. Дидактикалық ойын «Бөліктерді құрастыр». Мақсаты: Жабайы жануарлардың жеке бөліктерімен таныстыру, қол моторикасын дамыту. Барысы: Үлгіге қарап, қиылған жабайы жануарлардың суреттерін құрастыру. -Балақай, саған қандай сурет берілген, айтшы? Дұрыс айтасың. –Ал, енді саған осы суреттердің қиылған бөліктерін беремін. Маған осы бөліктерді құрастырып көмектесші! Жарайсың! Керемет болды. Енді түлкіні құрастырайық. Керемет! 9. Дидактикалық ойын «Еңбекқор саусақтар». Мақсаты: Ұсақ қол маторикасын дамыту, түстерді қабылдауды дамыту. Барысы: Үлгі бойынша жеңіл жануарлардың суретін бояу. Қандай түстерді қолданғандығын айту. Қорытынды -Балақай, бүгінгі сабағымызда көліктердің неше түрі бар екенін білдік? Қандай түрлерімен таныстық? Жарайсың! Үйге тапсырма: келесі сабаққа көліктің түрлерін қайталап келеміз және дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз, жарайма? Бүгін жасаған артикуляциялық жаттығуларды үйде үнемі жасап отырамыз. -Ендеше сабақ аяқталды.Сау бол! | Бала суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. -Күз. -Күн суытады, жаңбыр жауады. -Аю, түлкі, қасқыр,қоян,тиін, кірпі. -Құстардың, қасқырдың ,аюдың. -Жануарлардың балаларын тауып, ұнататын қорегін тауып алады. ! |
Дыбыс айту
1 | | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
2 | | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
3 | | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
4 | | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
5 | | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
Рефлесивтік- коррекциялаушы | -Бүгін не істедік? -Саған ойындар ұнады ма? |
Күтілетін нәтиже:
Түсінуге тиіс: жабайы жануарлардың атауларын және оның маңызын
Білу: фонематикалық есту.
Істей білу керек: зат есімді, сын есімді, етістікті тіркестендіру.