Файл: Мектеп 8 Кні 27. 03. 23.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Мектеп: 8

Күні:27.03.23

Мұғалімнің есімі:Бейсембаева Айдана


СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру

Ұлтымыздың вокалді оркестрінің қайраткерлер өмірімен таныс болу

Музыкалық білімдерін,ән орындауға дағдыландыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Әншіні таниды.,әндерін тыңдайды

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Видеоролик, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Білу және түсіну

Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсеіледі Оқушылар негізгі тақырыппен танысады




Ортасы

2016, 1Қазақстан және КСРО халық әртісі. 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.
1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан Соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.


1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.
Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).
Р. Бағланова Кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін орындайды.
Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарда болды.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.
Р. Бағлановаға арнап сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев ән жазған.
Дәптермен жұмыс.

«Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

.


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Аяқталуы

Синтез

Топпен жұмыс

1-топ. Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?

2-топ. Әнші мамандығы қандай мамандық?

3-топ .Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?





Оқушылар кестемен жұмыс жасайды


Кері байланыс



«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?





Рефлексиялық шеңбер