Файл: Шамаларды мнін салыстыруды жне олармен амалдар орындауды йрену.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: | Шоншабаева Зарина Торегелдиевна | |||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Математика 3-сынып | |||||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 162 - сабақ | |||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | Уақыт | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Ғасыр | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | Шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйрену. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйренеді. | |||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | ||||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Бағалау критерийі | Ресурстар | |||||||||||||||
1 минут | | Ұйымдастыру
Математика пәнін бастаймыз. Сабағымыздың тақырыбы: Ғасыр Бүгінгі сабақта сен: Шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйренесің. 1995 жыл 18 қазанда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Сен Қазақстанда 130 –дан астам ұлт өкілдері тұратынын білесің бе? | Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын айтып, түсіндіру. | | Презентация № 1 Презентация № 2 бет Презентация № 3 бет | |||||||||||||||
7-8 минут | Жаңа сабақ | «Артығын тап» ойыны Секунд, минут, метр, сағат Сағат, тәулік, апта, демалыс Ай, центнер, жыл, мүшел Тонна, ғасыр, жыл, апта -Осы уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырайықшы; секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр. Дескриптор: Берілген сөздің ішінен артық сөзді табады. ҚБ: Жарайсыңдар! Есіңде сақта! Ғасыр - уақыттың үлкен өлшем бірлігі. 1 ғасыр (ғ) = 100 жыл (ж) | Жаңа сабақты түсіндіру. | Жаңа сабақты түсінеді. | Презентация № 4 бет | |||||||||||||||
8 минут | Тақырыпты меңгеру машығы | 1-тапсырма Сұрақтарға жауап бер. Қай ағаштар 2 ғасырдан артық тіршілік етеді? Ең аз тіршілік ететін ағашты ата.
Өзіңді тексер! 2 ғасырдан артық тіршілік етеді: шырша, жөке, көктерек Ең аз тіршілік ететін ағаш: шетен Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. ҚБ: Жарайсыңдар! 2-тапсырма Салыстыр. 2 ж. 4 ай * 32 ай 658 ж. * 7 ғ. 1 ж. 5 ғ. 42 ж. * 54 ж. 6 мин. 15 с. * 385 с. Өзіңді тексер! 2 ж. 4 ай < 32 ай 658 ж. < 7 ғ. 1 ж. 5 ғ. 42 ж. > 54 ж. 6 мин. 15 с. < 385 с. Дескриптор: Уақыт өлшемдерін салыстырады. ҚБ: Тамаша! 3-тапсырма Есепті шығар. Астанадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешеніне бірінші күні 150 турист, екінші күні 57 турист кем келді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күндері қанша болса, сонша турист келді. «Этноауыл» ұлттық-кешеніне үш күнде барлығы неше турист келді? Өзіңді тексер! Бірінші күні – 150 т ? Екінші күні - ? 57 т кем Үшінші күн – сонша ? т Шешуі: 150 – 57 = 93 150 + 93 = 243 150 + 93 + 243 =486 Жауабы: үш күнде 486 турист келді. Дескриптор: 1.Есептің шартын жазады. 2.Сұрағын қояды. 2.Өрнек құрастырады. 3. Шешуін, жауабын жазады. ҚБ: Керемет! | Ғасыр өлшеміне байланысты тапсырманы орындау. Уақыт өлшемдерін салыстыру Есепті шығару. | Ғасыр өлшем бірлігіне байланысты сұрақтарға жауап береді. Уақыт өлшемдерін салыстырады. Есепті шығарады. | Презентация № 5 бет Презентация № 6 бет Презентация № 7 бет | |||||||||||||||
3 минут | Бекіту | Сұрақтарға жауап бер. Қандай жануарлар 1 ғасырдан артық өмір сүреді? Қандай жануарлар 2 ғасырдан артық өмірі сүреді?
Қандай жануарлар 1 ғасырдан артық өмір сүреді: галапагосс тасбақасы, Гренландия киті, Қызыл теңіз кірпісі. Қандай жануарлар 2 ғасырдан артық өмірі сүреді: галапагосс тасбақасы, Гренландия киті. Дескриптор: Берілген сұрақтарға жауап береді. ҚБ: Керемет! Рефлексия Білім деңгейлеріңді табыс сатысында белгілеңдер. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! | Сабақты қорытындылау | Уақыт өлшемі ғасырға байланысты тапсырманы орындайды. | Презентация № 8 бет Презентация № 9 бет |