ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Келесі программа фрагменті не табады? i=1; while i < =5: print(i**2); i+=2
-
1 -ден 4 –ке дейінгі сандар квадратын -
1 -ден 5 –ке дейінгі жұп сандардың квадратын -
1 -ден 5 –ке дейінгі сандардың квадрат түбірін -
1 -ден 5 –ке дейінгі тақ сандардың квадратын -
1 -ден 5 –ке дейінгі сандарды екі еселейді
-
random.randrange(5, 10) функциясының нәтижесінде қай аралықтағы бүтін кездейсоқ сан шығады?
-
[4,11) -
( 5,11] -
[5,10] -
[5,10) -
( 5 ,10 )
-
Келесі программа фрагменті нәтижесінде қандай мәндер шығады? a =5; b = 8; if a >b: print(a**2) ; else: print(b**2)
-
10,00 -
16 -
40 -
64 -
25
-
Жолдың шаблонын алмастыру әдісі:
-
S.replace() -
S.upper() -
S.lower() -
S1.count() -
S.find()
-
Команда алдына шегініс қою пернесі:
-
Tab -
Shift -
Insert -
Ctrl -
Alt
-
Python графикасында мәтін шығару командасы:
-
t.cout() -
t.write() -
t.input() -
t.writeline() -
t.print()
-
Python тілінде комментарии қою үшін қолданылатын символ:
-
"%" -
"**" -
"/" -
"#" -
"//"
-
Форматтап шығару үшін қолданылатын қызметші сөз:
-
math -
format -
math.h -
float -
int
-
Берілген а тізім элементтерін екі еселеп шығару командасының дұрыс жазылуы:
-
print(a**2) -
print(a[i]*2) -
print(a*2) -
print(a[]*2) -
print(a+2)
-
Тізім соңына элемент қосу әдісі:
-
list.count(x) -
list.reverse() -
list.append(x) -
list.copy() -
list.clear()
-
x бүтін санын «төменге» қарай дөңгелектейтін функция:
-
math.ceil(x) -
math.fabs(x) -
math.floor(x) -
math.factorial(x) -
math.exp(x -
)
-
Келесі программа нәтижесі нешеге тең? a = 40; b = 10; b = (a/2)*b
if a < b:
c= b - a
else:
c = a - 2 * b
-
360 -
30 -
410 -
160 -
400
-
a = [5,8,9,2,6];b=sorted(a);print(a) программа фрагментінің нәтижесінде не шығады?
-
[5,8,9,2,6] -
[9,8,6,5,2] -
қате туралы хабарлама -
[2,5,6,8,9]
Сұрақтар мен есептер
-
Python бағдарламалау тілінің негізі және шығу тарихы
Python тілі Java тілімен бір уақытта пайда болды. Бұл тілді нидерландтық математик, программалаушы Гвидо ван Россум 1991 жылы құрастырды.
Гвидо ван Россум (1956 ж. 31-қаңтар)— нидерландтық программалаушы. Ван Россум Амстердамуниверситетін 1982 ж. математика және информатика мамандығы бойынша бітірді. 2005ж. ван Россум Google компаниясына жұмысқа орналасты. Python тілі жасап шығарғанға дейін ол ABC программалау тілін шығарды.
Python програмалау тілінің атауы «Монти Пайтон ұшатын циркі» телешоуының атына байланысты шықты.
Монти Пайтон ұшатын циркі (Летающий цирк Монти Пайтона) алғаш 1970 жылы экранға шыққан британдық комедиялық телешоу болып табылады.
Python тілінде көп уақыт жұмсамай қарапайым және тиімді программалар жазуға болады. Мұнда басқа тілдерге қарағанда күрделі арнайы символдар аз қолданылады. Python-программа құру ортасы IDLE(IDLE — Integrated Development and Learning Environment- құрастыру және оқытудың интеграцияланған ортасы. IDLE екінші жағынан «Монти Пайтон» цирк тобының мүшесі, сценарист,британдық актёр Эрик Айдл (англ. Eric Idle; 29 март 1943 ж, Саут-Шилдс, Ұлы Британия) мағынасын береді.
Python интерпретацияланатын программалау тілі. Берілген код бөлік бойынша арнайы программа- интерпретатор арқылы программаны орындау процесінде машиналық тілге түрленеді.
Python тілінің анық синтаксисі бар. Бұл тілде кодты оқу жеңіл, себебі онда қосымша элементтер аз.
Python– объектілі- бағдарлы, интерпретацияланған жоғары деңгейлі тіл. Python- да программалау тез және сапалы түрде программалау модулін алуға мүмкіндік береді.
Python бұл толыққанды және әмбебап программалау тілі. Ол объектілі- бағдарлы программалауды қолдайды. (бұл тіл объектілі- бағдарлы программалау тілі ретінде жасалды).
Python - бүкіл әлем бойынша түрлі мақсаттар -деректер базасын және сөз өңдеу үшін кең таралған әмбебап тіл, ойындарға интерпретатор қосу және де GUI-ді бағдарламалау және жылдам прототип құру (RAD) үшін арналған тіл. Сонымен қатар Python-INTERNETжәне WEB қосымшаларын бағдарламалау үшін пайдаланылады. Python бай стандартты кітапханадан, және модульдердің бай жиынтығынан тұрады.
-
Кездейсоқ шыққан бүтін санның барлық бөлгіштерін табатын бағдарлама құрыңдар.
import random
n=int(input('n='))
for i in range(1,n+1):
if n%i==0:
print(i)
-
Python бағдарламасының жұмыс жасау режімдері
Python программасымен жұмыс жасаудың екі жолы бар.
• командалық жол арқылы
• интерактивті графиктік экран арқылы
Python Shell программа теру терезесі арқылы жүзеге асады. Программа теру терезесі IDLE интерактивті графиктік экран деп аталады. Оның белгішесінде IDLE жазуы болады.
Python-да интерактивті графиктік экран арқылы программаны орындатудың екі варианты бар:
1. Интерактивті вариант (Python/Shell консолі)
2. Файлдық вариант (стандартты вариант) немесе программалық режим
Программа Python-да көбінесе «скрипт» деп аталады.
1)Интерактивті вариант терезесі. Мұнда команда бірден орындалады. Бұл режимнің кемшілігі программа сақталмайды.Бұл режимде Python қарапайым интерактивті калькулятор тәрізді болады.
2) Файлдық вариантты қосу үшін менюден File\New немесе
Терілген программаны сақтап, Run/Run Module командасы немесе F5 пернесін басу арқылы орындауға жіберу керек.Редактор терезесінде программа мәтінін тере бастағанда тақырып жолында Untitled сөзі * символымен қоршалады. Ол программаның әлі файлда сақталмағандығын көрсетеді.Файлды сақтау үшін File мәзірінен SaveAsнемесе
-
Берілген санның көбейту кестесін шығаратын бағдарлама құрыңдар.
p=1
k=int(input("Сан енгіз "))
for i in range(1, 11):
p=k*i
print(k,'*',i,'=',p)
5.Python бағдарламалау тіліндегі деректер типтері және математикалық операциялар
Бағдарламалау тіліндегі кез келген деректер, яғни, айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған нысанның қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды. Python тілінде деректердің келесі кестеде көрсетілген типтері қолданылады.
-
2-кесте -
Python тіліндегі деректер типтері
| Python тілінде жазылуы | Мысал |
Бүтін сан | int | 78,-50,0,5689 |
Нақты сан | float | 6.3, -84.5, 78.0 |
Жол | str | ‘Сәлем’, ”Сәлем” |
Логикалық тип | bool | True,False |
Тізім | list | [62, -52.5, True, ‘сәлем’] |
Сөздік | dict | {‘a’:567, ‘b’:897} |
Кортеж | turle | (1,2,3,34,5) |
Жиын | set | {1,2,3,4} |
Файл | file | |
Басқа бағдарламау тілінен ерекшелігі Python тіліндегі бағдарлама мәтінінде айнымалының типін хабарлау қажет емес.
Айнымалы типін шығару үшін type() функциясы қолданылады:
Мысалы:
>>>type(4)
Математикалық өрнектерде операнд ретінде бүтін және нақты сан қолданылады.
Бүтін сан деп (int, integer–бүтін сөзінен шыққан) бөлшек бөлігі жоқ сандарды айтады. Мысалы: …-7,-6,-5,-4,-3,-2,-1,0,1,2,3,4,5,6,7…
Нақты сандар (float) бүтін саннан бөлшек бөлігі арқылы ажыратылады.
Бөлшек бөлік пен бүтін бөлік арасына нүкте қойылып жазылады.
Мысалы: 7.9, -8.0, 6.5
Сандық айнымалыдарға қолданылатын математикалық операциялар келесі кестеде көрсетілген.
3-кесте
Математикалық операциялар
Операция | Сипаты |
+ | қосу |
- | азайту |
* | көбейту |
/ | бөлу |
** | дәрежеге шығару |
// | санды санға бөлгендегі бүтін бөлік |
% | санды санға бөлгендегі қалдық |
Мысалы:
>>> 789/56
14.089285714285714
>>> 45*56
2520
>>> 5 ** 67
67762635780344027125465800054371356964111328125
// таңбасы бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін бөлік (C++ тіліндегі / таңбасының аналогы), % – бүтін санды бүтін санға бөлгендегі қалдық (C++ тіліндегідей) мағынасын береді.
6.Берілген екі санға арифметикалық төрт амал орындап, нәтижені шығаратын бағдарлама құрыңдар.
a=3
b=2
print(a+b,a-b,a*b,a/b)
7.Python бағдарламалау стандарт функциялар
Математикалық стандарт функциялар
Функциялар | Сипаты |
exp(x) | ex функциясы, мұндағы e = 2,718281. |
log(x[, n]) | n негізді х санының логарифмі. Егер n көрсетілмесе, онда натурал логарифм есептеледі. |
log10(x) | x – тің ондық логарифмі |
sqrt(x) | x санының квадрат түбірі |
sin(х) | x санының синусы (х радианмен беріледі) |
cos(х) | x санының косинусы |
tan(х) - | x санының тангенсі |
acos(х) | x санының арккосинусы |
asin(х) | x санының арксинуы |
atan(х) | x санының арктангенсі |
degrees(x) | x бұрышын радианнан градусқа түрлендіреді |
radians(x) | x бұрышын градустан радианға түрлендіреді |
hypot(х, у) | катеттері х және у болатын тікбұрышты үшбұрыш гипотенузасын табады |
ceil(x) | бүтін санды «жоғарыға» қарай дөңгелектейді |
floor(x) | бүтін санды «төменге» қарай дөңгелектейді |
trunc(x) | санның бүтін бөлігін қайтарады |
fabs(x) | x санының модулі |
factorial(x) | x бүтін санның факториалын қайтарады |
pi | pi = 3,1415926... |
e | e = 2,718281. |
Кестеде көрсетілген математикалық функциялармен жұмыс жасау үшін math модулін импорттау керек:
Жалпы түрі: import math
Python тілінде бірнеше функциялар жинағы бір модульге біріктірілген. Ол функцияны қолдану үшін import командасы көмегімен қажет модульді бағдарламалау ортасына импорттау керек.
Мысалы:
>>> import math
Нәтижеде математикалық функциялардан тұратын math стандарт модулі жадыға жүктеледі. math модулінде барлық математикалық стандарт функциялар анықталған.
8.Үшбұрыш ауданын есептеу функциясын қолданып, қабырғалары мен екі диагоналы берілген бесбұрыш ауданын табатын бағдарлама құрыңдар.
-
Python бағдарламалау қондырылған математикалық функциялар. Мысалдар келтіру.
Стандарт функциялармен қатар бүтін сандарға келесі кестедегі қондырылған математикалық функциялар қолданылады.
Қондырылған математикалық функциялар
Функциялар | Сипаты | Мысал |
abs(x) | Х санының модулі | abs(-5)→5, abs(5)→5 |
min(x1,x2,…xn) | сандардың ең кішісі | min(85,56,-45,98) →-45 |
max(x1,x2,…xn) | сандардың ең үлкені | max(85,56,-45,98) →98 |
pow(x,y) | x санын y дәрежелеу | pow(9,3) →729 |
round() | санды дөңгелектеу | round(4.5) →5 |
Бұл функцияларды қолдану үшін math модулін импорттап қажет емес.
Мысалы:
import math
x=9
print(pow(x,2))
print(max(56,78,23,45,55))
print(math.sqrt(9))
-
Символдық жолдағы жақша ішіндегі символдардың санын табыңдар.
a=input("sozdi engiz")
for i in range(0,len(a)):
if a[i]=="(":
k=i
if a[i]==")":
n=i
print(k,n)
print(a[k+1:n])
-
Python тіліндегі бағдарлама құрылымы және сызықтық бағдарлама құру
Кез келген бағдарлама белгілі бір ереже бойынша белгілі бір ретпен жазылған рұқсат етілген символдар тізімінен тұрады.
Python тіліндегі бағдарлама келесілерден тұрады:
- түсіндірме мәтін (комментарий)
- командалар
- тыныс белгілері
- идентификаторлар
- қызметші сөздер.
Python тілінде түсіндірме мәтін жасаудың 2 жолы бар:
1. Бір жолды түсіндірме мәтін. Ол ‘#’символы арқылы жазылады. Интерпретатор ‘#’символынан кейін жазылған жолдың соңына дейінгі кез келген мәтінді ескермейді, оны түсініктеме ретінде қабылдайды.
Мысалы: #Үшбұрыш ауданын есептеу
2. Көп жолды түсіндірме мәтін. Бұл жағдайда бірінші жолдың алдына және соңғы жолдың соңына ''' символдары қойылады.
Мысалы:
'''
print(“Бұл”)
print (“түсініктеме”)
'''
print(“мәтін”)
Бағдарламаны орындау нәтижесінде экранға “мәтін” сөзі ғана шығады. Қалған екі жол түсініктеме ретінде қабылданады.
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторының жазылуының жалпы түрі:
Айнымалы=өрнек
Python тілінің Pascal, С++ тілінен ерекшелігі мұнда айнымалы типін хабарлау қажет емес.
Python тілінде меншіктеудің жиындық меншіктеу түріне рұқсат етіледі.
Енгізу және шығару командаларын қолданып сызықтық бағдарлама құру мысалдарын қарастырайық.
Мысал2: Сенен атыңды сұрап, сенімен амандасатын бағдарлама құрыңдар.
k=input(" Атың кім?")
print(' Сәлем',k)
Мысал3: Қабырғалары берілген үшбұрыштың ауданын табу бағдарламасын құрыңдар.
print('үш қабырға енгіз')
a=int(input())
b=int(input())
c=int(input())
p=(a+b+c)/2
s=pow((p*(p-a)*(p-b)*(p-c)),0.5)
print('s=',s)
-
Студенттің тегі мен аты бос орын символы арқылы бір жолда берілген. Студент атын шығарыңдар.
s='eskalieva aiymkhan'
print(s[10:18])