Файл: Пні Химия Сыныбы 11 Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспардың атауы:

11.2 А

Аминдер және амин қышқылдар
Пәні: Химия

Сыныбы: 11

Мектеп: М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия
Мұғалімнің аты-жөні:

Адамбекова

Назерке Саденовна

Сабақтың тақырыбы

Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.


Оқу мақсаты

11.5.1.1. Аминдердің жіктелуі және номенклатурасын атау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

-аминдердің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Молекуласындағы амин тобының санына байланысты жіктей біледі

  • Алу жолдарын түсіндіріп бере алады

Кейбірі:

  • Теориялық мүмкіндікпен салыстырып, шығымын есептеп,мысалдар келтіріп есептердің шығару жолдарын біледі.



Бағалау критерийі

  • Аминдердің физикалық және химиялық қасиетін түсіндіреді

  • Аминдердің жіктелуі мен номенклатурасын ажырата алады

  • Химиялық теңдеулер құрып есептерді шығара алады




Тілдік мақсаттар

Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • аминдер, галогеналкандар, нуклеофильді орынбасу нитрилдері

Құндылықтарға баулу

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.

Білім құндылықтары:

  • Құрмет.

  • Ашықтық.

  • Өмір бойы білім алу.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болған кезде кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыс

Физика, математика, биология

Алдыңғы білім

10 сынып химия

Аммиак. Азотты қосылыстар



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына мән беру, балалардың көңіл-күйін анықтау;

Психологиялық жағымды ахуал тудыру.Оқушылар шеңбер бойына тұрады,бір- біріне химиялық бір элементтің қасиеттерін қосып жақсы көңіл күй тілейді, ынтымағы жарасқан жылы атмосфера қалыптасады.

Сол тұрған бойымен 1-2-3 саналып топқа бөлінеді.

Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін әр топтан топ басшысын сайлайды.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

«Миға шабуыл»
Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша талқылау, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.
Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. Органогендер дегеніміз не?

2. Азотты органикалық қосылыстарға қандай қосылыстар жатады?

3. Аммиактың формуласы қандай?

4. Аммиак химиялық тұрғыдан қандай қасиет көрсетеді?

5. Аммиактың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулері қандай?
Дескриптор:

Азотты органикалық қосылыстарды ажырата біледі.

Аммиактың химиялық қасиетерінене тән реакция теңдеуін жаза алады.

Аммиактың химиялық формуласын біледі
Қ.Б. Жетелеу сөздері арқылы ынландыру: жарайсын, өте тамаша.





Топтастыру

Мадақтау (смайликтер)


Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Жаңа сабақты меңгерту

Сөзжұмбақ



1.С6Н12О6

2.Глюкоза қандай жемістің құрамында кездеседі?

3.Фруктозаның құрамында С=О тобы қалай аталады?

4.Сахароза 20% қандай өсімдіктің құрамында кездеседі?

5.Қазақстанда 1934ж қант зауытты қай қалада іске қосылды?

6. Полисахаридтердің манызды өкілі.

7.Өндірісте картоптан немесе жүгеріден қандай затты алады?

Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

"Инсерт" әдісі топпен жаңа тақырыппен танысады. Керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазады.

1-топқа Аминдердің атаулары мен изомерлері

2-топқа Аминдердің физикалық қасиеті мен алыну жолдары

3-топқа Аминдердің химиялық қасиеттері

Дескриптор

  • Аминдердің алыну жолын біледі;

  • Атауы мен изомерлерін ажыратады;

  • Химиялық қасиеттерін түсіндіреді.



Қ.Б.«Смайликтер».


Жұптық жұмыс ЖЖ
Тапсырма. «Кім жүйрік есептеп тап» әдісі арқылы.

Есеп: 37 г нитробензолды сутек қатысында тотықсыздандырғанда 18,5 г анилин алынды. Теориялық мүмкіндігімен салыстырғандағы шығымын табыңдар.

Дескриптор

  • Есептің шартын жазады

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазып теңестіреді.

  • Химиялық реакция өнімдерін анықтайды.

Қ.Б. Басбармақ
3- тапсырма «Сәйкестікті орнат» әдісі.


Біріншілік аминдер

Екіншілік аминдер

Үшіншілік

аминдер










a) C2H5 – NH2 b) CH3 – NH – CH3 c) CH3 – N(CH3) – H3C
Дескриптор

- Біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдерді ажыратады






Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы,жаңа сабақтың

тақырыбын ашады.

Жауабы:

1.Глюкоза

2.Жүзім

3.Карбонил
4.Қантқызылшасында.
5.Талдықорған

6.Целлюлоза
7.Крахмал

Аминдер


Сабақтың соңы

5 минут

2 минут

Қорытынды

«333» әдісі

Көрсетілген бейне роликтен аминдердің әртүрлі салаларда қолданылуын түсінеді
Дескриптор

  • Аминдердің нақты қолданатын салаларын біледі

Сабақты бағалау процесі мен кері байланыс сабақ барысында, қажеттілікке сай беріліп барылады.

Кері байланыс. «Кері әсер парағы»

  1. Бүгін мен не үйрендім?

  2. Маған не ұнады/ не ұнамады?


Үй тапсырмасы:

Оқу мақсатына сай тапсырмаларды орындап келу;
Жалпы молекулалық формуласы C4H9N аминнің мүмкін болатын 5 изомерінің құрылымдық формуласын жаз. Изомерлердің атауларын жаз


https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aminder-aminderding-alynuy-men-qoldanyluy?mid=e880fb9a-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Барлық оқушылар:

Аминдердің не екенің біледі және түсінеді. Қосылыстарын дұрыс атай алады

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Оқу мақсатына толық жетіп, сабақ барысында өзінің үйренгенің өзге бөлісе алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс және анық жауап беруіне сай өзара және өзің-өзі бағалау процесі жүреді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары