Файл: Білім беру йымы Жамбыл Жабаев атындаы 15 тірек мектебі Блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | |||||
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | |||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? | |||||
Сабақтың мақсаты: | Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. Курстың юниттері | Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды. Жалпы жаһандану мәселелеріне тоқталады. Курс юниттеріне толық мағлұмат береді. | http://youtube.com/watch?v=QVb8EpkD7yo Презентация | |||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Жалпы Жаһандық сөзінің мағынасы қандай? -Қандай жаһандық проблемалар бар екен? | | Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Махаббат мәдениеті | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. «Бәрінің бастауы махаббат» Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі. Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі. Ешбір геометриямен Өлшенбейтін көлемі Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай. Махаббат - бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. Махаббат: сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады. Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген. Махаббаттың 25-ке тарта түрі бар.Аталған махаббаттардығ қайсысы сіздің бойыңызда бар? -Ананың махаббаты... Әкенің махаббаты... -Бауырға махаббат -Отанға деген махаббат -Достыққа махаббат -Өмірге махаббат -Табиғатқа махаббат........ Екі топқа тақырыптық байқау...Тірек сигналдары арқылы өлең шумағын құрастыру немесе эссе жазу. 1 топқа. Армансыз адам болмайды,қиялым,үмітімді үзбедім,іздей-іздей шаршадым. 2 топқа. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу,адам құдіреті,лаулаған сезім,ғашық болып.... | Нақыл сөзге түсініктеме береді. Оқушылар пікірі Оқушылар тапсырманы орындайды. | Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Тіршілік қауіпсіздігі. | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | «Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы) | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ұғыну. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы СҮЛЕЙМЕНГЕ ...Күні өтіп, айы асқан, Енді қазақ ел болмас. Дәрігері дарын болса да, Ауруына ем қонбас. Мүйіздескен сиырдай, Байласаң, басжіп жетер ме? Еңбегің – еш, тұзың – сор, Қайратың селге кетер ме? Толқынды теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса, Желқайықпен өтер ме?! Елің үшін еңбек қыл, Отыра берме бекерге. Көмбеге таяп қалғанда, Жүйрікке керек көтерме «Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарияланған өлең мәтіні негізінде беріліп отыр. Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре тұқымынан | Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады. Өлең шумағын тыңдайды. | https://www.youtube.com/watch?v=fu7lBoA3b7o https://www.youtube.com/watch?v=1uITvnwXJhg | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | «Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау) | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Жырау шығармашылығынан мағлұмат беру. Дос сөзінің қадір қасиетін білдіру. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «Сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әкесі: «Олай болса достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды. «Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. Достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. Бозбала бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. Әкесі «Айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. Баласы таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін», – дейді. Әңгіме не жайында? Дос,достық дегенді қалай түсінесің? Ал енді Бұхар жыраудың осы достық жайында не айтқанын тыңдайық. Жал-құйрығы қаба деп Жал-құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз! Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз! Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас. Жаман қатын алғаның – Төркініне бата алмай, Төсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде, Оңды жауап қата алмай, Жалғанда қор болғаның. Таудан аққан тас бұлақ, Тасыса, құяр теңізге. Қанша малы көп болса, Бай қуанар егізге. Жаманнан жақсы туса, Жақсыдан жаман туса, Тартпай қоймас негізге. Жар басына қонбаңыз Жар басына қонбаңыз, Дауыл соқса, үй кетер. Жатқа тізгін берсеңіз, Жаламенен бас кетер. Жаманмен жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз, Айырылмасқа серт етер. Ит жүгіртіп, құс салсаң, Киген тоның түлкі етер. Сыпайы сырын білдірмес, Ақырын ғана бүлк етер. «Досыңызды кафеге шақырыңыз» рөлдік ойыны | Оқушылар әңгімені тыңдайды. Жалпы өз ойларын ортаға салады. Оқушылар ойы. Оқушылар рөлдерді сомдайды. | https://www.youtube.com/watch?v=1QeW91CZtgE | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Толеранттылық деген не? | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Жалпы мағлұмат беру. Адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. — Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар? — Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер? Ендеше мен сіздерге толеранттылық деген сөздің мағынасын білдіретін сөздерді табуды ұсынамын. Керекті сөздер: Бірлік, татулық, шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, мерейтой, халық, ел , тағдыр, бауыр, болашақ, ынтымақтастық, патриотизм, этнос, жанжал, реформа, үйлесімділік, шыдамдылық, мәдени мұра, сенімділік, қамқорлық, төзімділік, еркіндік достық, сабырлық, агрессия, өшпенділік, ашу, адал, мейірімді, шыншыл қайырымды, ұқыпты. жанашыр. қамқор. түсіністік, сыйластық. «Толеранттылық» Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. Қабан жырау Асанұлы өсиет өлеңдерінде: -Бақыт қайда барасың? -Соғысқа құмар ойы жоқ, Ұлан-асыр тойы көп, Бейбіт елге барамын! -Бақыт қайда барасың? -Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын!-деп, өрелі жұртты өрге сүйрейтін негізгі құндылық бейбітшілік пен бірлік екенін еске салады. Бүгінгі таңда толеранттылық — қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидатына айналуда. «Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық. Ø Толеранттылық- жеке қасиет. Ø Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам. Ø Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам. Ø Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды. Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! | Әр топ алдына сөздер таратылады. Соның ішінен тауып тақтаға жапсырады. Бейнесюжетті тамашалайды. Тақырып жайлы ой қозғау. Аңыз жайында оқушылар пікір білідіреді. | https://www.youtube.com/watch?v=e6_Z5e9nLX0 Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Біз – біртұтас халықпыз! | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Оқушыларға сурет көрсетіледі. -Жалпы қандай құндылық түрлері бар еді? Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! деп сөйлеген сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды» деді. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Әлеуметтік жоба | Суреттен не байқадыңдар? Достық,татулық құндылығы жайлы ой пікір. Оқушылар әлеуметтік жоба құрастырады. | https://www.youtube.com/watch?v=NP3ZANBrL8 | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |